Соңғы жаңалықтар
Заң мен Тәртіп • 03 Қазан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасы: Қаржылық еркіндікке қадам
Елдегі әр екінші азаматтың мойнында несие бар. Ал 1,5 млн адамның банк шоты берешекке байланысты бұғатталған. Ресми дерекке сүйенсек, халықтың жалпы қарызы 26 трлн теңгеден асып жығылады. Байқасақ, көпшілігі тапқан табысын алдымен несиені өтеуге, қалғанын күнделікті шығынға әрең жеткізеді. Кейде амалсыз оны да несиемен жамайды. Осылай қарыз қамытын киген жұрт күйзелісте өмір сүріп жатыр. Бұл әлеуметтік түйткілдің түйіні қалай тарқайды?
Пікір • 03 Қазан, 2025
Парламенттік реформа саяси жүйенің маңызын арттырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа тарихи дәуірге қадам басқанын білдіретін стратегиялық маңызға ие құжат. Онда еліміздің беделін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ілгерілетуге қатысты ұстанымдарымыз көрініс тапқан.
Зерде • 03 Қазан, 2025
«Шарқи сурх» журналындағы жазба немесе Әуезовтің тәжік қаламгері Икрамиға тигізген шапағаты хақында
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «ТМД архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты жоба аясында Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласына барған едік. Сол сапарда қоржынымызға қазақтың классик қаламгері Мұхтар Әуезов пен Тәжікстанның халық жазушысы Жалол Икрами арасындағы рухани достықтың дәнекері боларлық деректер түсті.
Тағзым • 03 Қазан, 2025
Айгүл Аханбайқызы қазіргі қазақ журналистикасындағы қалам қуаты мол, ақыл-парасат, кәсіби біліктілігі айқын қаламгер еді. Оның кісілік биік қасиеттерін жақын таныған адамдар жақсы біледі. Мынау жарық дүниеде рух туыстығы аса маңызды.
Ғалам ғажаптары • 03 Қазан, 2025
Әлем мектептерінде жаңа дәуір басталды. Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Эстония, Тәжікстан сияқты елдерде жасанды интеллектіні үйрететін арнайы пәндер енгізіліп жатыр.
Жансарай • 03 Қазан, 2025
Костарикалық фотограф Әнел Кенжекеева – қазақ жұртының жиені. Ол биыл қазақ тамырларын іздеу жолында туған «Менің Қазақстанға сапарым» атты фотокітабын таныстырып, жерлестеріне нағашы жұртын әйгіледі.
Ғалам ғажаптары • 03 Қазан, 2025
Пазл – адамды ұшқыр ойлауға үйрететін һәм логикасын дамытатын ойын түрі. Бұл бас қатырғыш ойынның пайда болу тарихы да қызық.
Аймақтар • 03 Қазан, 2025
Қосалқы станса энергия тапшылығынан құтқарады
Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында өңірлік электртораптық компаниясының жаңа қосалқы стансасы ашылды. Қосалқы станса 10 мыңға жуық тұрғыны бар, облыс орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан ауылды электр энергиясымен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.
Ғалам ғажаптары • 03 Қазан, 2025
Мұндай да болады екен-ау. Голливуд өмірде жоқ Тилла Норвуд есімді жасанды актрисамен келісімшартқа отырмақ.
Әдебиет • 03 Қазан, 2025
Жүрек не дейді, жұрт не дейді?
Жазбағымыз ет пен сүйек жыры. Абай «ет жүрексіз, ерніңнің айтпа сөзін» деп дүниенің хикметін жалғыз ауыз лепеске арқандап қойғандай көрінеді де тұрады. Осы шумақты оқып, жан-тәнімен сезіну өз алдына, онымен өмір сүрген жанның өмірін біз қазір көрмек түгілі елестете аламыз ба? Қандай да бір мәселе, әлдебір тақырыпты байыптай келгенде, Абайға тіреле беретініміз де осыдан шығар мүмкін.
Жануарлар • 03 Қазан, 2025
Жойылуға сәл-ақ қалған Амур жолбарысының зообақ жағдайында көбеюі генетикалық алуандықты сақтап, популяцияны қорғауда аса маңызды.
Музей • 03 Қазан, 2025
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Көне кітаптар мен қолжазбалар, фотосуреттерді жинау» атты ауқымды жоба бастады. Бастама аз уақыттың ішінде халықтан зор қолдау тапты.
Тағзым • 03 Қазан, 2025
Ақиқаттың алдаспаны, шындықтың шырақшысына айналған Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туған ауылы Талаптыда «Шерағаның шекпенінен шыққандар» атты жаңа кітап таныстырылды. Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болған іс-шараға еліміздің әр қиырында тұратын Шерағаның шәкірттері жиналды.
Көрме • 03 Қазан, 2025
Суретшінің мерейтойлық көрмесі ашылды
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев танымал суретші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерболат Төлепбайдың көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, арнайы сөз сөйледі. Ұлттық музейде таныстырылған көрме қылқалам шеберінің мерейтойына және шығармашылығының 50 жылдығына арналып отыр.
Келешек мектептері • 03 Қазан, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен мектеп салынды
Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицей салтанатты түрде ашылды.
Қылмыс • 03 Қазан, 2025
Кореяда мейрамхана тонаған Қазақстан азаматы ұсталды
Кореяда 20 жастағы Қазақстан азаматы жұмыс уақыты басталмай тұста ішінде адам жоқ мейрамханаға кіріп, кассадағы қолма-қол ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 02 Қазан, 2025
Рудныйда ірі көлемде «мефедрон» сақтаған жасөспірім ұсталды
Рудный прокуратурасының үйлестіруімен Теміртау қаласының 16 жастағы тұрғыны қолға түсті. Жеке тексеру кезінде оның қалтасынан «мефедрон» салынған түйіншектер табылды, деп хабарлайды Egemen.kz прокуратураның ақпаратына сілтеме жасай отырып.
Технология • 02 Қазан, 2025
Қазақстанда 1414 нөміріне ЖИ-ассистент жауап бере бастады
Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қазан, 2025
Қазақстаннан қай мемлекеттерге көп ақша аударылады?
2025 жылдың тамызында Қазақстаннан шетелге жасалған халықаралық ақша аударымдары айтарлықтай азайды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 02 Қазан, 2025
Құқық бұзып, қоғамдық жұмысқа тартылды
Қармақшы аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Өзбекстан президенті қазақ балуанына пәтер сыйлады
Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиёев жуырда ғана Хорватияның астанасы – Загребте өткен әлем чемпионатында бас жүлдені олжалаған грек-рим күресі шебері Айтжан Қалмахановқа Ташкент облысының орталығы – Нурафшан қаласынан жайлы пәтер сыйлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2025
Қазақстан кубогінде Швейцарияның төрешілері қазылық етеді
4 қазанда Қызылордадағы «Қайсар Аренада» футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президентке отандық AI жобалар таныстырылды
Mirai Tech мекемесі жасаған Deep-tech стартапында биомеханиканың портативті ЖИ зертханасы көрсетілді. Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 02 Қазан, 2025
Қазақстан e-gov-тен AI-gov-қа: Астанада халықаралық форум өтті
Елордада электрондық үкіметтен жаңа кезең – AI-gov жүйесіне көшуді талқылауға арналған халықаралық Astana Open Dialogue форумы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, сараптамалық орталықтардың, бизнес пен халықаралық сарапшылар қауымдастығының 700-ден астам өкілі қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ, деп жазды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Кездесу барысында жасанды интеллект, цифрлық трансформация, венчурлық инвестиция, стартаптар экожүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаһандық технологиялық серіктестерді тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Президент: Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз - қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы
Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды қазақ-мажар қатынасының алтын арқауы деп атады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок баспасөз брифингін өткізді
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстан президенттері БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақорда.
Парламент • 02 Қазан, 2025
Сенатор Үкіметтен музыкалық аспап шеберлеріне кәсіби мәртебе беруді сұрады
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі палатаның жалпы отырысында музыкалық аспап шеберлерінің түйіткілді мәселелеріне арналған депутаттық сауалын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты Қазақ елінде қарсы алу үлкен мәртебе екенін, халқымыз Мажарстан Президентін аса көрнекті мемлекет қайраткері, парасатты басшы, беделді тұлға деп қабылдайтынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.