Соңғы жаңалықтар
Үкімет • 01 Тамыз, 2025
Вице-министр Қызылорда шаруаларымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектеновпен бірлескен жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан және Қызылорда облыстарындағы су шаруашылығы нысандарын тексеруді жалғастырып, жергілікті шаруалармен кездесулер өткізді. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Сырдария, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарындағы шаруа қожалықтарына барып, ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 01 Тамыз, 2025
2,7 млн гектар жер шегірткеге қарсы өңделді
Елімізде ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала министрлігіне қарасты аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің (АӨК) мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Рыбакина Монреальдағы турнирдің төртінші кезеңіне өтті
Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында тұсауы кесілген WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 01 Тамыз, 2025
ШҚО-да «SCO Youth Dialogue» форумы өтті
Шығыс Қазақстан облысында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының жас дарындары мен көшбасшыларының кездесуі аясында «SCO Youth Dialogue» форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 01 Тамыз, 2025
Олжас Бектенов көлік саласы қызметкерлерін құттықтады
Көлік қызметкерлері күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Тамыз, 2025
Маңызды бағыттың бірі – локомотив-жылжымалы құрамның жеке базасын құру
Мәселен, Астананың №1 индустриялық аймағында индустрияландыру бағдарламасы аясында 2012 жылы Alstom француз компаниясының зауыты пайдалануға берілді. Кәсіпорында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы және олардың компоненттері өндіріліп, қызмет көрсетіледі. Бұған қоса, Әзірбайжанға 80 жүк электровозы экспортталды. Бүгінде зауыт локомотив корпустарын, трансформаторларды, төмен вольтты және жоғары вольтты шкафтарды және т.б. шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 01 Тамыз, 2025
Қазақ боксшыларының Азия чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Бүгін Таиланд астанасы Бангкокта шаршы алаңында бокстан Азия чемпионаты басталады. World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бәсекеге 26 елден 400-ге жуық спортшы тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2025
Қазақстан – Батыс пен Қытай арасындағы транзитті қамтамасыз етіп отыр
Қытай мен Еуропа арасындағы транзитті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан аса маңызды рөл атқарады. Ел аумағы арқылы Шығыс Азияның өндірістік кластерлерін Еуропаның тұтыну нарықтарымен байланыстыратын стратегиялық теміржол және мультимодальды маршруттар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 01 Тамыз, 2025
Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар
Ұзындығы 1 668 км Орынбор – Ташкент магистралінің құрылысы басталған 1904 жыл – Қазақстанда теміржол көлігінің құрылған жылы болып саналады. Теміржол бойында Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда және басқа да қалалар мен өнеркәсіп орталықтары өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Тамыз, 2025
Қазақстанда жүк тасымалдау көлемі 11 пайызға артты
2025 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда көліктің барлық түрімен 928 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
Теміржол инфрақұрылымы кеңейтіліп жатыр
Бүгінде ел аумағы бойынша 154 теміржол жолаушылар бағыты жүреді. Осылайша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында теміржол көлігімен 9,5 млн жолаушы тасымалданған. Жолаушылар вагондарының паркін жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 60-қа жуық жаңа жолаушылар вагондары жеткізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Тамыз, 2025
Көлік – Қазақстанның экономикалық өсуінің стратегиялық негізі
Тасымалдау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін машинистер, жүргізушілер, инженерлер, логистер және он мыңдаған басқа да жоғары білікті мамандар еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Президент көлік саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент еліміздің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 01 Тамыз, 2025
Алматыда кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған құқықтық тренинг өтті
Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемесінде «Азаматтардың құқықтарын қорғау және қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру — әлеуметтік тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі басты рөлі» жобасы аясында «Кәмелетке толмаған сотталғандар не білуі керек?» атты тренинг өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2025
БҚО-да мүгедектігі бар жандарға мыңнан астам нысан бейімделген
Мүмкіндігі шектеулі жандарға бүгінде Батыс Қазақстан облысында 1182 нысан толық бейімделген, ал жыл соңына дейін тағы 59 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы табысталды
Президент көлік саласының қызметкерлерін марапаттау салтанатында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақстан темір жолы» компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке берілді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Машина жасау секторы – маңызды бағыт
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, тағы бір маңызды бағыт – машина жасау секторы. Бұл туралы Президент көлік саласы қызметкерлерін марапаттау салтанатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Тамыз, 2025
Елордада «ASTANA DIRT SERIES» кубогы автожарысының алғашқы кезеңі басталды. Бұл дода үш кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 01 Тамыз, 2025
Алматыда теннисшілердің турнирі өтеді
4-9 тамыз аралығында Алматыда теннистен «Roland Garros Juniors» турнирінің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Әуе арқылы жүк тасымалын дамытамыз - Президент
Президент көлік саласының қызметкерлерін марапаттау салтанатында алдағы маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 01 Тамыз, 2025
Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атанды
Грекияның бас шаһары – Афинада ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы (U-17) әлем чемпионатын Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері бес жүлдемен қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады
Президент, ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
eGov порталы уақытша жұмыс істемейді
2 тамыз сағат 02:00-ден сағат 06:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2025
ОКҚ-де жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы іске қосылды
Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық қызметін бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Тамыз, 2025
Жасөспірімдер жаһандық жарысқа жолдама алды
Қытайдың Цзинганшань қаласында гандболдан Азия чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Тамыз, 2025
Астанадағы 6 аурухананы полиция күзетеді
Астана қаласының алты стационарында медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін күзет бекеттері ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Тамыз, 2025
Жалпы ішкі өнім 5 пайызға артқан
Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5 пайызға бағаланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Тамыз, 2025
БҚО тұрғыны бекіре тасымалдап ұсталды
31 жастағы ер адам – Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңында ұсталған, деп жазады Egemen.kz.