Соңғы жаңалықтар
Әскер • 18 Наурыз, 2026
Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Қарулы Күштері қатарында мерзімді қызмет атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығына сәйкес, ҰҚК Шекара қызметінің сарбаздары бірінші болып үйлеріне орала бастады.
Мереке • 18 Наурыз, 2026
«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті
Бүгін Астанадағы «MEGA Silk Way» СОО орталығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Ұлттық киім» шеруін ұйымдастырды. Ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін Астанадағы Сейфуллин көшесінде автобус аялдамаға соғылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.»
Наурызнама • 18 Наурыз, 2026
Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар
Жер аяғы кеңіп, тіршілік атаулы қайта жандана бастаған шақта қазақ жұрты бір-бірімен көрісіп, Наурыз мейрамын тойлайды. Бұл айда Самарқанның тасы сияқты адамдардың көңіл мұзы жібіп, өкпе-ренішті ұмытады.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Тоқаев Қазақстан мен Аустрия арасында заңсыз жүрген адамдарға қатысты құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Аустрия Үкіметі арасындағы маңызды құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Президент Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Биыл ел азаматтары 30 тамызда демала ма?
Биылдан бастап ел азаматтары 30 тамызда демалмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Наурыз, 2026
Digital Qazaqstan форумы алғаш рет Шымкентте өтеді
Биыл Digital Almaty форумы жаңа деңгейге шығып, Digital Qazaqstan атауымен еліміздің басты ұлттық технологиялық форумы ретінде бекітілді. Бұл алаң Қазақстанның барлық өңірін біріктіріп, цифрлық бастамалар, IT-компаниялар, өнеркәсіптік тапсырыс берушілер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Наурыз, 2026
Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Үкіметке жолдаған сауалында жоғары және орта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, білім сапасын бақылауды толық цифрландыруды ұсынды. Халық қалаулыларының айтуынша, бірқатар оқу орындарында студенттер формалды түрде тіркеліп, іс жүзінде білім алмай-ақ диплом иеленіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Наурыз, 2026
20 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Депутат волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеуді ұсынды
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары еріктілер саны айтарлықтай өсіп, қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Осыған байланысты Сенат депутаты Николай Арсютин бастаған халық қалаулылары Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министріне жолдаған депутаттық сауалында волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеу және еріктілерді әлеуметтік қорғау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Президентке компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Наурыз мейрамы кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын өтеу мақсатында сұранысқа ие бағыттарға қосымша пойыздар қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Депутат: Электрондық сауда полигондарға түсетін жүктемені жылдан-жылға арттырып отыр
Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, электронды сауданың қарқынды дамуы аясында экологиялық жүктемені азайту мәселесін көтерді. Халық қалаулылары қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды тиімді басқару бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Оқиға • 18 Наурыз, 2026
Шымкентте ірі есірткі зертханасы жойылды
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер синтетикалық есірткі өндірілетін жасырын зертхананы анықтаған. Нәтижесінде прекурсорларды жеткізу арнасы тоқтатылып, мефедронның 8 мың дозасының таралуына жол берілмеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 18 Наурыз, 2026
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды
Алматы қаласында қылмыстық іс аясында қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Тергеу органдары оны жалған ақпарат тарату және заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру дерегі бойынша күдікті деп танып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Наурыз, 2026
Астанада ат спортынан ел чемпионаты өтеді
Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінің негізінде кедергілерден өту (конкур) түрі бойынша 27-29 наурыз күндері ат спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2026
Конькимен жүгіруден ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында 17 наурыз күні конькимен жүгіруден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 18 Наурыз, 2026
Тұздыбастауда ұлттық мұралар ұлықталды
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды дәріптеген түрлі іс-шаралар легі жалғасып жатыр. Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылындағы Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектепте «Ұлт коды: Өнердегі өрнек» атты ауқымды шара бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
«Бәйтерек» холдингі экономика салаларын қолдауға 8 трлн теңге бөледі
Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жиын барысында 2025 жылғы инвестициялық саясатты орындау қорытындылары, сондай-ақ экономиканың басым бағыттарын одан әрі қаржыландыру мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2026
ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді
Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) арқылы ЕАЭО елдерінде еңбек өтілі жинақталған 100 мыңнан астам азамат үшін жарналар аударылды. Бұл қадам Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (ЕАЭО-ға мүше елдер – Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Қазақстан) азаматтарына тең жағдай мен бірдей тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады
Президент сауда саласының қазіргі жай-күйі мен алдағы даму бағыттары туралы есепті тыңдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Қазақстанда жеке тұлғалардың айыппұлы кешірілуі мүмкін
Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады. Бұл туралы кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында айтты. Ал бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ішкі істер және Әділет министрліктеріне Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2026
Елімізде мемлекеттік қызмет моделі қалай өзгермек?
Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат мемлекеттік аппаратты кәсібилендіріп, азаматтарға бағдарланған тиімді қызмет моделін қалыптастыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2026
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатына 9 елдің командалары қатысып жатыр. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Наурыз, 2026
Куба президенті Трамппен соғысуға дайын екенін мәлімдеді
Куба президенті Мигель Диас-Канель X әлеуметтік желісіндегі парақшасында кез келген сыртқы агрессор кубалықтардың қарсылығына тап болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 18 Наурыз, 2026
ЖИ-ді дамыту үшін электр энергиясының мол қоры керек: Сарапшы түсіндірді
ЖИ дәуірінде электр энергиясына сұраныс күрт артып отыр. Бұл тек технологиялық мәселе емес, энергетикалық саясаттың басты бағытына айналды. Заманауи жасанды интеллект жүйелерін дамыту мен пайдалану үшін мол электр қуаты қажет, ал дата-орталықтар енді тек цифрлық экономиканың емес, энергетикалық баланстың да негізгі ойыншыларына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 18 Наурыз, 2026
Әділет министрі: 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды
Нормативтік базаны жаңа Конституцияға сәйкес келтіру үшін мемлекеттің институционалдық негізін трансформациялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Әділет министрі Ерлан Сарсембаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 18 Наурыз, 2026
Марокко Африка кубогінің жеңімпазы атанды: Сенегал құрамасының нәтижесі неліктен жойылды?
Африка футбол конфедерациясының (CAF) Апелляциялық комитеті 2025 жылғы Африка ұлттық командалары кубогінің финалында кездескен Марокко мен Сенегал құрамалары арасындағы ойынынан кейін шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.