Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
93 материал табылды

Сұхбат • 27 Желтоқсан, 2023

Бақыт Қайырбеков: Менің бақытым – әкемнің тәлімі

Өмірі де, өнері де аңызға айналған тұлғалар болады. Сондай айбоз ардақтының бірі – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафу Қайырбеков. Көркемсөз өнерінің қай жанрына болсын қалам тартып, толымды, шұрайлы шығармалар берген біртуар суреткердің артында мол мұра қалды. Оның бәрі әдебиетіміздің асыл қазынасына айналды. Біз бүгін қабырғалы қаламгердің баласы, белгілі ақын, аудармашы, режиссер Бақыт Қайырбековпен әкесінің жұртшылыққа беймәлім қыры мен сыры туралы әңгімелестік.

Тұлға • 26 Желтоқсан, 2023

Дарабоз диктор

Биыл Қазақ телевизиясының құрыл­ғанына 65 жыл толды. Осы аралықта қазақ дикторларының ұлттық мектебі қалып­тасты. Мәселен, тұңғыш диктор Зұлқия Жұматовадан бастап Ләзиза Аймашева, Орынбала Оразбаева, Ләскер Сейітов, Мариам Айымбетова, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтебаев секілді аға-апаларымыз аталған мектептің қалыптасуына зор үлес қосты. Бала күнімізде бұл дикторлардың шет жағасын теледидардан біз де көрдік. Дауыстары қандай әсем, тұнық еді. Осы айтулы тұлғалардың ізін басып, өз ма­ман­дығының мерейін асырған дарабоз дик­тордың бірі – Әбдірәлі Бөлебай.

Қоғам • 24 Желтоқсан, 2023

Тас дәуірін сөйлеткен

Ұлттық музейде белгілі археолог, академик, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Жәкен Таймағамбетовтің 70 жасқа толуына орай «Ж.Тай­мағамбетов және Еуразия палеолитінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Зерде • 19 Желтоқсан, 2023

Қайсар қаламгер

Біз не деген жаны сір халықпыз! Отаршылдық қамытын киген басқа кезеңді айтпағанда, кешегі XX ғасырдың өзінде қазақтың басынан не өтпеді: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы кеңес өкіметінің орнауы, 1927-1928 жылдардағы зорлап жүргізген ұжымдастыру, 1930-1933 жылдардағы талай жанды жалмаған алапат аштық, 1937-1938 жылдардағы ұлтымыздың сүт бетіне шыққан қаймақтарын сыпырып әкеткен репрессия, 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс, 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны – осының бәрі халқымызға оңай тиген жоқ. Талай мәрте жіліншігіміз үзіле жаздап барып, аңыздағы феникс құс секілді өз күлімізден жаралып, дүр сілкіндік. Осындай тар құрсаулы кеңестік қоғамның 80-жылдардың соңына қарай жетпіс жылға жуық тоң болып қатқан көбесі сөгілді. Жариялылықтың желі оңынан соқты. Ұлт рухы оянды. Алдымыздан самаладай жарқырап ақ күн туып келе жатты. Тәуелсіздіктің жылы лебі сезілді. Әсіресе отызыншы жылдары жазықсыз жаланың құрбаны болған ел ардақтыларын ақтау қолға алынды. Комиссия құрылды. Енді сол ұлт қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мерзімді баспасөзде мақалалар, естеліктер жариялана бастады. Тарихымыздағы ақтаңдақ болып қалған осы тақырыпқа алғаш қалам тербеген журналистің бірі – Армиял Тасымбеков.

Тағзым • 06 Желтоқсан, 2023

Мұқан Төлебаев мұрагерлері

«Астана Опера» театрының Үлкен залында аса көрнекті композитор, дирижер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған « Ұлы Мұқаңа мұрагерлерінен тағзым» атты концерт өтті. Музыкалық кешті Қазақстан композиторлар одағы ұйымдастырды.

Тағзым • 05 Желтоқсан, 2023

Академик Рахманқұл Бердібай биігі

Ұлттық академиялық кітапханада көр­некті фольклортанушы, академик, қоғам қайраткері Рахманқұл Бердібайдың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Ұлтын ұлықтаған ғұлама» атты ғылыми жиын өтті.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023

Жанкештілік

Әдебиетке зор дайындықпен келіп, 11 роман, 22 хикаят, 100-ден аса әңгіме секілді мол мұра қалдырған қабырғалы қаламгер Дүкенбай Досжанның шығармаларын оқығанда оның үш ерекшелігі бар екенін байқадық. Біріншісі – бұрын әдебиетте сирек көтерілген құм тағдыры, кісінің еңсесін езіп, иығын басқан ауыр бейнеті сөз болады. Екіншісі – табиғат пен адам мінезінің экологиясы – адам жан дүниесінің табиғи ортамен қосыла жұтауы, табиғаттан бірте-бірте кіндігі ажырап бара жатқаны егіз өріледі. Үшіншісі – жиі қалам тартылмаған мистикалық сарынға, магиялық меңзеуге еркін бойлап, ой мен оқиғаның көркемдік тінін тауып, философия­дан өрмек тоқиды.

Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2023

Ұлт фотоөнерінің қазынасы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультетінде « Қазақ фотошежірешілері III: тарих, дерек, өнер» атты фотоэнциклопедияның таныстырылымы өтті. Мазмұнды іс-шараны «Фотоөнер» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жоғарыда аталған университеттің Журналистика және саясаттану факультеті ұйымдастырды.

Қоғам • 30 Қараша, 2023

Аудармашының ғұмырнамалық жинағы

Ұлттық академиялық кітапханада «Қытайша-қазақша үлкен сөздікті» құрастырушы, ғалым, тіл маманы, аудармашы Найманғазы Сапанұлының «Ауылдан алыс сол жолдар» атты ғұмырнамалық эссе кітабының тұсаукесері өтті.

Қоғам • 29 Қараша, 2023

Қоғамның көркем шындығы

Кейде оқырмандар тарапынан: «Жазушылар бүгінгі өмірдегі көріністерді, қоғамдағы құбылыстарды, жазғаннан гөрі өткен тарихи тұлғалар, оқиғалар туралы көбірек қалам тербейді», деген пікірді естиміз. Бір жағынан, бұл пікірдің де жаны бар. Өйткені оқырман шығармадан өз дәуірінің бейнесін көргісі келеді. Бірақ оны жазу оңай емес. Алайда бүгінгі адамдардың жан-дүниесінде не болып жатыр, олардың қоғамға, өмірге көзқарасы қандай деген сауалдарға жауап беретін көркем туынды жазып жүрген жазушылар да жетерлік. Соның бірі – Қуандық Түменбай. Қарымды қаламгердің кітаптарымен ертеден таныс болғандықтан ба, оның кез келген хикаятында болсын, шағын әңгімесінде болсын, сомдалған кейіпкерлер – кәдімгі өзіміз күнде көріп жүрген қарапайым адамдар бейнесі. Солардың басынан өткен мұңы мен қайғысы, қиындығы мен қуанышы көркем шындықпен өріліп, ақ параққа мөлдіреп түсе қалған.