Соңғы жаңалықтар
Рекорд • 19 Наурыз, 2026
11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді
Алматыдағы «Almaty Arena» мұз сарайында Наурыз мейрамы қарсаңында ерекше мәдени оқиға болды. «Домбыра үні» атты ауқымды балалар флешмобына 11 500 жас домбырашы қатысып, еліміздің жаңа ұлттық рекорды тіркелді.
Күрес • 18 Наурыз, 2026
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды
Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатында 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 18 Наурыз, 2026
«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Су тасқыны • 18 Наурыз, 2026
Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар
Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес
Экономист Сәбит Рысбаев еліміздегі жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық шектеулерінің біркелкі еместігін айтып, жүргізушілердің кенеттен төмен шектеуге тап болуы қиындық тудыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі
Қазақстанда қызметкерлерге медициналық скринингтен өту үшін 3 күнге дейін арнайы демалыс алу құқығы бар, алайда бұл норма іс жүзінде толық жұмыс істемей отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Наурыз, 2026
Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған
Жетісу облысының тағы бір ауданында мектептер мен балабақшалардың жертөлелері мен қоймаларында қауіпті қалдықтар сақталғаны анықталды. Бұл туралы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасын және еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Наурыз, 2026
Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі
Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Наурыз, 2026
Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты
Көкшетау қаласында S-Group қаржы пирамидасын ұйымдастырған адамдарға сот үкімі шығарылды. Олар азаматтардан 136 миллион теңгеден астам қаржы тартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Наурыз, 2026
Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды
«ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев ұсталды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты
FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылу мерзімін 2026 жылғы 19 сәуірге дейін ұзартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Наурыз, 2026
Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?
Жаңа Конституцияның қабылдануы аясында өңірлерді дамыту мәселелеріне баса назар аударылады. Негізгі заң олардың рөлін күшейту және жергілікті биліктің жауапкершілігін арттыру бағытын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 18 Наурыз, 2026
Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің Қарулы Күштері қатарында мерзімді қызмет атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлығына сәйкес, ҰҚК Шекара қызметінің сарбаздары бірінші болып үйлеріне орала бастады.
Мереке • 18 Наурыз, 2026
«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті
Бүгін Астанадағы «MEGA Silk Way» СОО орталығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Ұлттық киім» шеруін ұйымдастырды. Ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Бүгін Астанадағы Сейфуллин көшесінде автобус аялдамаға соғылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.»
Наурызнама • 18 Наурыз, 2026
Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар
Жер аяғы кеңіп, тіршілік атаулы қайта жандана бастаған шақта қазақ жұрты бір-бірімен көрісіп, Наурыз мейрамын тойлайды. Бұл айда Самарқанның тасы сияқты адамдардың көңіл мұзы жібіп, өкпе-ренішті ұмытады.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Тоқаев Қазақстан мен Аустрия арасында заңсыз жүрген адамдарға қатысты құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Аустрия Үкіметі арасындағы маңызды құжатқа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Президент Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Биыл ел азаматтары 30 тамызда демала ма?
Биылдан бастап ел азаматтары 30 тамызда демалмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Наурыз, 2026
Digital Qazaqstan форумы алғаш рет Шымкентте өтеді
Биыл Digital Almaty форумы жаңа деңгейге шығып, Digital Qazaqstan атауымен еліміздің басты ұлттық технологиялық форумы ретінде бекітілді. Бұл алаң Қазақстанның барлық өңірін біріктіріп, цифрлық бастамалар, IT-компаниялар, өнеркәсіптік тапсырыс берушілер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Наурыз, 2026
Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті
Мәжіліс депутаты Әбутәліп Мүтәлі Үкіметке жолдаған сауалында жоғары және орта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, білім сапасын бақылауды толық цифрландыруды ұсынды. Халық қалаулыларының айтуынша, бірқатар оқу орындарында студенттер формалды түрде тіркеліп, іс жүзінде білім алмай-ақ диплом иеленіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Наурыз, 2026
20 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Депутат волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеуді ұсынды
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары еріктілер саны айтарлықтай өсіп, қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Осыған байланысты Сенат депутаты Николай Арсютин бастаған халық қалаулылары Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министріне жолдаған депутаттық сауалында волонтерлік қызметті еңбек өтіліне есептеу және еріктілерді әлеуметтік қорғау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Президент «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Президентке компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады
Наурыз мейрамы кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын өтеу мақсатында сұранысқа ие бағыттарға қосымша пойыздар қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Депутат: Электрондық сауда полигондарға түсетін жүктемені жылдан-жылға арттырып отыр
Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, электронды сауданың қарқынды дамуы аясында экологиялық жүктемені азайту мәселесін көтерді. Халық қалаулылары қоршаған ортаны қорғау мен қалдықтарды тиімді басқару бағытында нақты шаралар қабылдауды ұсынды.
Оқиға • 18 Наурыз, 2026
Шымкентте ірі есірткі зертханасы жойылды
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер синтетикалық есірткі өндірілетін жасырын зертхананы анықтаған. Нәтижесінде прекурсорларды жеткізу арнасы тоқтатылып, мефедронның 8 мың дозасының таралуына жол берілмеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 18 Наурыз, 2026
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық және жалған ақпарат: Алматыда Санжар Боқаев ұсталды
Алматы қаласында қылмыстық іс аясында қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Тергеу органдары оны жалған ақпарат тарату және заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру дерегі бойынша күдікті деп танып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Наурыз, 2026
Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті
Израиль Президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.