Оқиға • 04 Қараша, 2025

Доллар күрт арзандады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан қор биржасында күндік сауда-саттық аяқталғаннан кейін доллар бағамы күрт төмендеп, орташа курсы 522,49 теңгеге жетті. Яғни, бір күнде 5,42 теңгеге құлдырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар күрт арзандады

Фото: internationalman.com

Қытай юанінің бағамы да аздап төмендеп, 73,23 теңгені көрсетті. Ал айырбас пункттерінде доллар 524,7-527,2 теңге аралығында сатылып жатыр. Евро 602,9-608 теңге, ресей рублі 6,40-6,52 теңге шамасында бағаланып отыр.

Сонымен қатар әлемдік нарықта мұнай бағасы да төмендеді. Brent маркалы мұнай фьючерстері 64,52 долларға, WTI 60,68 долларға дейін түсті. Осыған дейін Ұлттық банк күндізгі курс ретінде долларды 528,31 теңгеден, еуроны 608,35 теңгеден, рубльді 6,55 теңгеден бекіткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15