Заң мен Тәртіп • 13 Қараша, 2025

Алматыда көліктерді заңсыз тіркегендерге сот үкімі шықты

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті көлік құралдарын заңсыз тіркеу бойынша көлемді қылмыстық істі аяқтап, кінәлілерге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп жазады Egemen.kz,

Алматыда көліктерді заңсыз тіркегендерге сот үкімі шықты

Фото: pinterest.com

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, үш жыл бойы бір топ адам Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен ымыраласып, көліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымды айналып өтетін қылмыстық схема құрып келген.

Схема ұйымдастырушылары делдалдар арқылы алым төлеуден жалтарғысы келетін көлік иелерін тауып отырған. Заңсыз тіркеуді жасыру үшін автокөліктер жалған тұлғалардың атына рәсімделген.

АХҚО қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, 132 көлікті заңсыз тіркеуге қойған. Соның салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Тергеу барысында төленбеген алымдардың бір бөлігі – 273 миллион теңге ерікті түрде өтелді.

Сот кінәлі үш тұлғаны 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025