Оқиға • 09 Қыркүйек, 2025

Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партияның фракция жетекшілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті

Фото: Ақорда

Басқосуға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» ХДПП фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжанов және Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы Әмірбек Оспанбеков қатысты.

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауындағы негізгі бастамаларға назар аударды. Ал фракция жетекшілері Жолдаудың орындалуын бақылау және заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жоспары жөнінде мәлімет берді.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауда ұсынған парламенттік реформасы туралы пікір алмасты. Мемлекеттік кеңесші Президенттің жаңа саяси бастамасы, ең алдымен, саяси жүйенің институционалдық негіздерін одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Фракция жетекшілері Президенттің Парламентті реформалау жөніндегі ұсынысына қолдау білдіріп, алдағы қоғамдық талқылауларға белсене қатысуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында әзірленіп жатқан заң жобаларын талқылады.

Кездесу соңында Ерлан Қарин Президент бастамаларын іске асыруға заңнамалық тұрғыдан белсенді қолдау көрсеткені үшін партиялық фракцияларға алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай тиімді ықпалдастық болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50