Тарих • 01 Тамыз, 2025

Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұзындығы 1 668 км Орынбор – Ташкент магистралінің құрылысы басталған 1904 жыл – Қазақстанда теміржол көлігінің құрылған жылы болып саналады. Теміржол бойында Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда және басқа да қалалар мен өнеркәсіп орталықтары өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ даласындағы алғашқы теміржолдар

Фото: rail-news.kz (Мұрағат суреті)

Қазақстан аумағында алғашқы теміржол магистралінің ашылуы 1894 жылы 25 қазанда – Покровская слобода (қазіргі РФ Саратов облысының Энгельс қаласы) – Орал тар табанды желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін болған. Осы теміржолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан аумағы арқылы өтті. 4 жылдан кейін Урбах – Астрахань тар табаны іске қосылды, оның 77 шақырымы да Қазақстан жерінен өткен екен.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары Транссібір магистралін салу, атап айтқанда оның 190 шақырымдық отандық учаскесін құру үлкен маңызға ие болды, бұл жол – халықтардың экономикалық және мәдени жақындасуында үлкен рөл атқарды. 1914-1917 жылдары Арыс – Пішпек Жетісу жолы – болашақ Түрксібтің бір бөлігі, 1915 жылы – Челябинск – Троицк – Қостанай магистралі (Қазақстан бойынша 166 км) салынды.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35