Соңғы жаңалықтар
Президент • 01 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Саясат • 01 Қараша, 2025
Әдебиет институтын ашу ұсынылды
Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса ұлт әдебиеті мен руханиятының өзекті мәселелеріне қатысты Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады. Депутаттық сауалға классик қаламгер Төлен Әбдіктің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты өзек болды.
Инвестиция • 01 Қараша, 2025
Инвесторлар Атырауға неге қызығады?
Президент биылғы Жолдауында экономикаға инвестиция тарту мәселесін басым бағыт ретінде атады. «Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек», деді Мемлекет басшысы.
Пікір • 01 Қараша, 2025
«TikTok» бүгінде көбінесе сөз аңдығандар мен тілі мен жағына сүйенгендердің, іші пысқаннан ермек іздегендердің қызығына айналды...
Қоғам • 01 Қараша, 2025
Жалқаулық пен масылдықтың зардабы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу екенін атап өтті. «Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді. Соның салдарынан ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Осылайша, біз өзіміз жалқаулық пен масылдыққа жол беріп отырмыз», деді Президент.
Қоғам • 01 Қараша, 2025
Өндірістегі жарақат көрсеткіші төмендеді
Ел көлемінде өндірістегі жазатайым оқиғадан зардап шегу дерегі азайып келеді. Биылғы тоғыз айда оқыс жайттан 934 жұмыскер зардап шегіп, оның ішінде 133 адам қайтыс болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда өндірісте жарақат алу дерегі 3,4%-ға төмендеген.
Еңбек • 01 Қараша, 2025
Кейінгі кезде жұмыс берушілер Enbek.kz платформасына 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 138,5 мың түйіндеме қалдырған. Әдеттегідей, жұмыс іздеушілерден жұмыс берушілердің үлес салмағы басым.
Аймақтар • 01 Қараша, 2025
Жылу жүйесі қала меншігіне қайтарылады
Петропавл қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» (ОАОЭК) АҚ мен қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сүйенген «Петрньюс» ақпараттық агенттігі тың жаңалық таратты. ОАОЭК облыс орталығына жылу беретін «Петропавл жылу желілері» ЖШС 2025 жылдың аяғына дейін қалалық әкімдіктің муниципалдық меншігіне өтетін болыпты.
Қоғам • 01 Қараша, 2025
Ақылы кеңестерге байыппен қарайық
Бүгінде интернет – тіршіліктің ажырамас бөлігі. Он шақты жыл бұрын әлеуметтік желіге тәуелді өмір сүреміз десе, көпшілік сенбес еді. Ал қазір онлайн болмаған сәтіңде – уақытың зая кеткендей күй кешесің. Ақпарат тасқынына ілесіп үлгермесең, әлденеден құр қалғандай күйзелесің. Көбімізде интернеттегі ақпаратқа иммунитет қалыптаспаған, сүзгі жоқ. Қажетті-қажетсіз ақпарат, орынды-орынсыз ақыл-кеңесті талғамсыз-талғаусыз сіңіре беретініміз де жасырын емес. Осыдан кейін де қарадан ақты, асылдан жасықты ажырата білмейтін жұртқа ақыл айтатындар көбейді.
Қаржы • 01 Қараша, 2025
Банк қаржысын нақты секторға бағыттау мүмкіндігі
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, жаңа инвестициялық кезеңге өту үшін банктердің қаржысын экономикаға көбірек тарту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осы мәселе бұрыннан көтеріліп келе жатқанын, нақты шешім қабылдайтын уақыт жеткенін айтты.
Экономика • 01 Қараша, 2025
Экономикалық өсім қарқыны сараланды
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл бағытта өсім қарқыны жоспардан төмен болғаны айтылды.
Үкімет • 01 Қараша, 2025
Ұзақмерзімді инвестиция тарту басымдығы
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысты. Форумға 50-ден астам елден 1 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, АӨК, қаржы, фармацевтика, консалтинг, басқа да салалардағы компаниялардың басшылығы жиналды.
Саясат • 01 Қараша, 2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Саясат • 01 Қараша, 2025
Кешенді реформалардың дәйектілігі зерделенді
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда қаланың сарапшылар қауымдастығының және ғылыми зерттеу институттарының өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының елді жаңғыртуға арналған күн тәртібі мен экономикалық, саяси және әлеуметтік саладағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар Абай ұлттық мектебінің құрылысымен және жабдықтау жұмыстарымен танысты. Сапар аясында өткен кездесулерде елімізде бочча параспортын дамыту келешегіне баса мән берілді.
Форум • 01 Қараша, 2025
Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – академиялық білім аймағы» стратегиялық серіктестер форумына қатысты. Президент сөзінің басында білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын, барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша сала ретінде атап, бүгінгі форум соның айқын дәлелі екеніне назар аударды.
Аймақтар • 01 Қараша, 2025
Қорғалуға тиісті палеонтологиялық кешен
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мамандары Қармақшы ауданындағы әріптестерімен бірлесіп, аудандағы Шақшақ шатқалына барлау экспедициясын ұйымдастырды. Мамандардың палеонтологиялық кешен саналатын аймақтан тапқан жәдігерлері ғылыми ортаның да, қарапайым жұртшылықтың да қызығушылығын тудырып отыр.
Жәдігер • 01 Қараша, 2025
Мұнайлы өңір археолог-тері жаз мезгілінде бірнеше тарихи орынға археологиялық қазба жүргізді. Тарихшыларды қызықтырған көне тарихтың көмбесі іспетті мекеннің қатарында Ақтөбе-Лаэти қалашығы да бар.
Театр • 01 Қараша, 2025
Кейінгі жиырмажылдықта қазақ өнеріне жастығымен жалындап, жанартаудай жарқылдап енген елордалық Жастар театрының шығармашылық мүмкіндігін бүгінде елімізді айтпағанда, алыс-жақын шетел мойындап үлгерген. Халықаралық театр фестивальдары арқылы ұлттық өнерімізді жаһанға әйгілеп жүрген талантты труппа жақында өзбек еліне өнер сапарымен барып, бауырлас мемлекет көрермендерінің қошеметіне бөленіп қайтты.
Кәсіпқой бокс • 01 Қараша, 2025
Қазақтың әйгілі кәсіпқой боксшысы, IBF пен WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткізеді. Бұл бәсекені атақты «Premier Boxing Champions» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр.
Әдебиет • 01 Қараша, 2025
Зерделеп көрсек, музыка мен әдебиеттің үнсіз үйлесімі көптеген әдеби шығармада көрініс тапқан екен. Ондағы терең эмоцияларды қозғайтын бөлекше сезім, қоғамдағы мәселелерді қаз-қалпында суреттейтін ерекше күш те ақ қағаз бетінде сөйлегелі талай ғасырдың жүзі болыпты.
Күрес • 01 Қараша, 2025
Жаңартылған рейтинг көңіл көншітпейді
Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған белді балуандардың басын қосқан Хорватия астанасы Загребтегі әлем чемпионаты аяқталған соң Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингі жаңартылды.
Бокс • 01 Қараша, 2025
Қайсар қыздың арманы – Олимпиада алтыны
Бокстан ерлер мен әйелдер арасында кезекті әлем чемпионаты Англияның Ливерпуль қаласында өтті. Құрылғанына бірер жылдың мұғдары болған World Boxing ұйымы жаһан додасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Еліміздің қыз-жігіттері әлем чемпионатынан 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап қайтты. Әнұранымызды жеті мәрте шырқатқандардың арасында Алуа Балқыбекова да бар.
Әдебиет • 01 Қараша, 2025
Ақыл-ой алыптары – әдебиеттің ашпауға болмас айтулы беттері. Оларсыз басқа парақтарды ұғыну ауырға соғуы мүмкін.
Аймақтар • 01 Қараша, 2025
Бейбітшілік пен бірліктің берік тірегі
Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Мыңжылдық тарихы бар кең-байтақ жеріміз көптің ортақ шаңырағына айналды. Олардың тілі, мәдениеті, дәстүрі мен өнері арқылы ұлттың рухани байлығы еселеніп келеді. Бұл бірлік – еліміздің басты байлығы әрі мақтан тұтар құндылығының бірі.
Ғалам ғажаптары • 01 Қараша, 2025
Испан жұртының «Коррида» деп аталатын қастерлі ұлттық ойыны бар. Көпшілік бұл ойында бұқаның қанын қыздырып, ашуын келтіретін қызыл түсті мата деп ойлайды. Шындығында олай емес...
Шаруашылық • 01 Қараша, 2025
Қой тұқымын асылдандыру қолға алынды
Ұлытау облысында аграрлық саланы дамыту бағдарламасы аясында 5 000 басқа арналған қой тұқымын асылдандыру жобасы жүзеге асырылады.
Ғалам ғажаптары • 01 Қараша, 2025
Қазір өнімнің сапасы ғана емес, оны қалай ұсынатының да үлкен маңызға ие. Тұтынушының қандай тауарды, қалай және қанша мөлшерде қолданатыны көбіне жарнама арқылы қалыптасады.
Аймақтар • 01 Қараша, 2025
Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында жаңа саябақ ашылды. Салтанатты жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты. Өңір басшысы Берік Уәли жаңа саябақ шаһардың мәдени, рухани ажарын айшықтайтын маңызды нысан екенін атап өтті.
Ғалам ғажаптары • 01 Қараша, 2025
Үй шаруасына көмектесетін робот
АҚШ-тағы ІX «Technologies» компаниясы үй шаруасына арналған «NEO» атты ақылды роботты сатылымға шығарды.
Өнер • 01 Қараша, 2025
Республика күні мерекесінде «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында «Қазақ киносының музыкасы» атты тамаша концерт өтті. Оған өнер ордасының Камералық оркестрі мен опера труппасының солистері қатысты.