Ғалам ғажаптары • 04 Желтоқсан, 2025

Роботтар да оқитын заман

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда роботтарға арналған арнайы оқу орталығы жұмысын бастады. Иә, адамға ұқсас құл­темірлер де білім алады. Бұл орталықта роботтарды өндіріс орындарына, медицинаға, ауыл шаруа­шылығына, қызмет көрсе­ту салаларына бейімдеп үйретеді.

Роботтар да оқитын заман

Сурет ашық дереккөзден алынды

Инструкторлар оларды қоқыс жинау, жүк көтеру, көлік құрастыру, электронды құрылғылар жасау сияқты нақты тапсырмалар арқылы машықтандырады. Тіпті 20-дан астам түрлі қызмет көрсетуге үйретілмек. Мамандардың айтуынша, оқу орнын бітірген роботтар тапсырмалардың 95 пайызын дәлдікпен орындай алады. Мұндай мүмкіндік роботтарды түрлі кәсіпорындарда адаммен қатар жұмыс істейтін деңгейге жақындатып отыр.