Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 21 Ақпан, 2026
Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды
Ауған соғысының ардагері, ІІІ топ мүгедегі Шадияр Құралбаев ескі, апатты үйде тұратынын, жаңа баспанаға мұқтаж екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Ақпан, 2026
Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден келетін импортқа 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа тарифтер 24 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады
Қонаев қаласында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген өңірдің жас буыны қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 1500 метр қашықтықта жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 21 Ақпан, 2026
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды
Бітімгерлік миссияның қолбасшысы генерал-майор Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының медальдарын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының іргетасы. Еңбек адамының еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы керек. Бұл құндылық ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі» АҚ ұжымына етене жақын. Кәсіпорын қызметкерлері ел азаматтары мұндай маңызды шешімнен шет қалмай, референдумға келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 21 Ақпан, 2026
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді
World Boxing Organization қазақстандық боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жектен уақытша шеттетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 21 Ақпан, 2026
Экологиялық бастамалар жалғасын табады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда былтырғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, биылғы негізгі міндеттер айқындалды.
Білім • 21 Ақпан, 2026
Қысқы журналистика мектебі: ЖИ құралдарының журналистикадағы рөлі қандай?
Алматыда халықаралық журналистика және коммуникация бойынша XIII қысқы мектеп жұмысы басталды. Биылғы жиын ЮНЕСКО жариялаған Дүниежүзілік радио күніне орай «Медиаплюрализм: Орталық Азиядағы жасанды интеллект ғылымы» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?
Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күндерінің бірінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және солтүстік аймақтағы өзге қалаларында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 21 Ақпан, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау орныдарында доллар, еуро және рубльдің орташа өлшенген сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 21 Ақпан, 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділетті қоғам кепілі
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін ең қауіпті әлеуметтік дерттердің бірі. Ол қоғамдағы әділдік қағидаларын бұзып, заң үстемдігіне нұқсан келтіреді, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 21 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша еліміздегі республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыстың ахуалы туралы ақпарат таратты. Компания дерегінше, кейбір бағыттарда қозғалысқа шектеу қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz7
Ауа райы • 21 Ақпан, 2026
Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Ақпан, 2026
Ақтөбеде өткен «Жаңартылған Конституция – тұрақты даму» форумында белсенді жастар, мемлекеттік органдар өкілдері мен сарапшылар, депутаттар жаңа Конституция жобасына енгізілетін өзгерістерді талқылады.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы
Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың роботтехника орталығы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті. Жиынға делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Оған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық комиссия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру саласының басшылары, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге студенттер, жас зерттеушілер және қалалық IT-бастамалардың қатысушылары жиналды.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Қызылордадағы Достық үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттер басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері мен жастар қатысты.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026
Павлодар облысында биыл 7,8 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Тәлімбақтардың жетіспеуіне байланысты көшеттердің біраз бөлігін сырттан сатып алу көзделген.
Саясат • 21 Ақпан, 2026
Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Рамиль Хасанмен кездесті.
Пікір • 21 Ақпан, 2026
Кейінгі жылдары елордалықтар қысты ұмытты. Қыстың «қызметін» көктем атқарып жатқандай әсер етеді. Қар еріп, көшелер көлкіп жатыр. Желтоқсанда сел болып, қаңтар мен ақпанда көктем лебі сезілуі қалыпты құбылысқа айналды.
Талбесік • 21 Ақпан, 2026
Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?
Астанада осы жылдың сәуір айында өтетін өңірлік экологиялық саммит қарсаңында Аралдың тағдыр-талайына қатысты мақаланы ұсынып отырмыз. Автор Арал теңізі сынды заман проблемасын шешуге инженерлік прогресс тұрғысынан жаңа көзқарас ұсынады.
Экспорт • 21 Ақпан, 2026
Арқаның сайын даласында өсірілген жылқы, ірі қара мен қой етінің экспорттық әлеуеті жоғары болғанымен, бұл мүмкіндік толық іске аспай отыр. Өңірде тонна-тонна өнім өндіруге қауқарлы шаруашылықтар жеткілікті.
Шаруашылық • 21 Ақпан, 2026
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы ет өндіру бойынша 10,5% өсімге қол жеткізді. 2026 жылға мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жасалған. Сөйтіп, биыл мал санын 894 мың тұяққа дейін жеткізу көзделген. Соның ішінде жылқының санын – 166 мың, қара малды – 298 мың, қой-ешкіні 430 мың тұяққа дейін өсіру межеленіп отыр. Осы шаралар іске асса, облыс ет өндіру көлемін 50,4 мың тоннаға жеткізуге тиіс.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026
Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек
«Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында екі жылдың ішінде елімізде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Digital • 21 Ақпан, 2026
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Биыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Әне-міне, бұның да екінші айы құм сағаттай сырғып барады. Осы атаулы жылда алдағы кемі бір-екі онжылдыққа азық болатын жүйелі өзгертулермен есте қалатын қандай іс атқарған дұрыс? Сондай-ақ Мемлекет басшысының науқаншылдықтан ада болуды шегелеп тапсырғаны тағы бар. Осыған орай, біз сала сарапшыларын тартып, атаулы кезеңде кезек күттірмей шешуді қажет ететін түйткілдер мен түйінін тарқату жолын байыптап көрдік.
Айбын • 21 Ақпан, 2026
Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі
Қарулы күштеріміздің цифрлық трансформациясы – қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Бұл жұмыс Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сай жүргізіліп жатыр, сондай-ақ армиямыздың қазіргі кездегі әрі болашақта алдымыздан шығуы мүмкін қауіп-қатерлерге тиісінше тойтарыс беруі үшін оның жауынгерлік даярлығын, әскерді басқару жүйесінің орнықтылығын әрі мүмкіндіктерін арттырудың тетігі ретінде қарастырылып отыр.
Музей • 21 Ақпан, 2026
Кейде бір қаланы картадан қарап танимыз. Ал кейде сол қаланы жан-тәнімізбен сезінеміз. Тар көшенің тарихы, көне қабырғаның сыры, үнсіз тұрған ескерткіштің тағдыры – бәрі де бір адамның әңгімесі арқылы «тіріледі».
Қоғам • 21 Ақпан, 2026
Бірқатар романдар жүйесі мен драмалық туындылардың авторы Жолтай-Жұмат Әлмашұлының шығармашылығы жұртшылыққа жақсы таныс. «Олигарх қазақ» роман-дилогиясы екі кітаптан, бірнеше желіден, күн мен түн секілді бөліктерден тұрады.
Тұлға • 21 Ақпан, 2026
Алматыда қазақ руханиятының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлытаудан – Алатауға» атты концерт өтті. Республика сарайындағы мерекелік кеште Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды оқып, ыстық лебізін жеткізді. Ақынға Президент Жарлығымен берілген «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағының куәлігі салтанатты жағдайда табыс етілді.
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпия ойындары аяқталуға жақын. Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров Олимпиаданың алтын медалін алып, ел мерейін асырды. Өкінішке қарай, өзге саңлақтарға ақ аламанның медалі бұйырмай тұр. Күні кеше әйелдер арасындағы сайыста айдынға шыққан Софья Самоделькина үздік ондыққа еніп, шеберлігімен тәнті етті. Шорт-тректен жүлде алады деп үміт артқан Денис Никиша 7-орынды місе тұтты.