Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
153 материал табылды

Сұхбат • Бүгін, 10:00

Ақыш ОМАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Актерді классикалық шығарма шыңдайды

Қазан айында елордадағы Қаллеки театрында Ақыш Қоңыртайұлының мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті. Сонда сахна саңлақтары белгілі актердің өнердегі табысы, ұстаздық қызметі, азаматтық келбеті жайын­да ағынан ақтарылып сөйледі. Айталық, өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази: «Ақыш жауапкершіліктің ұшар басында жүретін, сөзі мен ісі біріккен, таза жігіт. Талантты актер, білімдар ұстаз, кісілігінің төрт құбыласы түгел азамат» десе, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов: «Ақыштың тағы бір жақсы қасиеті – ол өзін-өзі дәріптеуден, насихаттаудан мүлде аулақ. Әйтпесе оның кез келген рөлі туралы үлкен мақала жазуға болар еді. Бірақ ол ешқашан өз-өзін мақтатпайды. Бұл қасиеті оның бүгінгі көптеген «жұлдызсымақтан» ерекшелеп тұрады», деп жылы лебіздерін білдірді. Шынында, танымал тұлғаның бойынан бір бекзаттықты байқайсыз. Ұстамды. Байыпты. Асып-тасығанын көрмейсіз. Үнемі бірқалыпта жүреді. Өнерде тындырғаны да көп. Біз бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының белді актері, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Ақыш Омармен өмір жолы мен бүгінгі театр өнері жайында әңгімелестік.

Қоғам • Кеше

Әйгерімнің дебюті

Әлемге әйгілі Ла Скала театрында «Астана Опера»-ның жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Алтынбек дебют жасады. Әнші италиялық композитор Сильвия Коласантидің «Анна А.» жаңа операсында екі партияны орындады.

Басылым • 04 Желтоқсан, 2025

Ел мұңын жазған шығарма

Белгілі қаламгер, «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүлеймен Мәметтің «Қазақтың қақысы» атты жаңа жинағы жарық көрді. Кітапқа автордың кейінгі жазылған эсселері мен мақалалары, ой-толғамдары және сыр-сұхбаттары енген.

Білім • 29 Қараша, 2025

Мамандар біліктілігін шыңдаған байқау

Таяуда Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінде «Chocolatine Kazakhstan-2025» атты халықаралық байқауы өтті. Оған еліміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Наубайхана ісі» мамандығының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен де үміткерлер келіп қатысты.

Білім • 27 Қараша, 2025

КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері: Атом саласының ардагері туралы не білеміз?

Бүгінгі кейіпкеріміздің есімін жұртшылық біле қоймайды. Оған өзі де құштар адам емес. Өте қарапайым. Мінезі біртоға. Көп ашылмайды. Бірақ бірегей маман иесі. Атом саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған санаулы қазақ­тың бірі. Мүмкін, алғашқысы. Аты-жөні – Манас Мамырұлы Сатанов.

Руханият • 26 Қараша, 2025

Қоңыр дауысы құлағымнан кетпейді

Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының өлеңдерін бала күнімнен құмартып оқыдым. Алайда айтулы тұлғаны ал­ғаш жүзбе-жүз бұрынғы Президент мәдениет орталығынан көр­дім. Онда мен «Мәдени мұра» журналында істеймін. Ол кісі де сонда қызмет атқарды. Кабинетіміз қатар орналасқан. Күнде сәлем беремін. Мінезі ашық, алды кең адам. Кейде бөл­ме­сіне ша­қырып, әңгімеге тартады. Жаңа өлеңдерін оқиды. Кейін С.Сейфуллин музейіне директор болып барды. Сонда қарама­ғын­да істедім. Осы жылдары ағалы-інілідей өте жақын араластым.

Руханият • 22 Қараша, 2025

Ең құрметті журналист

Биыл белгілі қаламгер, филолог-ғалым, ұлт қайраткері Сапабек Әсіптің туғанына 100 жыл толды. Қарт көсемсөзші бар саналы ғұмырында Алаш ардақтылары ұс­танған ұлт мүддесін мұрат тұтты. Осы жолда күрескерлік мақсатынан таймады.

Қоғам • 20 Қараша, 2025

Ән әлемінің Әбілахаты

Биыл көрнекті композитор Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада айтулы тұлғаның ғасырлық мерейтойына арналған музыкалық кеш өтті.

Руханият • 15 Қараша, 2025

Фольклортану дарабозы

Биыл аса көрнекті фольклортанушы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасовтың туғанына 85 жыл толды. Осыған орай Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Фольклортану мен әдебиеттану ғылымы: өзекті мәселелер мен жаңа парадигмалар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Жиынға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымның шәкірттері, әріптестері және шетелден келген қонақтар қатысты.

Көрме • 14 Қараша, 2025

Іргелі ұйым шежіресі

Астанадағы Президенттік орталықта Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фото­көрме ашылды. Іс-шараның ашылуына мемле­кеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкіл­дері қатысты.