Әскер • Кеше

Павлодар өңірінде 500 ер адам әскерден жалтарып жүр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскерге шақыру комиссиясы оларға іздеу жариялаған. Жалтарған ер азаматтардың жартысына жуығы облыс орталығында тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар өңірінде 500 ер адам әскерден жалтарып жүр

Биыл күзде Ертіс-Баян өңірінен 550 жігіт әскерге алынуы керек. Өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мамандары әскерге шақырылушы комиссиядан өтуге келмесе, SMS қайталай жіберілетінін айтады. Ал одан нәтиже шықпаса, полиция департаментіне беріледі.

– Қазіргі күні шамамен 500-дей адам әскерге барудан жалтарып жүрген болып есептеледі. Олардың 213-і Павлодар қаласынан. 2024 жылдан бастап біздің департамент шақырылушыларды комиссияға алып келумен айналыспайды. Бұл құзырет полиция органдарына берілген, – дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Бекзат Оразов.

Әскери борышын өтеуден қасақана қашқандар Қылмыстық кодекстің 387-бабына сәйкес жазаланады. Әскерге барудан мүлдем бас тартқандарға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады.

Павлодар облысы