Соңғы жаңалықтар
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қолдауымен Теміртау қаласының 30 мектебінде заманауи спорт алаңы ашылды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
ЖИ қызметі қадағалауды қажет етеді
Қазіргі ақпараттық алаңның жай-күйі күрделене түсті. Бұған ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – жасанды интеллект. Әсіресе ЖИ көмегімен жасалған бейнематериалдардың қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін анықтау қиын болып барады. Бұл жағдай фейк жаңалықтардың көбеюіне жол ашып, қоғамдық қатынас нарығына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Осыған байланысты жаңа нарық талаптарын меңгерген мамандарды даярлау күнтәртібіне шықты. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы осы мәселені талқылауға сала мамандарының басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиында қатысушылар ЖИ дәуірінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын және білім мазмұнын жаңарту туралы сөз қозғады.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
«Samruk-Kazyna Construction» компаниясы Алматы қаласындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасын толық аяқтады. Бұл жағымды жаңалықты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов жеткізді. Оның айтуынша, бірыңғай оператордың басқаруымен салынған 13 мектептің барлығы 28-29 тамыз күндері толығымен аяқталып, жаңа оқу жылының қарсаңында пайдалануға беру актілерімен жергілікті атқарушы органдардың балансына берілді.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жасанды интеллект дәуіріндегі журналистика
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Айбын • 04 Желтоқсан, 2025
Еліміздің қарулы күштері тағы да жас сарбаздармен толықты. Биыл Астанаға күзгі шақырылыммен мерзімді қызметін өтеуге келген 200 азамат әскери ант қабылдады. Салтанатты ант беру рәсімі Отан қорғаушылар монументі алаңында өтті.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Әскерилерге білім грантын табыс етті
ҰҚК-нің Қостанай облыстық шекара қызметі департаментінде Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп қайтқан сарбаздарға тегін білім грантын тапсыру рәсімі өтті.
Айбын • 04 Желтоқсан, 2025
Осы күнге дейін «Армия генералы» деген ең жоғарғы әскери атаққа екі-ақ қазақ ие болған екен. Алғашқысы – Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, кейінгісі – екі рет еліміздің қорғаныс министрі, одан соң сенатор болған Халық қаһарманы, әскери ұшқыш Мұхтар Алтынбаев. Кейіпкеріміз Сағадат батырды ұстаз санап, үлгі тұтатынын, майдангерден көп нәрсені үйренгенін үнемі айтып отырады. Бұл да – ұрпақ сабақтастығының бір мысалы. Мұхтар Қапашұлының ел білмейтін жақсы қасиеттері жетіп артылады. Біз соның ішінен өзімізге аян алтауына тоқталуды жөн көрдік.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2025
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті. Іс-шара «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Семей қаласында көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына арналған еске алу іс-шаралары басталды.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Тәржіме түпнұсқадан алыстамауға тиіс
Қазақ әдебиетіндегі кәсіби аударма Абайдан басталады дейді аудармашы, драматург Кенжебай Ахмет. Қазіргі аударма қандай болу керек деген сұраққа кіріспені осылайша бастады. Абай басқа заманда өмір сүрді. Аудармаларының көбінде «әлемде осындай әдебиет үлгілері бар» деп біріншіден ағартушылық бағытты көздесе, екінші жағынан аударған авторларымен іштей жарысқа түсіп, бәсекелескендей көрінеді. «Сен мына тақырыпты осылай жырлаған екенсің, мен соны дәлме-дәл қотара отырып, осылай қосар едім» дегендей мысалдарды аңғарамыз.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанайда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мәдениет саласының өкілдері, ғалымдар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері қатысты.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Ми қабығын кемірген мың-сан ойдың жетегінде жүретін шығармашылық адамы үшін өмірдің әр күні ізденістен тұрады. Бұл қатарға қолынан бір сәт қаламы түспейтін газет журналистерін де қосар едік. Өз ісін құлай сүйіп, арманынан айнымаған адам түбі жеңіске жететінін республикалық «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері, «Ақпарат саласының үздігі», белгілі журналист Ершат Асматовтың өмір өрнегінен көреміз.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Кеңес одағының батыры, жауынгер жазушы, түгел қазақтың мақтанышына айналған Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл толып отыр. Осыған орай Таразда «Бауыржан Момышұлы мұралары: тарих пен таным» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тағзым • 04 Желтоқсан, 2025
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин өмірден өтті деген суық хабар көңілімізді құлазытып кетті. Ол заманымыздың заңғар тұлғасы еді.
Ғалам ғажаптары • 04 Желтоқсан, 2025
Қытайда роботтарға арналған арнайы оқу орталығы жұмысын бастады. Иә, адамға ұқсас құлтемірлер де білім алады. Бұл орталықта роботтарды өндіріс орындарына, медицинаға, ауыл шаруашылығына, қызмет көрсету салаларына бейімдеп үйретеді.
Тағзым • 04 Желтоқсан, 2025
Философия, саясаттану және дінтану институтының ұжымы көрнекті қоғам қайраткері, әлемдік деңгейдегі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Ғалам ғажаптары • 04 Желтоқсан, 2025
Ғылыми экспедициялардың арқасында тарих қойнауындағы талай құпия қайта жаңғырып жатыр. Мәселен, жақында Швецияда археологтер елдің оңтүстік-батысынан, нақтырақ айтсақ қазіргі Гётеборг қаласының маңынан 625 жылдық тарихы бар көне қаланы тапты.
Тағзым • 04 Желтоқсан, 2025
Ғалым ұзақ жыл бойы Философия және құқық институтына басшылық етті.
Басылым • 04 Желтоқсан, 2025
Белгілі қаламгер, «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүлеймен Мәметтің «Қазақтың қақысы» атты жаңа жинағы жарық көрді. Кітапқа автордың кейінгі жазылған эсселері мен мақалалары, ой-толғамдары және сыр-сұхбаттары енген.
Тағзым • 04 Желтоқсан, 2025
Академик Жабайхан Әбділдинмен 1994 жылдан Ұлттық ғылым академиясын Ғылым және жаңа технологиялар министрлігімен қосқанға дейін (1996) қызметтес болдым.
Музей • 04 Желтоқсан, 2025
Индер ауданында Димаштөбе аталатын қырат бар. Бұл төбе Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Оған таяу тұстан Индер-Қарабау бағытындағы тас жол өтеді.
Тағзым • 04 Желтоқсан, 2025
Отандық іргелі философияның ақтаңгері
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жетекші ғалым, ҰҒА академигі Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің 93-ке қараған шағында өмірден өтуі – қоғам үшін орны толмас қаза.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Гонконгтегі өрттен қаза болғандар саны 159-ға жетті
Гонконгтегі тұрғын үйде 3 желтоқсан күні кейінгі онжылдықта болған ең алапат өрт құрбандарының саны 159-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Желтоқсан, 2025
Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп қойды
Ақтөбеде 11-сынып оқушысы анасын пышақтап өлтіріп, әжесін өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2025
Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 4 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады
Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Қазақстан таеквондошысы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 03 Желтоқсан, 2025
Студенттер кәсіпкерлікке бейімділіктерін байқатты
Талғар политехникалық колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен – кәсіпкермін» атты облыстық гранд-турнир өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Павлодарда КамАЗ аударылып кетіп, 2 адам қаза тапты
Павлодар – Қызылорда автожолында КамАЗ жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.