Соңғы жаңалықтар
Мәселе • 21 Сәуір, 2026
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Кейінгі жылдары елімізде кеңес заманында халқымыздың бойына батпандап кірген әлеуметтік дерт – маскүнемдікке қарсы күреске ерекше мән беріліп отыр. Осы мәселеге қатысты заңнаманы ұдайы жетілдіру, саламатты өмір салтын орнықтыру іс-шараларын іске асыру дені сау ұлт қалыптастыруды көздейді.
Еңбек • 21 Сәуір, 2026
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 21 Сәуір, 2026
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
7 сәуір күні «24.kz» арнасынан танымал заңгер, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімовтің «По закону» атты авторлық бағдарламасы берілді. Тақырып – жақында қабылданған Конституцияға сәйкес құрылатын жаңа институт Қазақстан Халық Кеңесі. Сарапшы ретінде қатысып, ойымызды ортаға салдық.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің ресми делегация мүшелері қол қойылған құжаттармен алмасты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астана қаласына Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) халықаралық іс-шарасына қатысу үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісі жақын апталарда іске қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Екатеринбург – Астана рейсіндегі оқыс оқиға: Жолаушының әрекетіне құқықтық баға беріледі
Екатеринбург – Астана бағытындағы әуе рейсінде кәмелетке толмаған жолаушылардың қатысуымен оқыс оқиға тіркелді. Ұшақ бортында болған жағдай жолаушылар арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 21 Сәуір, 2026
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Ауа райының жылынуына және электросамокат пайдаланушылар санының артуына байланысты Астана қаласында рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде 200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Сәуір, 2026
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Елордада қолға алынған бұл бастама жүргізушілердің тәртібін күшейтіп және жол-көлік оқиғаларын азайтуға ықпал етіп, қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2026
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Елімізде ұшу географиясы кеңейіп, қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер саны артып келеді. Осы бағытта таяуда Қазақстан мен Армения арасында әуе рейсі қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 21 Сәуір, 2026
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша төлемдер беру мерзімі қысқартылмақ. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды,Egemen.kz
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты. Тараптар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде елордадағы «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде екі шетел азаматы қару-жарақ арсеналымен ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда Астана қалалық Полиция департаменті бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 21 Сәуір, 2026
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада 2024 жылы туған баланың қайтыс болуына байланысты медициналық көмек сапасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мен шағым негізінде басталған тексеру инфекциялық орталықтағы емдеу ісінің барлық кезеңін қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 21 Сәуір, 2026
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақтың көрнекті ақыны, Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 21 Сәуір, 2026
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Қостанай облысында атом электр станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Сәуір, 2026
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Ирандағы қақтығыс басталғалы бері әлемдік нарық құны 50 млрд доллардан асатын мұнайдан қағылды. Сарапшылар бұл дағдарыстың салдары ұзақ уақытқа созылу мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Сәуір, 2026
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Қатар Азаматтық авиация басқармасы (QCAA) шетелдік әуе компанияларының рейстерін кезең-кезеңімен қайта жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Сәуір, 2026
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізге белгілі актер, талантты режиссер Жұлдызбек Жұманбайға «Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» құрметті атағы берілді. Мемлекеттік жоғарғы награданы Абай облысының әкімі Берік Уәли табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 21 Сәуір, 2026
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Қазақстанда 40 жыл еңбек өтілі болған жағдайда азаматтарға зейнетке шығу құқығын беру туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Скопье қаласында өткен келіссөздер қорытындысында Қазақстан мен Солтүстік Македония арасында іскерлік байланыстарды нығайтатын жаңа тетік – Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл қадам екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 21 Сәуір, 2026
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кедергісіз ортаны қалыптастыру және қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл бағытта Үкімет басшысы «әмбебап дизайн» стандарттарын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 21 Сәуір, 2026
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тест жүйесіне енгізілетін айтулы жаңалықпен бөлісті. 2027 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге балама ретінде жаңа AIT (Admission Insight Test) емтиханы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Банк шотының бұғатталуы – кез келген клиент тап болуы мүмкін жағдай. Мұндай кезде сабыр сақтап, нақты себепті анықтап, тиісті әрекеттерді дер кезінде жасау маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 21 Сәуір, 2026
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жаңа нысан Балқаш көлі маңында орналасуы ықтимал. Бұл туралы Ақорда кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2026
Мүгедектігі бар жандарға арба мен протездер жалға беріледі: Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда мүгедектігі бар жандарға арналған арбалар, протездер және өзге де техникалық оңалту құралдарын қайтарымды негізде, яғни жалдау арқылы беру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мирас • 21 Сәуір, 2026
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетіне жариялаған «Бөкейліктердің мүфтилікте қалуы» мақаласында: «1801 жылы Бөкей хан он алты ру елімен қайтадан Жайықтың күнбатыс жағына көшіп, қоныс алған екен» десе, жазушы Мұхтар Мағауин: «Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұрынғы Алтын орданың, кейінгі ноғай-қазақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қоныстануға мүмкіндік алды», деп жазған болатын. Биыл осы Бөкей ордасының құрылғанына – 225 жыл.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Алматы облысында жеке тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан зардап шеккен әйел мен оның үш ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Барлығы ауыр күйік және жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2026
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қоғамда қызу талқыланып жатқан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.