Мәселе • 27 Қыркүйек, 2024
Өңір билігінің қазіргі уайымы – тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке үйлерді жылытуға алдағы қысқа 326 мың тонна отын қажет. Көмірмен қамтуға қатысты барлық өңір бірдей белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Мәселен, Ақсу қаласының теміржол тұйығында көмір табылмай тұр.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024
Павлодарда «Алтын сақа» қосымша білім орталығы ашылды. Жалпы саны 18 мың баланы қамтуға арналған ұйымда IT-студия, роботтехника үйірмелері, шығармашылық, спорттық және музыкалық бағыттағы секциялар жұмыс істейді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2024
Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінде қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімұлының жеке заттары қойылған кабинет ашылды. Онда актердің киген шапаны, шахмат тақтасы, үстел үсті жиынтықтары және өзге де пайдаланған жеке заттары, фотосуреттері қойылған.
Театр • 24 Қыркүйек, 2024
Театр тарландары – Ертіс-Баян өңірінде
Павлодарда «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр. Өнер додасы 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Онда алғашқы іріктеуден өткен 11 театр өз қойылымдарын көрсетеді.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2024
Павлодарда жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Жайлы пәтерлерге жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал отбасылар санатындағы азаматтар қоныстанды. Бүгінде әлеуметтік тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам павлодарлық тұр.
Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2024
Ертіс-Баян өңірінің диқандарына биылғы күз берекелі болып тұр. Қыркүйектің жаңбырлы күндері жиі айналып соққанына қарамастан, егіс алқаптарындағы орақ жұмыстары қызу жалғасып жатыр. Гектар басынан жиналып жатқан дәнді дақылдардың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жуық жоғары.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2024
Ертіс-Баян өңіріндегі тұрақтандыру қоры өңір тұрғындарының алдағы қысқа қажетсінетін азық-түлік өнімдерін қамдауға кірісті. Қазіргі уақытта қор қоймаларында 13,8 мың тонна азық өнімдері сақталып тұр.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024
Бес бірдей құрылыс компаниясы сан соғып қалды
Павлодарлық құрылыс компаниялары алаяқ фирманың қитұрқы әрекетінен миллиондаған шығынға ұшырап отыр. Аралық мердігерден құрылыс және жөндеу жобаларын қабылдап алған жергілікті кәсіпорындар атқарған жұмыстары үшін тиесілі төлемдерін ала алмай, сан соғып қалды. Мәселеге қазір прокуратура органдары араласып жатыр.
«Таза Қазақстан» • 10 Қыркүйек, 2024
Павлодар қаласында қоқысты сұрыптайтын зауыт құрылысы қолға алына бастады. Жобаға сәйкес кәсіпорын тұрмыстық қатты қалдықтар төгілетін полигонда орналасады.
Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024
Біз – әкенің қабағына байланып өскен ұрпақтың өкіліміз. Әкенің қабағы өзгеріп бара жатса, белбеуді тартып, жинала бастайтынбыз. Бұл бізді ер-азамат ретінде жеке жауапкершілікке, отбасы ішіндегі сыйластыққа үйретті. Бала өр мінезді, асқақ рухты, намысты болып ер жетсе, әке діңгегінің мықты болғаны.