Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
117 материал табылды

Басылым • 31 Қаңтар, 2026

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Қазақ публицистикасында дара қолтаңбасымен танылған белгілі қаламгер Шархан Қазығұлдың «Сегізінші нота» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жуырда оқырман қолына тиген бұл еңбек – автордың тұлғатану бағытындағы ұзақ жылғы шығармашылық ізденісінің нәтижесі.

Әдебиет • 30 Қаңтар, 2026

Құла түздегі жалғыздық

Белгілі қаламгер Дәурен Қуаттың «Мысық пен Маруся» атты шағын әңгімесі бар. Бала-шағасы қарамай тастап кеткен орыс кемпірдің аянышты тағдырын өзек еткен осы бір туынды бір кездері туған жерінен тамырын үзіп, жат өлкеге «ту тіккендердің» ішкі шерін толғайды.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2026

Бекзат болмысы құрметке лайық

Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты, жазушы Әлібек Асқардың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Әлібек Асқардың шығар­машылығындағы Алтай бейнесі және адам тағдыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Кино • 23 Қаңтар, 2026

Кадрдағы елеусіз қарсылық

Бүгінде Шәкен Аймановтың «Тақиялы періштесін» көрмеген жан жоқ шығар. Өткенде осы фильмді қайыра қарап шығып, әлі ешкім мән бере қоймаған бір кадрды байқап қалдық. Режиссердің атан түйеге жүк боларлық жалқы ауыз сөзді цензураның өткір қайшысына іліктірмей у мен шудың арасына сыналай қосып жіберген шеберлігіне тәнті болдық.

Басылым • 13 Қаңтар, 2026

Толқынды күткен бала болмысы

Белгілі қаламгер, «Egemen Qazaqstan» газеті интернет редакциясының жетекшісі Абай Аймағамбеттің «Толқынды күткен бала» атты романы оқырманға жол тартты.

Руханият • 13 Қаңтар, 2026

Жыраудың елі туралы Дехоти не жазды?

1946 жылы Тәжікстанның «Нашриети Давлатии Точикистон» баспасы XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл жыраудың жыр жинағын жарыққа шығарған. Сол жинаққа тәжіктің белгілі қаламгері Абдусалом Дехотидің «Дар диери Чамбул» («Жамбыл елінде») атты жолсапар очеркі де еніпті. Бүгінгі әңгімеміз қазақ жеріне қонаққа келген тәжік қаламгерінің осы жазбасы хақында болмақ.

Әдебиет • 07 Қаңтар, 2026

Сөзге салынған шынжыр кісен

«Жұлдыз» журналының алпысыншы жылдардағы архивін ақтарып отырып Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының алғашқы нұсқасына кезіктім. «Бірінші дәптер» деп айдарланған сол нұсқада басты кейіпкер Еркін «халық жауының» баласы болып суреттеліпті.

Тағзым • 31 Желтоқсан, 2025

«Керуендей бұ дүниеге аз күн қонып...»

Қазақта «қазаға сабыр жолдас» деген тәмсіл сөз бар. 2025 жыл алаш руханияты тау тұл­ғаларынан айрылып, қабырға қайыстырған сан қайғыға сабыр етуге мәжбүр болды. Жылыстап өте шыққан жылан жылында біз қандай алыптардан көз жазып қалдық?

Руханият • 31 Желтоқсан, 2025

Манасты қазақша жырлаған

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ақын, жазушы, драматург, жыршы-жырау Баянғали Әлім­жановтың «Айкөлдің жолы» кітабының таныстырылымы өтті.

Тағзым • 30 Желтоқсан, 2025

Қожа бейнесін сомдаған Нұрлан Сегізбаевтың ақтық сапары мен аманаты

«Менің атым – Қожа» фильмінде басты рөлімен көпке танымал актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, қаламгер, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарұлы бақиға озды. Ол соңғы хатында ел газеті «Egemen Qazaqstan»-ға мақала жариялағысы келгенін айтыпты.

Яндекс.Метрика