Аймақтар • 03 Қаңтар, 2024
Жұрттың сенімі жақсы іске жетелейді
Жаңару жолындағы маңызды белестің бірі – аудан әкімдерін сайлау үрдісі. Өткен жылы Павлодар облысында үш ауданның әкімін халық өзі сайлады.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Әуелбек ауылының жұрты жаңа жыл мейрамында қуанышқа кенелді. Мұндағы дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.
Аймақтар • 02 Қаңтар, 2024
Мұралдың авторы – жасанды интеллект
Ақсудағы көпқабатты үйлердің бірінде энергетиктің муралы пайда болды. Мұралдың кейіпкерін ғаламтордағы жасанды интеллект шығарып берген.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
53 миллиондық мұз қалашығы еріп жатыр
Әлемдегі алып мұздықтар еріп жатқан заманда Павлодардың шенеуніктері мұздан қалашық тұрғызамыз деп әбігерге салынуы бекершілік болып шықты. Құрылысына 53 млн теңге бөлінген мұз кескіндері мен қыс бейнелері шаһар тұрғындарының көз алдында кәдімгідей еріп, көлшікке айналып жатыр. Өкінішке қарай, бұл есіл қаражаттың сұрауы да болмайтындай.
Архив • 27 Желтоқсан, 2023
Тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін мамандардың еселі еңбегін ел тани бастаған. Елдің өткенінен сыр шертетін ақпарат-деректерді іздеп тауып, шаң басқан сөрелерге көз майын тауысып тарихты қаттап жатқан архившілер қауымының арқасында қаншама ақтаңдақтарымыз танылып жатыр. Ақсудағы мемлекеттік архивте бұл тарапта аз шаруа атқарылмаған.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Керекудегі автожолдардың күтіміне жауапты мердігер компаниялар қысқы уақытқа сақадай саймыз деп отыр. Қараша айынан бері өңірде ақ ұлпа анда-санда ұшқындағаны болмаса, жолдарды бітеп тастайтын ақ түтек борандар әзірше тіркелмеді. Мамандар негізгі ылғал қаңтар мен ақпанда келеді деп болжайды. Сондықтан жолға қызмет көрсететін ұйымдарды нағыз сынақ алда күтіп тұрған-сынды.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2023
Ақтоғай ауданындағы ауыл мектептерінің оқушылары қыстың суығында тоңып отыр. Білім ұйымдарына көмір жеткізуді міндеттенген мердігер компания отын қорын жеткілікті қамтымаған. Оның үстіне қазандықтарда сапасыз көмір жағылып, жылу параметрлері 50-55 градустан аспай тұр. Мұндай келеңсіздік бірнеше ауылдық клуб пен аудан орталығындағы қос мемлекеттік мекемеде де қалыптасқан.
Табиғат • 20 Желтоқсан, 2023
Айрықша қорғалатын өсімдіктер сиреп барады
Еліміздің солтүстік-шығыс өңірінде жайқалған жалқарағай ормандарының ерекшелігі жайында бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Қарағай ормандарында «Қызыл кітапқа» енетін 7 өсімдік түрі, орман сусары және жергілікті құстардың 50 түрі бар. Өкінішке қарай, бұл иен байлық орман өртінің жиілеуімен сирей түскен.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2023
1986 жыл. Желтоқсанның ызғарында алаңға әділдік іздеп шығып, кеңес билігінің тепкісін көрген өрімдей бозбалалар мен бойжеткендердің ерлігі бүгінгі жас ұрпаққа аңыз болып айтылып жүргені хақ. Азаттықты жақындата түсуге сеп болған Желтоқсан көтерілісінде керекулік Сая Торбаева да аз теперіш көрмеді.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2023
Арқаға келіп жеткен алғашқы аязда Екібастұздың жылу-энергиясы орталығы тағы сыр берді. Стансаның су жылыту агрегаттарындағы күлді шаюға арналған су құбырына зақым келіп, екінші цехтағы багер сорғысы су астында қалған. Салдарынан жылу параметрлері төмендеп, шаһар халқы үйлерінің салқындап кеткеніне шағымданды.