Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 13 Қараша, 2025
2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?
2026 жылы Қазақстандағы мереке күндері бірнеше демалыс күніне сәйкес келіп тұр, сондықтан демалыс пен жұмыс күндерінің реті өзгереді. Яғни, ел тұрғындары бес күндік жұмыс аптасы бойынша 119 күн демалса, аптасына алты күн жұмыс істейтіндерде бұл көрсеткіш 67 күнге тең, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 13 Қараша, 2025
Экологтар Қазақстандағы ауа сапасы лас қалаларды атады
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның 70 елді мекеніндегі атмосфералық ауаны бақылау қорытындысы бойынша ауа сапасы төмен алты елді мекен анықталды: Қарағанды, Сәтпаев, Ақтөбе, Құлсары және Астана қалалары, сондай-ақ Шұбаршы кенті, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking дерегіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Қараша, 2025
Қазақстанның халықаралық резерві 124,1 млрд долларға жетті
Өсім алтын-валюта активтері мен банктердің Ұлттық банктегі депозиттерінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Депозитке ақша салу керек пе, әлде өмірді сақтандыруға қаржы құйған тиімді ме?
Банктік салымдар – сенімді қаржы құралы. Оларды ақшаны сақтау, пассивті табыс алу, қымбат затқа ақша жинау мақсатында ашады. Алайда олардың да белгілі бір тәуекелдері бар. 2025 жылы салымдардың неге қауіпті болуы мүмкін екенін және ақшаны қандай валютада пайызбен банкке салуға болатынын деректерге сүйеніп тарқатып көрейік, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Жаңа Салық кодексі такси жүргізушілеріне қалай әсер етеді?
2026 жылдан бастап күшіне енетін салық реформасы Taxi Forum Kazakhstan 2025 пленарлық алаңында талқыланды. Енді жаңа ережелер такси тарифтерін бірнеше есе өсірмейді, алайда инфляция мен салық талаптарының өзгеруі жол жүру құнының біршама қымбаттауына ықпал етуі мүмкін. «Атамекен» ҰКП форумда бизнес үшін оңтайлы шешім табудың маңызын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Алаяқтар алдаудың жаңа тәсілін тапты: Зейнетақы қоры нені ескеру керектігін мәлімдеді
Цифрлық технологиялардың белсенді дамуы жағдайында Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен күнге кеңейіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барады
Ақорда Мемлекет басшысының алдағы күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қараша, 2025
Елімізде бірыңғай QR іске қосылды
13 қарашадан бастап Қазақстанда дүкендер мен түрлі қызмет көрсету орындарында бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесі ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Central Asia Fintech Summit барысында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
Алматыда кәсіпкерлерге салынатын салық азая ма?
Жаңа Салық кодексі (2026 жылы күшіне енеді) шеңберінде елімізде жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. Сол орайда Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтеріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
«Тальго» Астана мен Қызылорда арасын жалғайтын болды
14 желтоқсаннан бастап «Тальго» пойызының бағыты кеңейеді. Бұған дейін Астана – Жезқазған арасында қатынаған заманауи құрам енді Қызылордаға дейін жүретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
1 жарым млн теңге: Шымкентте жүздеген тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болды
Шымкент қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында 99 тұрғынға 400 АЕК-ке дейінгі (1 572 800 теңге) қайтарымсыз грант берілді. Мемлекеттік қолдаудың ІІІ легінде жалпы 398 өтінім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz қаланың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Қараша, 2025
«Бір ауыл - бір өнім»: Жетісулық тұрғын саумалдан балмұздақ өндіре бастады
Жетісу облысында үш баланың анасы, 25 жылдан бері үй жағдайында сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын жас кәсіпкер саумалдан балмұздақ өндіре бастады. Ол өз тауарын «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінде таныстырған, енді кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың біріне қатысу арқылы өндіріс процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Сергей Кан «Қызылжар» футбол клубын дамытуға миллиардтаған қаржы құяды
Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын басқару тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Qyzyljar» ФК дамудың жеке моделіне көшуде. Қазақстандық кәсіпкер Сергей Кан клубтың жаңа инвесторы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Қараша, 2025
Канада азаматы мойын омыртқасына операция жасату үшін Қазақстанға келді
Канада азаматы алғаш рет Қазақстанға мойын омыртқасына көпфункционалды жасанды диск орнату бойынша жоғары технологиялық операция жасау үшін келді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Қараша, 2025
Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады
Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы шеңберінде экономиканың басым бағыты бойынша жобалар пулын қалыптастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Отандық такси нарығына жаңа компания келуі мүмкін
Халықаралық Veon компаниясы Қазақстанда цифрлық экожүйе қалыптастыруға кірісті. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, компания қазірдің өзінде OLX Group-тың еліміздегі бөлімшесін сатып алу жөнінде келісімге келген. Ендігі мақсат – Kaspi.kz сияқты ірі финтех компаниясымен, сондай-ақ «Яндекс» басқаруындағы жергілікті такси сервистерімен бәсекеге түсу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Маңғыстауда түйе сүтін өндіретін жаңа цех іске қосылды
Аталған өңірде «Қарағантүбек» серіктестігі жалпы құны – 600 млн теңгені құрайтын, түйе сүтін сауып әрі өңдейтін жаңа цехты іске қосып отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 13 Қараша, 2025
Балабақша ғимаратын сапасыз салған: Құрылыс компанияларының жауапсыздығы тыйылар емес
Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі мен құрылыс саласын реттейтін заңдарға өзгерістер енгізу жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Қазан айының басында түзетулер жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Жаңашылдықтар елде мемлекеттік бақылау шараларын күшейтуді және қала құрылысы жоспарлауын жетілдіруді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 13 Қараша, 2025
Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысы туралы бірер күн бұрын Үкімет отырысында айтқан еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 13 Қараша, 2025
ҚҚС өсімі құрылыс саласын шығынға ұшырата ма?
2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға өсуі мемлекеттік құрылыс жобаларын залалды етуі мүмкін. Бизнес бұл мәселені шешу үшін Үкіметтен нақты механизм сұрап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 13 Қараша, 2025
Кімдікі тиімді: Банктердің ипотекалық өнімдеріне шолу
Ипотека — тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің негізгі қаржы құралы болып қала береді. Әлемнің дамыған елдерінде тұрғын үй сатып алушылардың басым бөлігі несие қаражатын пайдаланады. Мысалы, АҚШ-та алғашқы рет үй алған 10 адамның 9-ы ипотекалық немесе банктік қарыз арқылы сатып алған. Еуропада да ұқсас жағдай — әрбір үшінші үй иесі баспанасын ипотека есебінен алған. Ал Қазақстанда ипотекалық нарық үш бағытта дамып келеді: Отбасы банкінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі, екінші деңгейлі банктердің стандартты ипотекалық өнімдері және банк пен құрылыс компанияларының серіктестік бағдарламалары, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қараша, 2025
Алматыда көліктерді заңсыз тіркегендерге сот үкімі шықты
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу бойынша көлемді қылмыстық істі аяқтап, кінәлілерге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп жазады Egemen.kz,
Жасанды интеллект • 13 Қараша, 2025
Атырауда бағдаршамдарға жасанды интеллект жүйесі енгізілді
«Ақылды бағдаршамдар» жобасы Атырау қаласында іске асырылып жатыр. Жоба заманауи технологиялар мен ЖИ элементтерін пайдалана отырып, қала көшелеріндегі қозғалысты тиімді реттеуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 13 Қараша, 2025
Халық қолға ақша ұстамайтын болды: Айналымда қанша банк картасы бар?
Қазақстанның қаржы секторы цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдары финтех экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналып, банктер мен басқа да қаржы институттары, бизнес және тұтынушылар арасындағы өзара әрекеттесудің заманауи үлгілерін қалыптастырды. Әлемдік цифрландыру толқыны аясында Қазақстан нарығы тұрақты өсім көрсетіп, ресми деректермен де расталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 13 Қараша, 2025
Астанада қызметтік ит автокөліктен есірткі тауып алды
«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Қараша, 2025
Бәсекелестікті қорғау агенттігі 276 млн теңге табыс тапқан әуе компаниясының үстінен шағым түсірді
Кассациялық сот «Жезқазған-Эйр» акционерлік қоғамына қатысты антимонополиялық тергеу қорытындысы мен заң бұзушылық белгілері туралы хабарламалардың заңды екенін мәлімдеп, төменгі инстанцияларда өткен дауға соңғы нүкте қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 13 Қараша, 2025
Павлодарда полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
12 қарашада Павлодар облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу барысында полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Салтанатты іс-шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 13 Қараша, 2025
Елдегі инфляцияны маркетплейстер өршітіп отыр ма?
2025 жылы бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да инфляциялық процестердің күшеюі байқалады. Бұл құбылыс геосаяси және экономикалық факторлардың жиынтығымен байланысты. Инфляция жаһандық жеткізу тізбегіне, шикізат нарықтарына және валюта бағамдарына әсер етті. Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция деңгейі 12,6%-ды құрап, бір ай бұрынғы көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен болды. Осы жағдайда қоғамда инфляцияның жеделдеуі үшін кім жауапты және қандай факторлар негізгі себеп болды деген сұрақ жиі талқыланып жүр. Көптеген нұсқалар бар, олардың кейбірі негізделген, ал кейбірі тек болжам сипатында. Мәселен, кей сарапшылар бағаның өсуін маркетплейстердің қызметімен байланыстырады, бірақ мұндай пікірді растайтын нақты статистикалық не аналитикалық дәлел жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қараша, 2025
Жеке кәсіпкер Қызылорда облысындағы агроөнеркәсіптік жобаға 51 млрд теңге жұмсады
Жалағаш ауданында Harvest Kazakhstan агроөнеркәсіптік кластерінің жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба өңірде жоғары технологиялы суармалы егіншілікті дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.