
Музей • 31 Мамыр, 2024
Көне жәдігерлердің көшпелі көрмесі
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде көне жәдігерлердің «Алаш аманаты» атты көшпелі көрмесін өткізді. Көрмеге Ертіс-Баян өңірінен шыққан алашордалықтарға қатысты тың деректер мен жәдігерлер қойылған.
Сауда • 30 Мамыр, 2024
Қазақ-қытай сауда қатынасының жаңа белесі
Қазақстан мен Қытай үкіметтері халықаралық автомобиль тасымалы көлемін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Еуропа бағытына арналған контейнерлік пойыздар тасымалын жетілдіруге білек сыбана кіріспек. Оған Мәжілістің кешегі жалпы отырысында қабылданған бір-бірімен біте-қайнасқан үш ілеспе заң мүмкіндік бермек.
Білім • 29 Мамыр, 2024
IQanat қамқорлығындағы ауыл балалары әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының жұлдыздарына айналады
Әйгілі «Каникулы OFF-line» франшизасының авторлары ең жақсы қазақстандық мектептердің бірі – IQanat мектебін бітіргеннен кейін өмірі күрт өзгеретін ауыл оқушысы туралы сериал түсіруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Басылым • 28 Мамыр, 2024
Әріптестік байланыс нығая түседі
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы қытайлық «Жэньминь Жибао» басылымының Қазақстан және Орталық Азиядағы тілшісі Ли Чияңды қабылдап, тараптар әріптестік, ақпараттық, мәдени байланыс орнату мәселелерін пысықтады.
Басылым • 25 Мамыр, 2024
Басқа басылымдардан: Әріптестік орнату ұсынылды
Сингапур мен Қазақстанның бірқатар компаниясына технология мен инновация, жаңартылған энергия көздері және биотехнология салаларында ынтымақтастық орнату ұсынылды.
Саясат • 25 Мамыр, 2024
Қазақстан - Сингапур: Серіктестік дамып келеді
Экватордың бойында жатқан Сингапур Республикасы – Астана қаласынан сәл ғана үлкен аралда орналасқан әрі мемлекет, әрі қала. Елдің аумағына негізгісінен бөлек тағы алпыстан астам арал кіреді. Осындай шағын ғана қала-мемлекет бүгінде әлемнің небір алпауыттарымен терезесі тең дәрежеде жан-жақты дамып келеді. Қазақстан мен Сингапур да отыз жылдан бері бірі Орталық, енді бірі Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде бір-біріне жетекші сауда және инвестициялық серіктес ретінде біраз жетістікке қол жеткізді.
Үкімет • 23 Мамыр, 2024
Дүниені бүлдіру оңай, бүтіндеу қиын
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында адам саудасы, ат спорты бағытындағы қазақы жылқы түрін сақтап қалу, экологиялық таза көлік түрлерінің қоғамдағы беделін арттыру, биржа саудасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті қолдау бойынша салықтық жеңілдіктер қарастыру, өзге де өзекті бірқатар заң жобасы талқыланып, тиісті шешімдері шығарылды.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында Тараз қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі» атты семинар өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Бәйгебаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерболат Байболат қатысып, басқосудың маңыздылығына тоқталды.
Саясат • 21 Мамыр, 2024
Қырғызстан және Пәкістан: Дипломаттар Астанада кездеседі
Бұған Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында болған жаппай тәртіпсіздік оқиғасы себеп болып отыр. Шетелдіктердің қатысуымен болған төбелес соңы жаппай наразылыққа ұласып, көбіне пәкістандық студенттер зардап шеккен еді.
Әлем • 21 Мамыр, 2024
Иран президентінің қайғылы қазасы
Жексенбі күні Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси елдің Шығыс Әзербайжан провинциясының таулы-орманды аумағында тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл жөнінде ирандық IRNA ақпарат агенттігі жария етті. Ал ресми Тегеран президент қазасын растаған мәлімдемені іздестіру жұмыстары толық аяқталған соң ғана жасады. Көп ұзамай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдап, осы елдің жоғары лидері Әли Хаменеи мен бірінші вице-президенті Мохаммад Мохберге және барша иран халқына көңіл айтты.