Ауа райы • Бүгін, 09:25

Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

21 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар өңірде қар мен жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ, тұман және екпінді жел болады.

Ұлытау облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, батысқа ауысады. Түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жезқазғанда түнде және таңертең жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында қар мен бұрқасын, солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады. Кей аумақтарда тұман түсіп, көктайғақ қалыптасады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Қарағанды қаласында күндіз қар мен бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болжанса, Таразда тұман күтіледі. Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын болады. Жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Талдықорғанда күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады. Желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қонаевта күндіз жел 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Астанада күндіз қар мен бұрқасын болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Абай облыстарында қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавл мен Қостанайда түнде және таңертең қар мен бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Орал қаласында да қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау және Ақтөбе облыстарында көктайғақ пен тұман күтіледі. Кей аумақтарда жауын-шашын болады. Желдің екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысында тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Түнде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын және тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі. Шымкентте түнде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болжанады. Желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с-қа жетеді.

Синоптиктер жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға шақырады. Көктайғақ пен екпінді жел көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50

Мал шаруашылығында өсім бар

Шаруашылық • Бүгін, 08:45