Фото: Риа Новости
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Кубаны басып алу мүмкіндігіне ие болатынын айтқаннан кейін жарияланды.
Айта кетейік, Николас Мадуро режимі кезінде Куба Венесуэланың мұнайына тәуелді болып келген. Мадуроны биліктен кетіргеннен кейін аралда мұнай жеткізілімдері тоқтап, елде электр жарығының өшіп қалуы мен гуманитарлық дағдарыс орын алды. Бұл жағдай ең ауыр экономикалық және әлеуметтік қиындықтардың бірі ретінде бағаланып отыр.
Куба сыртқы қауіптерге төтеп беруге дайын екенін атап өтіп, кез келген шабуылға қарсы біріккен қарсылық көрсететіндерін жеткізді.