Соңғы жаңалықтар
Спорт • 17 Наурыз, 2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Щучинсктегі жарылыс: Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
Ақмола облысында Щучинскіде дәмханада болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы белгілі болды, деп жазады Egemen.kz sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция – жаңару мен тұрақтылыққа қоғамдық таңдау
Еуразиялық интеграция институтының Интерактивті және салыстырмалы зерттеулер департаментінің жетекшісі Серік Жүсіпов атап өткендей, Қазақстандағы жаңа Конституцияға өткізілген референдум қоғамның жаңаруға деген сұранысына уақытылы жауап болғанын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Қазақстандағы конституциялық реформа – мемлекет тарихындағы саяси жүйені жетілдірудің маңызды кезеңі. Сарапшы Ильгар Велизаде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаны бастамашылық етуін, оның маңызын және жаңа саяси институттардың елдің басқару құрылымына ықпалын түсіндіреді,деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
Амина Қосбаева: Референдум азаматтардың саяси белсенділігін көрсетті
Қазақстанда өткен республикалық референдум азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының бас сарапшысы Амина Қосбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстанда жұмысшы тоқ соғып қаза тапты
Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің электр желілеріне қызмет көрсететін кәсіпорынның қызметкері жұмыс барысында тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Сарапшы: Жаңа Конституцияны қолдау – қоғамның жаңғыруға дайын екенін көрсетеді
Жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдум нәтижелері қоғамның ұсынылған реформалар бағытын кеңінен қолдайтынын және азаматтардың ұлттық деңгейдегі шешімдер қабылдауға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының саяси сараптама департаменті басшысының орынбасары Әділхан Ғаделшиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы
Президент • 17 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Америкалық сарапшы: Қазақстандағы Конституциялық комиссия реформаның инклюзивтілігін қамтамасыз етті
Қазақстандағы конституциялық реформа өзгерістерді дайындаудың инклюзивті тәсілдері мен ашық қоғамдық талқылаудың маңызын айқын көрсетті. Мұндай пікірді АҚШ сарапшысы Уэсли Александр Хилл халықаралық сарапшылардың дөңгелек үстелінде айтып, 15 наурызда өткен референдум азаматтарға мемлекеттік басқарудың болашақ моделіне қатысты өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік бергенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Өткен жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелген: Астана көш бастап тұр
2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды. Қалалық жерде некелердің 68,1%-ы (78,9 мың) тіркелсе, ауылдық жерде қиылған некенің көрсеткіші 31,9%-ды (37 мың) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Наурыз, 2026
Президент жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру мәселесі жөнінде жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Қазақстандағы конституциялық реформа елдегі өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген жаңа даму моделіне көшуін көрсетеді. Мұндай пікірді Орталық Азия бойынша маман, профессор Андрей Казанцев халықаралық сарапшылардың дөңгелек үстелінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция: халық таңдауы айқындалды
Жаңа Конституция бойынша өткен референдум ел азаматтарының өзгеріске дайын екенін көрсетті. Ресми мәліметке сүйенсек, дауыс беруге халықтың 73,12 пайызы қатысып, оның 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдады. Бұл – жұрттың елдің болашағына бейжай қарамайтынын, даму бағытын бірге айқындауға ниетті екенін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 17 Наурыз, 2026
Испаниялық журналист Дастан Сәтпаевтың «Ақтөбеге» соққан голына тәнті болды
17 жасар Дастан Сәтпаев Қазақстан премьер-лигасының маңызды ойыны «Ақтөбемен» кездесуде командасына жеңіс сыйлады. Ойынның екінші таймында алаңға шыққан жас шабуылшы 76-минутта қарсыласынан допты тартып алып, дәл соққымен есеп ашты. Бұл – оның жаңа маусымдағы алғашқы голы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Сарапшылар Конституциялық реформа мен Қазақстанның келешегін талқылады
Бүгін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сараптамалық дөңгелек үстел өтті, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 17 Наурыз, 2026
Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?
Қазақстандағы құрылыс секторы ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс секторы ІЖӨ-нің 6,1%-ын немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте еліміздің құрылыс саласы бір жыл ішінде 15,9%-ға өсті, бұл – экономиканың барлық салалары арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Доллар бір тәулікте 6,59 теңгеге арзандады
17 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 479,02 теңгеге дейін төмендеді. Ал бір күн ішінде валюта 6,59 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасы жеңілдетілді. Хаменова жазасын жабық мекемеде өтемейтін болды. Оған тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шектеу түрімен алмастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рекорд • 17 Наурыз, 2026
Жаңа рекорд: Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй тартты
Алматыда Наурыз мерекесіне орай бұрын-соңды болмаған ауқымды музыкалық флешмоб өтіп, бір мезетте 11 500 оқушы домбыра тартып, Қазақстан рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
Грузия дипломаты: Қазақстанда өткен референдум халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді
Қазіргі таңда конституциялық референдумдар ауқымды институционалдық өзгерістерді заңдастырудың негізгі құралына айналды. Мұндай пікірді дипломатия және халықаралық құқық мәселелері бойынша халықаралық сарапшы Давид Апциаури Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Maqsut Narikbayev University (MNU) бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сарапшылар дөңгелек үстелінде білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Конституциялық реформаны қоғамдық қабылдауда азаматтар күнделікті өміріне, әлеуметтік қорғалуына және мемлекеттік басқару сапасына тікелей әсер ететін нормаларға көбірек назар аударады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Наурыз, 2026
Пәкістан Премьер-министрі Тоқаевты республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады
Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Наурыз, 2026
Қазақстанға заңсыз карантиндік өнімдер әкелген 145 дерек анықталды
Жыл басынан бері Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық дерегі тіркелді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Наурыз, 2026
Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді
Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац Иранның жоғары қауіпсіздік қызметінің хатшысы Әли Лариджанидің әскери соққы нәтижесінде қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 17 Наурыз, 2026
Дихан Қамзабекұлы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Бүгін елімізде жаңа Конституция қабылданды. Осы тарихи оқиға аясында мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп жазады Egemen.kz
Шымкент • 17 Наурыз, 2026
Шымкент көшелеріне 1,6 млн түп гүл егіледі
Биыл Шымкент көшелері мен қоғамдық орындарына 1,6 млн түп гүл егіледі. Осы мақсатта қаладаағы Асар шағынауданында аумағы 2 гектарлық жылыжайда көп жылдық гүлдер өсірілген, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Наурыз, 2026
Енді кез келген банкте тұрғын үйге ақша жинауға болады
19 наурыздан бастап еліміздегі екінші деңгейлі банктер тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне қатысады. Енді салымшылар екінші деңгейлі банктерде тұрғын үй үшін қаржы жинай алады. Ал банктерге осы жүйе аясында несие беруге рұқсат етіледі, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 17 Наурыз, 2026
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды
Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл көктемде 21 мыңнан астам жас азамат ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылымдардың қатарын толықтырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Наурыз, 2026
Елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайды
Елімізде 2026 жылдың басынан бері туу деңгейі артып, өлім-жітім саны айтарлықтай азайған. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің тұрақты жақсарып келе жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.