Таным • 19 Сәуір, 2024
«Жүрген аяққа жөргем ілігеді» деген тәмсіл журналистерге арнап айтылған секілді. Журналист үшін көп көргеннен, көп түйгеннен артық не бар. Қоржының молаяды. Басқа елден алған әсеріңді өз еліңмен іштей салыстырасың. Олардың бізден артықшылығы мен кемшілігі қайсы, соны байқайсың. Халықтың тұрмысын көріп, әл-ауқатын бағамдайсың. Қысқасы, Корея сапарынан осындай ой түйдік. Біз онда толық бір апта болдық. Осы аралықта ел астанасы Сеулде ғана емес, Пусан, Тэджон, Сувон, Ульсан секілді іргелі қалаларын араладық. Бұл шаһарларда елдің маңдайалды университеттері мен ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған.
Тұлға • 14 Сәуір, 2024
12 сәуір – Ғарыш пен ғылым күні. Сондай-ақ халқымыздың даңқты перзенті, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Биыл аса көрнекті ғалымның туғанына 125 жыл толды. Осы айтулы тойдың басы елордадағы біртуар тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және ғалымның туған жерінен келген делегация мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Мазмұнды іс-шараның ойдағыдай өтуіне елорда әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы қолдау көрсетті.
Таным • 09 Сәуір, 2024
Ел көрген, жер көрген қандай жақсы. Ерекше әсер аласың. Жаңа бір әлем ашқандай боласың. Жуырда ғылымы мен білімі, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дамыған Оңтүстік Кореяға жолымыз түскенде сондай сезімді бастан кештік. Жалпы, бұл елге көктем мен күзде барған дұрыс деп айтады. Өйткені наурыздың соңынан бастап сакура гүлдесе, күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, төңірек алтын түске боялады. Біз көкөрім көктемде барғаннан кейін бе, Корея жерге жасыл кілем төсеп тастағандай айрықша құлпырып тұрды. Бүршік жарған ағаштар мен гүлдердің хош иісі мұрын жарды.
Ғылым • 02 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, кейінгі он жылда технология мен өнеркәсіптің дамуымен бірге автокөліктің көбеюінен ауаға тарайтын зиянды металдар мен улы газдардың шығарындылары ұлғайған. Мәселен, жылу электр стансалары мен автомобильге қолданатын жанар-жағармайдан бөлінетін азот монооксиді (NO) иіссіз болғандықтан, адамдар оны сезбейді. Былтыр Астана мен Алматыда ресми мәлімет бойынша ауаға тараған түтіннің деңгейі нормадан 15 есеге дейін асқан.
Ғылым • 05 Наурыз, 2024
Бие сүті – антибиотикке жәрдемші
Бабаларымыз төрт түліктің төресі туралы «жесең – ет, мінсең – көлік, ішсең – сусын» деп қалай тауып айтқан, ә! Әсіресе бие сүті емге – шипа, дертке – дауа. Халқымыз оның емдік қасиетін бұрыннан білгенімен, ғалымдар оған жасушалық деңгейде зерттеуді енді бастады. Бұл Nazarbayev University National Laboratory Astana зертханасында алғаш рет жүргізіліп отыр. Аталған зертханада ғалымдар жасушаішілік инфекцияларды емдеуге антибиотиктерді жеткізу әдісін әзірлеуді қолға алды. Бұл жоба туралы бізге зертхананың аға ғылыми қызметкері Шыңғыс Серғазы әңгімеледі.
Сұхбат • 29 Ақпан, 2024
Абзал Мұхитдин, дирижер: Классикалық музыканы тыңдауға дайындық керек
Елордалық басылымда жүргенде «Астана Опера» театрының айтулы дирижері, белгілі музыкант Абзал ағамыз туралы жазып едім. Содан бері де сырғып біраз жыл өтті. Бірақ ол кісі соны ұмытпапты. Көргенде жылы шырай танытып, ілтипат көрсетті. Осы жақындық бүгінгі әңгімемізге себеп болып, бірден шүйіркелесіп кеттік.
Ғылым • 23 Ақпан, 2024
Nazarbayev University Жаратылыстану әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Даниэле Малафарина мен оның Катаниядағы (Италия) Ұлттық астрофизика институтының (INAF) обсерваториясындағы әріптестері гравитациялық құлдырау және cингулярлықсыз «қара құрдымның» пайда болуын зерттеп жатыр. Олар өздерінің жаңа теориясын ғалымдар Марков пен Мұхановтың идеясына сүйеніп жасады.
Экология • 21 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп, жасанды интеллект негізінде «электронды мұрын» жасауды қолға алды. Бұл көп функциялық құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау секілді түрлі салада қолдануға болады. Бір сөзбен айтқанда, отандық ғалымдар «электронды мұрын» желісін құрып, қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр.
Тұлға • 13 Ақпан, 2024
Өткен ғасырдың 70-жылдары әдебиетке буырқанған теңіз толқынындай талантты буын келді. Солардың қатарында таңғы шықтай мөлдіреген лирикалық әңгімелерімен оқырманды елең еткізген бір жас жазушы болды. Ол – Захардин Қыстаубаев. Оның алғашқы шығармаларын жұртшылық қана емес, сыншылар да жылы қабылдады. Біраз жыл аудандық газеттен бастап, қалалық, республикалық басылымға басшылық еткен қаламгердің бүгінге дейін онға жуық прозалық, публицистикалық кітабы жарық көрді. Бірақ кейінгі жылдары оқырман оның әдеби туындыларынан көз жазып қалған секілді. Оның түрлі себебі болуы мүмкін. Соның сырын білгіміз келіп, жазушының өзіне хабарласып, «Не жазып жүрсіз?» деген сауалымызды қойдық.
Көрме • 08 Ақпан, 2024
Астанада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты апталығы басталды. Апталықтың алғашқы іс-шарасы «Каллиграфия» көрмесімен ашылды.