Бекзат ҚҰЛШАР
Бекзат ҚҰЛШАР«Egemen Qazaqstan»
680 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 24 Шілде, 2025

Төрт элементтің төркіні бір

ХІХ ғасырда Швециядағы шағын ғана Иттербю мекенінен бұрын-соңды кездеспеген ерекше төрт ми­не­­рал табылыпты. Содан соң ға­лым­­дар осы жерге құрмет ретінде аш­­қан жаңалықтарын сол жердің аты­­мен байланыстырып атаған екен.

Ғалам ғажаптары • 24 Шілде, 2025

Қызыл-сары қағаз қайдан шықты?

60-жылдардың соңына дейін футболда сары қағаз да, қызыл қағаз да болмаған. Төрешілер ескертуді дәптерге ғана жазып қоятын. Соның салдарынан халықаралық матчтардың соңы көбіне дау-дамаймен аяқталатын еді.

Digital • 23 Шілде, 2025

Анықтаманы онлайн аласыз

Енді Ұлттық ұлан қызметкерлері eGov.kz ­порталы арқылы жұмыс орнынан анық­таманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифр­лық қызмет небәрі бірнеше минут ішін­де ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтар­лықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді. Енді Ұлттық ұлан қызметкерлері eGov.kz ­порталы арқылы жұмыс орнынан анық­таманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифр­лық қызмет небәрі бірнеше минут ішін­де ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтар­лықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.

Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025

Жанашыр жүзік

АҚШ-та телефонға шектен тыс телміргендердің саусағын қысып қалатын сақина шықты.

Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025

Ең жылдам (самокат) скутер

Британдық «Bo» компаниясы әлемдегі ең жыл­дам электрскутерді та­ныс­­­­­­­тырды. Ол сағатына 160 ша­­­қы­­­рым жылдамдықпен жүйт­ки алады.

Ғалам ғажаптары • 23 Шілде, 2025

Жалдамалы әжелер

Жапонияда әжелерді жалға беру қыз­ме­ті трендке айналды. «OK Obaa­chan» деп аталатын бұл қызмет арқы­лы­ кез кел­ген адам каталогтан өзі қала­ған 60 пен 94 жас аралығындағы әже­ні таң­дап, оның әңгімесін, ақыл-кеңе­сін тың­дай алады.

Ғалам ғажаптары • 22 Шілде, 2025

54 жылға созылған марафон

1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиада ойындарында марафонға қатысқан спортшылардың бірі жапондық Сидзо Канакури аптап ыстыққа шыдай алмай, жарыс жолының жартысында есінен танып қалады.

Ғалам ғажаптары • 22 Шілде, 2025

Бапкері – бейнежазба

Расымен, «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда». Бұған дәлел – кениялық спортшы Джулиус Йего. Ол найза лақтыруды Youtube-тағы бейнежазбалар арқылы үйреніп, Олимпиада жүлдегері атанған.

Ғалам ғажаптары • 22 Шілде, 2025

Ақылды аю

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иран жерінде жүрген поляк сарбаздары кішкентай қонжық тауып алыпты. Олар оны асырап, Войтек деп атаған екен.

Әлем • 21 Шілде, 2025

Кездейсоқтық па әлде...

1962 жылы кеңестік жазушылар Аркадий мен Борис Стругацкийлер «Полдень, XXII век» атты ғылыми-фантастикалық повесін жарыққа шығарады. Бұл шығармада болашақтағы ғылым мен техниканың жетістіктері, адамзаттың жаңа даму сатысына көтерілуі кеңінен суреттеледі. Солардың бірі – Каспаро-Карпов жүйесі деп аталатын таңғаларлық технология. Бұл жүйе адамның миын «көшіріп», оның математикалық моделін жасау арқылы адам санасын зерттеуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика