Театр • 01 Тамыз, 2025
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры V театр маусымын М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен жапты.
Үкімет • 31 Шілде, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысында Мемлекет басшысының өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысымен танысты. Сапар аясында еліміздің оңтүстік-шығысындағы маңызды стратегиялық жобалардың бірі – Алатау қаласын салу жоспарына баса мән берілді.
Өнер • 25 Шілде, 2025
Белгісіз маршруттың жолаушылары
Өнердің тілі – ұлы тіл. Бір ұлттың кеңсірігіндегі өгей өксігін, заманаға айтар зар запыранын, келешек ұрпаққа тілер арзу арманын кеңес заманынан қалған көне автобустың ішіндегі жолаушылардың аузымен ақтара төгу әсте мүмкін бе? Қырғыздың аса талантты режиссері Темір Бірназаровтың «Белгісіз маршрут» фильмін көргенде өнер тілінің ұлылығын мойындап қана қоймай, «біз осындай туындыны неге түсіре алмаймыз?» деген сұрақ ішімізде қызғаныштың қызыл иті болып бас көтерді.
Заң мен Тәртіп • 23 Шілде, 2025
Конституциялық бақылау жүйесіндегі өзгерістер
Биыл тәуелсіз еліміздің Ата заңы қабылданғанына 30 жыл толады. Конституциямыз осы отыз жыл бедерінде түрлі сыннан сүрінбей өтіп, ел тағдырын айқындап, мемлекеттілігімізді бекемдеп, кемелденген қоғамның темірқазығына айнала білді. Біз бүгін заң үстемдігін арқау еткен Әділетті Қазақстан құру мақсатында саяси реформалар жасап жатырмыз. Бұл орайда Конституциялық бақылау жүйесінде қандай өзгерістер бар?
Тарих • 18 Шілде, 2025
Кеңес Одағының батыры атанған «Халық жауының» баласы
Редакцияның телефоны безек қағып, тұтқаның арғы жағынан әжейдің үні естілді. Дауыс ырғағынан аналық мейірім еседі. «Бақтығали Бейсеновті танитын ба едің, қарғам?» деп бастады сөзін Роза әжей. Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі, Алашорданың қайраткері болған тұлғаны аздап білетінімді айта бастап едім, «Мен – сол алашордашы Бақтығалидың қызымын. Үйге келсең, сендерге айтар әңгімем бар еді» деді төте өтінішке аунап түсіп. Асылдың сынығының айтарын тыңдамаққа атқа қондық.
Саясат • 11 Шілде, 2025
Әділет органдарының жұмысында өзгеріс көп
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет органдары жұмысының нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара аясында Әділет министрлігінің жарты жылда атқарған жұмысы баяндалды.
Әдебиет • 11 Шілде, 2025
Бөтен бетті иемденген «жаңа бейне»
«Бет көрсе, жүз ұялады» дейміз. Алақандай сол бетіңді мың өзгертіп, жүректей жүзіңді жүз құбылтсаң, шын кескін-келбетің қайда қалмақ? Айналаға жақсы аттанып, бергі жағыңнан әділетсүйгіш, шыншыл, отаншыл, патриот, жүзіңнің арғы қатпарында қарақан басыңның күйін күйттегіш біреу тұрса ше? Осы бір жалқының қалпы жалпы қоғамдық мінезге айналса не болмақ?
Заң мен Тәртіп • 04 Шілде, 2025
Әскери борыштың заңдық негіздері
Отан алдындағы әскери борышты өтеу – ер жігіттің парызы. Бүгінгі таңда осы парыздан жалтарып, әскерге барудан қашатын азаматтар аз емес. Соның салдарынан жастарды көшеден ұстап әкететін жағдайлар көбейді. Әскери міндетке жігіттерді еркінен тыс ұстап әкету қаншалықты заңды?
Заң мен Тәртіп • 04 Шілде, 2025
Жоғарғы соттың жарты жылдағы жұмысы
Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот органының кеңейтілген отырысын өткізіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады. Іс-шараға Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов қатысты.
Заң мен Тәртіп • 03 Шілде, 2025
Кассациялық соттар жұмысы басталды
1 шілдеден бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғары Сот кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов мәлімдеді.