Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
«Тик-Ток» арқылы жұртты алдап келген қылмыстық топтың жолы кесілді
Павлодар облысы киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде «Oncharge» дүкені атынан жалған жарнама жариялап келген қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 2027 жылы Amazon спутниктік интернеті қолжетімді болады
Amazon компаниясының Kuiper жобасы аясындағы спутниктік интернет 2027 жылдан бастап Қазақстанда қолжетімді болмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қыркүйек, 2025
Елордада өткен айда пәтер жалдау құны күрт қымбаттады
Астанада тамыз айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы мен пәтер жалдау құны қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Қыркүйек, 2025
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов көшесінің бір бөлігі жабылады
9-12 қыркүйек аралығында Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан М. Жұмабаев даңғылына дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабаты төселеді. Осыған байланысты Қажымұқан Мұнайтпасов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
«Байтақ» партиясы Жолдау бойынша баспасөз конференциясын өткізді
2025 жылғы 9 қыркүйекте Астанада «Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. «Жолдау – жасыл Қазақстанға бастар жол» атауымен өткен жиында партияның ресми ұстанымы жарияланып, экологиялық мәселелерге қатысты ұсыныстар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Алматыда самокат мінген жігіт ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді
Алматы қаласының Алмалы ауданында самокат жүргізушісі өзіне ескерту жасаған ер адамның көзін шығарып жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
Визасы бар ескі паспорт жарамсыз болып қала ма?
Құжат ауыстыру кезінде көп адам түрлі қиындыққа тап болады. Әсіресе аты-жөнін қазақшалау кезінде құжат сәйкессіздігі мен виза мәселесі көпшілікті алаңдатады. Экономист Мақсат Халық осы үдерісті басынан өткеріп, тәжірибесімен бөлісті.
Шаруашылық • 09 Қыркүйек, 2025
Жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды
Ақтөбе өңірінде фермерлер мен ауыл тұрғындары арасында алғашқы рет цифрлық форматта сауалнама жүргізілді. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Шара болашақ кооперативті талқылау жобасының басты сәтінің біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
Тұрғын үй-коммуналдық саласы өрге басты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздің тұрақты дамуы үшін аса маңызды бағыттардың бірі ретінде тұрғын үй-коммуналдық және су инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін көтерді.
Бокс • 09 Қыркүйек, 2025
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура Google деректерінің таралуына байланысты ескерту жасады
Қазақстанның Бас прокуратурасы Google-дағы 2,5 миллиард Gmail қолданушының деректері тарап кеткенін хабарлады. Осыған байланысты құзырлы орган ел азаматтарына Gmail-дағы құпиясөзін өзгертуге кеңес беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді
Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Қыркүйек, 2025
Су үнемдеу технологияларын дамытуға 214 млрд теңге бөлінеді
Алдағы үш жыл ішінде мемлекет ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді қолдауға 214,6 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің кезекті отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Ұландықтар қарулы жасөспірімді құрықтады
Өскемен қаласында Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері полиция қызметкерімен бірлесіп, травматикалық тапанша алып жүрген жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025
Астанада 90 әскери міндетті он күндік жиынға шақырылды
Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының базасында 90 әскери міндетті он күндік дайындықтан өтеді. Олардың қатарында 17 запастағы офицер, 73 сержант және қатардағы жауынгер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Түркістанда жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілді
Облыс орталығы Түркістан қаласында жыл басынан бері 872 пәтер пайдалануға берілген. Оның 440-ы жалдамалы баспана болса, 432-сі кезекте тұрған отбасыларға табысталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 09 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект цифрлы сауат ашуда жаңа стандартқа айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында цифрлық өзгерістер мен ЖИ-ды енгізудің маңызына айрықша басым мән берді. Мемлекет басшысы «Қазақстанды үш жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру» стратегиялық міндетін қойып, бұл үрдістің елдің болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2025
Ордабасы ауданында мәдени-спорт кешені ашылды
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінде Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстандағы магистратура мен докторантураға қабылдау нәтижелері жарияланды
2025–2026 оқу жылына докторантураға 2 919, магистратураға 13 554 мемлекеттік грант бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Білім • 09 Қыркүйек, 2025
Биыл 52 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
Бүгін Үкіметте Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шаралары пысықталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне «Самұрық-Қазына» қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік паразитизм: масылдық мәні неде?
Мемлекет ағзасы – қоғам, ал оның әрбір жасушасы – адам. Сондықтан жеке адамның болмысындағы жақсы-жаман қасиеттер қоғамның да ахуалынан хабар береді. Адам бойындағы жалқаулық, тоғышарлық, масылдық сияқты мінез кеселдері халық санасына да сіңіп, бүгінде рухани дерттің айқын белгілеріне айналып отыр. Ғылым тілінде мұндай құбылыс «әлеуметтік паразитизм» деп аталады.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2025
Мексикада жүк көлігі пойызбен соқтығысып, 10 адам қаза тапты
Мексикада канадалық Pacific Kansas City de Mexico теміржол компаниясына тиесілі пойыз жолды кесіп өтпек болған екі қабатты жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 61 адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 09 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 9 қыркүйекке арналған ауа сапасы бойынша болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қыркүйек, 2025
Президент Конституциялық сот төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Үкімет жыл соңына дейін ЕАЭО шекарасындағы 8 өткізу пунктін жаңғыртады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің 2025 жылғы Жолдауын іске асыру аясында шекарадағы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл көлік-логистикалық кешенді жетілдірудің маңызды бөлігі болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Үш күн ішінде инвестиция тартуға жауапты мемлекетік орган анықталады
Үкімет отырысында Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Олжас Бектенов үш күн мерзімде елімізге инвестиция тартуға жауапты бір мемлекеттік органды бекіту жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2025
Марат Әшім Президенттің кеңесшісі – Протокол қызметінің бастығы болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Қыркүйек, 2025
Инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңартуымыз керек - Бектенов
Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шараларға арналған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.