Заң мен Тәртіп • 17 Қараша, 2025

Елімізде блогер Mellstroy-ға іздеуге жарияланды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жария болды. Аталған іс қаржылық мониторинг агенттігінің ыждағатымен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде блогер Mellstroy-ға іздеуге жарияланды

Беларусьтік стример және инфлюенсер Mellstroy (шын аты – Андрей Бурим) орыс тілді интернет кеңістігінде даулы, ұшқары контентімен танылған. 2017 жылы Twitch пен YouTube платформаларында ойын стримдерінен бастаған ол кейін «trash-стрим» форматындағы тікелей эфирлерге көшіп, аудиториясын жылдам ұлғайтқан. Оның жазылушылары – негізінен ТМД жастары.

Ресми деректерге сәйкес, Андрей Александрович Буримге қатысты іздеу ісі 15 қарашада Астанада тіркелген. Іздеу шараларын бас қаланың экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.  

«Онлайн-казиноны жарнамалау мақсатында блогер түрлі розыгрыштар мен челлендждер жариялаған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және өзге де әлеуметтік желілерде Mellstroy.game бренді, казино логотиптері және сайтқа сілтемелер көрсетілген видеороликтер түсіру ұсынылған.

Бұған дейін Бурим тікелей эфир кезінде адамды ұрғаны үшін Ресей Федерациясында түзеу жұмыстарына міндеттеліп, айыппұл арқалаған», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025