Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты
Атырауда сот «Lets School» жекеменшік мектебінің директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 20 Ақпан, 2026
Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақстандағы конституциялық реформа: мемлекет институттары мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Ақпан, 2026
Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 21 ақпан, сенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі
Елордада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Жиында 2025 жылғы жұмыс қорытындыланып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды. Басқосу жаңа Конституция жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өтуімен де айрықша мәнге ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция: Жаңа Конституция Қазақстанның әділетті әрі орнықты дамуының негізіне айналады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қостанай облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңдарда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2026
Ауылдан шығып, Азияны бағындырды
Абай облысы, Көкпекті ауданына қарасты «Шуақты Шұғыла» балабақшасының «Толағай археологтары» командасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 20 Ақпан, 2026
Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?
Жаһандық сауда кеңістігі түбегейлі өзгеріп барады. Нарықта табысқа жету үшін сапалы өнім ұсыну жеткіліксіз, сенімді қаржылық тетік те қажет. Төлем кепілдігі мен тәуекелді басқару мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Осындай жағдайда экспорттық-кредиттік агенттік ұсынған құралдар сыртқы нарыққа жол ашатын маңызды тірекке айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Еңбек министрлігі: eGov арқылы өтініш беру төлемнің автоматты түрде тағайындалуына кепілдік бермейді
Әлеуметтік желілерде және жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында өтініш берген барлық азаматтарға әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалады деген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтің таралуына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Ақпан, 2026
Астанада үш жаңа автобус бағыты пайда болады
Астанада 21 ақпаннан бастап үш жаңа маршрут бағыты ашылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Қазақстанда нөмірді бір оператордан екіншісіне ауыстыру ережесі өзгеруі мүмкін
Қазақстанда абоненттік нөмірді бір байланыс операторынан екіншісіне ауыстыру (MNP) процедурасына елеулі өзгерістер енгізілмек. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тиісті бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталында 6 наурызға дейін талқылауға шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты
Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Ұлттық банк Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Жамбыл облысында Конституциялық реформаның саяси жаңғырудағы рөлі талқыланды
Бүгін Тараз қаласында «Ауыл» партиясы Жамбыл облыстық филиалының мүшелері арасында «Конституциялық реформа – саяси жаңғыру факторы» тақырыбында пікірталас өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде жаңа Конституция жобасы бойынша алдағы референдумды өткізу мәселесін талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 20 Ақпан, 2026
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық орталық музейдегі «Алтын Орда» жаңа көрме залымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 20 Ақпан, 2026
Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады
Медицинада сандық технологиялардың ықпалы күшейіп келеді. Диагностика үдерісіне жасанды интеллект араласуы зерттеу нәтижесін тереңірек әрі жедел ұғынуға жол ашты. Соның бір көрінісі – гормондық талдауларды зияткерлік жүйе арқылы тарқатып беру бастамасы, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 20 Ақпан, 2026
Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады
Бүгін Милан-Кортина Олимпиадасында фристайл-акробатикадан ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 20 Ақпан, 2026
Атырауда топыраққа мұнай төккен компанияға 2,3 млн теңге айыппұл салынды
Атырау экологтері «Промэкология» ЖШС-ның әрекетіне тексеру жүргізді. Бұған жеке тұлғаның аталған компанияға қатысты шағымы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді
Прокурорлар қадағалау қызметі барысында құрылыс саласында бірқатар компаниялар жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есептілікте көрсетпей, бюджетке елеулі шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Қазақстан неге жерасты суының 3-4%-ын ғана пайдаланып отыр?
Ресми деректерге сәйкес, елімізде жерасты суларының бекітілген пайдалану қорлары тәулігіне шамамен 43,1-43,2 млн текше метрді құрайды. Алайда іс жүзінде осы көлемнің небәрі 3-4%-ы ғана пайдаланылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
«Ел жанашыры» төсбелгісін таратқан меценатқа айыппұл салынды
Мәдениет және ақпарат министрлігі 20 мыңға жуық қоғамдық ұйым қызметін талдап, тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 2025 жылғы 24 желтоқсанда Алматыдағы Ұлттық кітапханада бірқатар азаматқа Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс», «Батыр Шапағаты», «Ел жанашыры» төсбелгілері, «Алтын адам» жыл сертификаты мен статуэткасы табысталғаны анықталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2026
Премьер-министр Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы аясында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Дрондар Алматы полициясына қалай көмектеседі?
Алматыда қоғамдық тәртіпті сақтаудың жаңа тетігі іске қосылды. Енді полиция дрондары құқық бұзушылықты тіркеп қана қоймай, нақты уақыт режимінде тұрғындарға дауыстық ескерту жасап, заң талаптарын сақтауға шақырады. Бұл – алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған заманауи қадам, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Ақпан, 2026
Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді
Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Саясат Нұрбек: Әр бала мектеп кезінен шахматты жетік меңгеруі тиіс
Кеше Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде KazChessLab инновациялық зертханасының ашылу салтанаты өтті. Зертхана Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдауымен QyzPU мен Қазақстан шахмат федерациясы арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 20 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа құқықтық өзгерістердің жиынтығы ғана емес. Бұл – қоғамның өзі туралы түсінігінің өзгеруі, мемлекеттің кімге және не үшін қызмет ететінін айқындайтын құжат. Осы тұрғыдан алғанда, Ата заңның жаңа мазмұнын заңгер, мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ ұсынған тұжырымдар арқылы сараптап көрдік.
Руханият • 20 Ақпан, 2026
Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттерінің ұйымына мүше елдердің экономика және сауда министрлерінің 14-ші кездесуі ұйымдастырылды. Жиында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, кооперацияны тереңдетудің нақты тетіктерін айқындау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 20 Ақпан, 2026
Фарида Жолдасова: Конституцияның мазмұны жаңарып, ел болашағына берік құқықтық негіз қаланып жатыр
Әнші Фарида Жолдасова жаңа Ата заң жобасына қолдау білдіріп, оның қоғам арасында белсенді талқылануы халқымыздың саяси мәдениетінің артып келе жатқанын аңғартатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоровтың дайындығына бюджеттен қанша қаржы жұмсалды?
Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінен ел намысын қорғайтын отандық спортшыларды мемлекеттік қолдау аясында 2025 жылы мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен оның командасының дайындығына 263 394 581 теңге жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2026
Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары қашан пайдалануға беріледі?
Қызылорда облысындағы теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңақорған, Шиелі және Қазалы вокзалдары мен Талап платформасында құрылыс-монтаж жұмыстары 99%-ға орындалған. Нысандарда қазір соңғы әрлеу, ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 20 Ақпан, 2026
Қазақстанда инсульттан болатын өлім көрсеткіші 4%-ға төмендеді
Қазақстанда инсульттан болатын өлім 4%-ға төмендеді. Оған мамандандырылған орталықтар желісін кеңейтудің және профилактикаға жаңа стандарттарды енгізудің арқасында қол жеткен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2026
Қостанайда ұлы мен әйелін өлтірген әкеге үкім шықты
Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Аманқарағай ауылының тұрғынына қатысты шулы қылмыстық іс бойынша үкім кесілді, деп жазады Egemen.kz.