Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Бүгін Қазақстан қор биржасында күндік сауда-саттық аяқталғаннан кейін доллар бағамы күрт төмендеп, орташа курсы 522,49 теңгеге жетті. Яғни, бір күнде 5,42 теңгеге құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
Дәнді дақылдарды жинау науқаны қалай өтті: Министр мәлімдеме жасады
Ел аумағы бойынша дәнді дақылдарды жинау толық аяқталғанын Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Кәсіпкер мылтық оғынан қаза тапты
Тимирязев ауданындағы Докучаев ауылында тұратын «Бурбат» ЖШС басшысы, кәсіпкер Азамат Батанов өзінің үйінің ауласында атылған оқтан қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 04 Қараша, 2025
Рыбакина – 6, Бублик – 13-орында
Жуырда Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик АТР-дің жаңартылған рейтингінде үш сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 13-орынды иеленіп тұр. Бұл – оның мансабындағы ең жақсы көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Жас мұғалім президенттік жастар кадр резервіне қабылданды
Ұлытау облысынан Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған Алмагүл Әнуарбековаға облыс әкімі Дастан Рыспековтің атынан арнайы құттықтау табыс етілді. Құттықтау хатты әкім аппаратының басшысы Кеңгірбай Смағұлов тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 04 Қараша, 2025
Қыз алып қашу қиындайды: 7 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)
16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа «Неке қиюға мәжбүрлеу» бабы енгізілген. Осы бапқа сай қыз алып қашу ауыр қылмыс ретінде сараланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 04 Қараша, 2025
Жүзу спорты мектеп бағдарламасына енгізіледі
Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics Федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Бұқаралық спортты дамыту, халықтың су спорт түрлерімен айналысуға үндейтін қанатқақты жоба 2026 жылы Астана, Алматы қалаларында басталады.
Экология • 04 Қараша, 2025
Сарапшы: Қазақстан эпидемиялық күрделі жағдайдың алдында тұр
Елде медициналық қалдықтарды басқару мәселесі күннен-күнге өзекті бола түсті. Аурухана, зертхана мен клиникалардың саны көбейген сайын, медициналық қызметтердің көлемі артып, соған сай қауіпті қалдықтардың да мөлшері өсіп келеді. Алайда оларды қауіпсіз жинау, тасымалдау және жою ісі денсаулық сақтау жүйесіндегі ең осал тұстардың бірі болып қала береді.
Әлем • 04 Қараша, 2025
Қытайда ұшатын автокөліктер сынақтан өткізіліп жатыр
Қытайлық электрлі көлік өндіретін XPENG компаниясы «ұшатын автомобильдерін» сынақтан өткізуді бастады. «Ұшатын көлік» алты дөңгелекті жерүсті көлігінен және тік ұшып-қона алатын, ұшуды қамтамасыз ететін құрылғысы алуға ыңғайлы аппараттан тұрады, деп жазады Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Түркістанда болған атыстан бір адам қаза тапты
2025 жылдың 2 қарашасы түнінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Қарағандыда заңсыз киік аулау дерегі тіркелді
Облыста жабайы табиғатты қорғау саласында «Браконьер» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Оның басты мақсаты – жабайы табиғатты қорғау, браконьерлік іс-әрекеттерді болдырмау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті
Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткен көкпар ойыны кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен сәт әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Арқаның арқары фототұзаққа түсті
Қарағанды облысында қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қараша, 2025
Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт ғимараты салынады
Президент тапсырмасы бойынша Үкімет Арнайы мемлекеттік қор қаражатын спорт инфрақұрылымдарын дамытуға тартып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Қараша, 2025
Министрлік дәрі-дәрмек саудасына қатысты жағымды жаңалық жариялады
Қазақстандықтар артық төлемсіз дәрі-дәрмек пен ем ала алады. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарды қосылған құн салығынан босату шеңберінде мүмкін болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Осы және басқа да деректерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
«JARQYRA» республикалық кастингі өз мәресіне жетті
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» бірлесе ұйымдастырған ауқымды республикалық «JARQYRA» кастингі өтті. Жоба бүкіл елді қамтыды. Кастинг еліміздің 19 қаласында бір мезетте өтіп, отандық кинематография тарихындағы ең ірі шаралардың біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
Ақтөбеде өрт сөндіру жеңдерін өндіретін зауыт ашылды
Бұл – еліміз бойынша алғашқы зауыт. Жоба «O’rt tehnika-Qazaqstan» ЖШС-мен жүзеге асырылып, елімізде импортты алмастыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы ұлттық өндірісті дамыту бағытында маңызды қадам болды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
2026 жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыру басталды
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласындағы дайындық жұмыстары мен алдағы маусымға арналған міндеттерді талқылады. Үкімет басшысы 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау науқанының ерте қаржыландыруы басталғанын атап өтіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша қамтылуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Спорт министрі: Елімізге 14 жаңа стадион керек
Бүгінде елімізде 25 760 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 678-і – мемлекеттік, ал 2 082-сі – жекеменшік нысандар. Бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов халықтың спортпен айналысу мүмкіндігін арттыру үшін бірқатар аймақта жаңа стадион салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
Елімізде шаруалар үшін кредиттік желілер тетігі енгізіледі
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келесі жылдан бастап шаруаларға бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік беретін жаңа кредиттік желілер жүйесі енгізілетінін мәлімдеді. Бұл бастама көктемгі егіс науқанын ерте және тиімді қаржыландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 04 Қараша, 2025
Бюджеттік дербестікке бет алған өңірлер аталды
Қазақстанның өңірлік даму динамикасы соңғы жылдары айқын бір үрдісті көрсетіп отыр: дотацияға тәуелді аймақтардың біразы енді өз кірісін арттыру жолына түсті. Ұлттық экономика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда Жетісу, Абай және Ұлытау облыстары кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ең жылдам қысқартқан өңірлер қатарында. Бұл маңызды белгі, себебі дәл осы кіріс бөлігінің өсімі аймақтың «өзін-өзі қамту» деңгейіне көтерілуінің басты шарты саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Қараша, 2025
«Лукойлдағы» қазақ үлесі кімнің қанжығасында кетеді?
30 қазанда «Лукойл» компанияның РФ-дан тыс жерлердегі активтерін бақылайтын өзінің жүз пайыздық «еншілесі» LUKOIL International GmbH-ді сату бойынша Gunvor-мен мәміле туралы жариялады, хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қараша, 2025
Қытай жаңа спутнигін ғарышқа ұшырды
Қытай дүйсенбі күні Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан Жерді қашықтан зондтауға арналған жаңа «Яогань-46» спутнигін сәтті ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан рекордтық өнім жиналды
Бүгін Үкімет отырысында биылғы егін жинау жұмыстары қорытындыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров дәнді және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарынан рекордтық өнім жиналғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қараша, 2025
11 өңірдің автокөлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Бірқатар өңірде 4 қарашада ауа райы нашарлауына байланысты «ҚазАвтоЖол» тарапынан жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Қараша, 2025
«Ақтау теңіз портына» 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін беріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Сарбаздар әскери ант қабылдады
Қараша айының бірінші жексенбісінде шекарашылар сапын толықтырған 350-ге тарта сарбаз отанымызға адал қызмет етуге ант берді. Мұндай рәсімді алғашқы болып ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы өткізді.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Көктайғаққа байланысты «ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда сақ болу қажеттігін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Қараша, 2025
Илон Маск: 5 жылдан кейін смартфон пайдаланбаймыз
Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы бес жылда смартфондар қолданыстан шығып, олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар басады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол танымал тележүргізуші Джо Роганмен сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.