Ауа райы • Кеше

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?

1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің 17 облысы мен Астана қаласында ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты ескерту жарияланды. Көптеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар бірқатар облыста аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?

Астана қаласында кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Ақмола облысында ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында аптап ыстық сақталады. Кей өңірлерде температура +40°С-қа дейін жетеді. Бұл облыстарда өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан және Жамбыл облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, желдің екпіні күшейеді.

Павлодар, Батыс Қазақстан және басқа да облыстарда төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырады.

Соңғы жаңалықтар