Руханият • Кеше

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Ұлттық орталық музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Іс-шара аясында Жа­зушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, жазушы Сәуле Досжан, ақын Бақытжан Тобаяқов, балалар жазушысы Қанат Қайым сынды қаламгерлер сөз сөйлеп, жаңа кітаптың оқырманы көп болуын тіледі.

Сондай-ақ тұсаукесер барысында отбасы құнды­лық­тарын дәріп­теу, ұлт­тық әдебиет пен мәдениет­ке деген сүйіс­пен­ші­лікті арттыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру сынды мәселелер қозғалды. Мәселен,  Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD Е.Қуатбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты А.Бек­тұрсын жазушының шығармашылығы жөнінде баяндама жасап, Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» туындысы адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалауға үйрететінін тілге тиек етті.

Тұсаукесерге келген қо­нақ­тар қаламгердің  «Мо­ма­қан қыз» шығарма­сы­­­ның оқиғасы тартымды, тілі жеңіл екенін, жазушы жас қыздың мінезі, тәрбиесі, өмірге көзқарасы арқылы адамгершілік пен қарапайымдылықты наси­хат­­тағысы келетіні туралы ойларын ортаға салды. 

Сонымен қатар Жүсіп­бек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледж студенттері арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көңілді кештің шырайын келтірді.

Соңғы жаңалықтар