Соңғы жаңалықтар
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2026
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: Зардап шеккендер бар
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті. Облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 16 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
4 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес беріліп отыр, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды
Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді
Жасыл желекке оранған Төр Алтайдың табиғатын қызғыштай қору, қорғау әркімнің жауапкершілігінде. Десе де, тілсіз жаудан қорғану үшін Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне су жаңа өрт сөндіру техникаларын табысталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады
Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының Бас жоспарын түзету жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Ақпан, 2026
Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды
Елімізде алдағы референдумға және жаңа Конституция жобасына арналған referendum2026.kz ресми сайты жұмысын бастады. Бұл интернет-ресурс «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының бастамасымен әзірленіп, азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын жан-жақты әрі түсінікті түрде таныстыруды мақсат етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 16 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?
Қытайдың Ханчжоу интернет-соты жасанды интеллектінің қате ақпараты үшін өтемақы талап еткен қолданушының арызын қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Қытайдың Жоғарғы халық соты әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Ақпан, 2026
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті
Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл спортшылармен және жас балуандармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2026
Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?
Елімізде салық жүйесін жаңғырту басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық-бюджет саясатына баса назар аударды. Айтуынша, ол теңгерімді сипат алып, экономиканы орнықты дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 16 Ақпан, 2026
Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді
Шахматшы Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан өткен көрнекі ойында классикалық шахматтың әлем чемпионы Александра Костенюкті ұтты. Төрт партиядан тұрған кездесу Бибісараның пайдасына 2,5:1,5 есебімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Ақпан, 2026
Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Жекпе-жек әлеміндегі аса беделді мамандардың бірі, КСРО құрамасын басқарған жалғыз қазақ Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов өмірден өтті. Қаралы хабарды Жекпе-жек федерациясы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы басталғанын хабарлады. Ведомство жобаны жүзеге асыру мақсатында байланыс операторлар үшін үлестік гранттар алуға ашық конкурс жарияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Қайтыс болған адамдар әкесі мен қызы екені анықталды. Олардың мәйіті үйде ұзақ жатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 16 Ақпан, 2026
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Өрнекпен өрілген өнер атты» айрықша көрме ашылды. Айшықты жоба халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрінің терең мағынасы мен көркемдік құндылығын жан-жақты танытуды мақсат еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Ақпан, 2026
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Биыл елімізде шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Жоспар Оқу-ағарту министрлігінің апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмыстары аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2026
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Тараз қаласында қалың қар жауғаннан кейін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында инженерлік тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қарулы Күштердің әскери басқару органдарына және әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі. Осыған орай осы айдың 16-18 күндері аралығында Алматы, Қонаев, Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Ақпан, 2026
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ел аумағында ауа райы күрт құбылып, синоптиктер республиканың барлық өңірінде қауіп деңгейі жоғары екенін ескертеді. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 16 ақпан күні еліміздің түкпір-түкпірінде қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін ел атлеттері 3 спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Ақпан, 2026
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Ақпан, 2026
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алды. Бұл жеңісі үшін спортшы қанша сыйақы алатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады
Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 15 Ақпан, 2026
Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Aitu экожүйесі күнделікті қолдануға арналған отандық цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. Көлденең ауқымдау стратегиясын іске асырудың нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Aitu экожүйесінің ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 900 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2026
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 16 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 15 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында осы спорт түрінен тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz