Соңғы жаңалықтар
Төтенше жағдай • 17 Қараша, 2025
Алматыда болған жарылыстан медициналық мекемеге зақым келген
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, таңғы сағат 8:53-те Өтеген-Батыр көшесіндегі «Сұңқар» медициналық орталығының тұрағында трансформаторлық қосалқы станса өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Қараша, 2025
90 жылдардағы қате шешімдер неге әлі күнге ел экономикасына зиянын тигізіп жатыр?
Экономист сарапшы Ерлан Кәрімов қазіргі экономикалық ахуалдымыздың қандай да бір деңгейін тәуелсіздік толғағындағы шешімдермен байланыстырады. Оның ішінде оң шешімдер де, теріс шешімдер де аз емес, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қараша, 2025
Президент «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 17 Қараша, 2025
Қазақстандық ғалымдар обыр ауруына қарсы препаратты сынаудың жаңа кезеңін бастады
Обырға қарсы отандық препаратты әзірлеуші Nazarbayev University профессоры Дос Сарбасов 2026 жылы клиникалық сынақтардың жаңа, шешуші кезеңіне көшетінін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 17 Қараша, 2025
Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин кәсіби мансабында тағы бір рет өнер көрсетуге ниет білдіріп отыр. GGG өзінің соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Қараша, 2025
Елімізде блогер Mellstroy-ға іздеуге жарияланды
Бұл ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жария болды. Аталған іс қаржылық мониторинг агенттігінің ыждағатымен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 17 Қараша, 2025
Түркістан өңірінде 16 жұп егіз бен сыңар бір мектепте оқиды
Өңірде соңғы жылдары қос сәбилі, тіпті үшемді отбасылар саны артқаны байқалған. Бастауыш сыныптан бастап жоғары сыныпқа дейін 16 жұп егіз және сыңар бала оқитын Арыс қаласындағы №32 мектепті тұрғындар «егіздер мектебі» деп атап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 17 Қараша, 2025
«Күрең берет» нағыз жауынгерлерге ғана жарасады
Биыл Алатау қаласына «Бүркіт» арнайы жасағының 97 жауынгері жиналды. Бәрінің мақсаты – бір: үйге күрең берет киіп қайту. Бірақ бұл – оңай шаруа емес. Білім мен білік, қайсарлық пен әжептәуір ептілік керек. Осы жолы қанша үміткер сынақтан сүрінбей өтті? Іріктеу қалай болды?
Экономика • 17 Қараша, 2025
Kaspi де бар: Бірыңғай QR-ға қандай банктер қосылды?
13 қарашада Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit аясында Ұлттық банк басшысы Тимур Сулейменов бірыңғай банкаралық QR-кодтың іске қосылғанын жариялады. Бұл қадам нарық үшін маңызды, себебі енді ірі экожүйелер, банктер мен реттеуші орган мүдделері бір арнаға тоғысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қараша, 2025
Отандық өндіріс құлдырап барады: кәсіпкерлер қашанғы демпинг құрбаны болады?
Отандық азық-түлік өндірісін қолдау – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең маңызды бағыттың бірі. Алайда соңғы жылдары салада күрделі мәселелер жиналып, импорттық тауарлар басымдығы байқала бастады. Сауда желілеріндегі шетелдік өнім үлесі артқан сайын, жергілікті өндірушінің нарықтағы орны тарылып барады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 17 Қараша, 2025
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері дүниеден озды
Қазақ футболының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан белгілі маман, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Серік Бердалин 79 жасында ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қараша, 2025
Педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне қанша ата-ана жүгінді?
Саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздеген ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Аталған орталықтар оқу жылы басталғаннан бастап 33 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1,1 миллионнан астам ата-ананы тартқан, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қараша, 2025
Бүгін елімізде боран мен көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» мәліметінше, 17 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалы байқалады. Бұл көбіне ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Қараша, 2025
Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды
Дубай қаласында орналасқан әлемдегі ең биік қонақүй – Ciel Dubai Marina алғашқы қонақтарын қарсы алды. Ғимарат биіктігімен және керемет инфрақұрылымымен туристерді тәнті етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қараша, 2025
Бүгін халықаралық студенттер күні
Дәл осы күні білім алушылар түрлі концерт қояды, факультеттер арасында жарыс өткізеді. Ал кеш соңында дәстүрге сай дастархан басына жиылады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 16 Қараша, 2025
БҰҰ: Адамдар жыл сайын 1 млрд тоннадан астам азық-түлікті қоқысқа тастайды
Әлем халқы жыл сайын 1 миллиард тоннадан астам азық-түлікті қоқысқа тастайды, ол жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 10 пайызын құрайды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары мәресіне жетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Қараша, 2025
Бас прокуратура iPhone иелеріне маңызды ескерту жасады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 16 Қараша, 2025
16 қарашаға арналған валюта бағамы қандай?
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктері доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 16 Қараша, 2025
Алматы – Қонаев тас жолының бойы қоқыстан тазартылды
Жыл басынан бері облыс бойынша акцияға 800 мыңға жуық адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 4 мыңға жуық техника жұмыс істеген. 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Сондай-ақ 109,8 мың ағаш егіліп, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 1090 тарихи-мәдени ескерткіш және 1055 әлеуметтік нысан тазартылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2025
Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды
Қарағандыда төтенше жағдайлар қызметі мен полиция бірігіп, 17-қабат терезесінен секірмек болған бойжеткеннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2025
Telegram сыйлықтарды аукцион арқылы сату қызметін қосты
Telegram мессенджері қолданба ішіндегі сыйлықтар бойынша аукцион өткізу тетігін іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қараша, 2025
Дзюдошыларымыз Сурдлимпиаданың алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның дзюдодан ұлттық құрама командасы жарысты тамаша бастап, екі алтын және екі қола медальға қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев шекарадан өту кезіндегі шектен тыс бюрократиялық рәсімдерден арылу жолын ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық аренадағы өзгерістер кезеңінде Орталық Азия елдерінің Еуразиядағы негізгі транзиттік торапқа айналуға бірегей мүмкіндігі барын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2025
Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиыны өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде өңір үшін су қауіпсіздігі мәселесі аса өзекті екенін атап өтті. Соңғы бес жылда Орталық Азия мемлекеттері су саясатына қатысты ұстанымдарын жаңғыртқанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2025
Орталық Азия мемлекеттері басшылары Консультативтік кездесу соңында бірнеше құжатқа қол қойды
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірнеше құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 16 Қараша, 2025
«Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өткенін атап өтті. Осы орайда Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
Мемлекет басшысы сөз басында қонақжайлық танытып, Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Шаруашылық • 16 Қараша, 2025
Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр
Қазақстанда әр жылдың қараша айының үшінші жексенбісінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Қараша, 2025
Бұл жаңа вирус емес: Денсаулық сақтау министрлігі жиі тұмауратудың себебін айтты
Елімізде жаңа тұмау штамы тарап жатқан жоқ, эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әсел Қыдырәлиева хабарлады.