Тұлға • 28 Мамыр, 2025
Екі мыңыншы жылдардан кейін әдебиетке келген буынға шынайы болмысымен, ақеділ пейілімен жанашыр болған Дидағам, қазақтың қарымды қаламгері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дидахмет Әшімханұлы туралы бір естелік жазуды көптен бері ойлап жүрген едім. Бірақ алаш жұртының әдебиеті мен журналистикасында өшпес із қалдырған қаламгер хақында жазуға отырғанымда түрлі ойлар жан-жақтан қаумалап, оның бәрін қағазға ақтара төгудің әсте мүмкін еместігін білгенде ішімде бір өкініш аунап түскендей болды.
Саясат • 24 Мамыр, 2025
Кадрлық резерв – жастар үшін мол мүмкіндік
Кеше Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Заң мен Тәртіп • 20 Мамыр, 2025
Отбасы мәселесі заңмен реттеле ме?
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше заңға қол қойды. Президенттің зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату бастамасы қоғам тарапынан қызу қолдау тапты. Бұл мәселе Парламент палаталары отырыстарында, Ұлттық құрылтай мінберінде, басқа да алқалы жиындарда жан-жақты талқыланып, отбасылық мәселелерді шешуге қатысты кешенді ой-пікірлер әлі де айтылып жатыр.
Театр • 13 Мамыр, 2025
Астана қаласындағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірін өзек еткен «Ар адамы. Бауыржан» атты деректі драманың премьерасы өтті.
Архив • 09 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен 1,2 миллион жауынгер аттанған. Оның 630 мыңы майдан даласында шейіт кетіп, 271 мың сарбаз із-түзсіз жоғалды. Кейінгі жылдарда «Атамның аманаты» атты ұйым адамзат баласының басына нәубет төндірген сол сұм соғыстың ақтаңдақ беттерін аршып, 4 мыңға жуық боздақтың мәліметін жарыққа шығарды. Ең қызығы сол, ұйым еріктілері осы бір елдік істі ақысыз атқарып жүр.
Құқық • 19 Сәуір, 2025
Қоғам дерті: тұрмыстық зорлық-зомбылық
Елімізде отбасылық саясатты жүргізу, ана, әке және балаларды түрлі сын-қатерлерден қорғау, азаматтардың физикалық, интеллектуалдық, рухани тұрғыда дамуына ықпал ететін жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, кейінгі жылдары Президент бастамасымен бұл саладағы жауапкершілік күшейтіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған 50-ден аса құқықтық акті қабылданды.
Құқық • 17 Сәуір, 2025
Авторлық меншік құқын қайтсек сақтаймыз?
Интернет дамып, әлеуметтік желілер қанатын кеңге жайғалы ақпарат ағыны жеделдеді. Бүгінгі таңда кез келген туынды, өлең-жыр, әңгіме, хикаят, ән, сурет, мақала, ғылыми еңбек, т.б құндылықтар интернет тораптары арқылы оңай таралады. Әлеуметтік желілерді кезіп жүрген сол шығармалардың артында қаншама автордың ой еңбегі, алтын уақыты, білігі мен білімі жатқаны анық. Бірақ көп жағдайда авторлардың меншік құқығы ескерілмейді. Бұл олқылықтың орнын қалай толтырамыз?
Тұлға • 11 Сәуір, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математика саласынан тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Ермеков айдауда кетіп бара жатып ұзын бойлы бозбаламен ұшырасып қалып, әйеліне хат беріп жіберген екен. Әлімхан дәл сол сәтте әлгі бейтаныс жігіттің болашақта Қазақстанды ұзақ жылдар бойы басқаратынын білмеген-ді.
Құрылтай • 04 Сәуір, 2025
Шекара маңындағы аудандарды дамыту – уақыт талабы
Шекара шебіндегі ауылдардың дамуы – стратегиялық тұрғыда еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылығының кепілі. Сол тұрақтылықты сақтап, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, көші-қон мәселелерін шешуге, көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға тиіспіз.
Өшпес даңқ • 03 Сәуір, 2025
Тылдағы майдан – «Егемен» архивінде
Екінші дүниежүзілік соғыстағы батырларымыздың көзсіз ерлігі туралы аз жазылған жоқ. Сөйтсе де төрт жылға созылған қан майданда жеңіске жетуімізге тылда қалған халықтың қандай еңбек сіңіргенін біз ылғи да ұмыт қалдырамыз. «Egemen Qazaqstan» (сол кездегі «Социалистік Қазақстан») газетінің 1941–1945 жылдар аралығындағы архивін ақтарып отырсаңыз, сол бір сұрапыл жылдардың тауқыметті келбеті көз алдыңызға келеді. Қара жұмысқа жегілген қарттар, балалық балғын шағын еңбекке айырбастаған жеткіншектер мен ауыр тіршіліктің жалына жармасқан аналардың маңдай тері жаныңызды жауратады.