Қаржы • 02 Қазан, 2025

Қазақстаннан қай мемлекеттерге көп ақша аударылады?

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың тамызында Қазақстаннан шетелге жасалған халықаралық ақша аударымдары айтарлықтай азайды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстаннан қай мемлекеттерге көп ақша аударылады?

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5% төмен (2024 жылдың тамызында – 183,4 мың).

Жалпы көлем де азайған: қазақстандықтар шетелге 72,7 млрд теңге жіберді. Былтырғы көрсеткіш – 77,3 млрд теңге. Яғни, құлдырау шамамен 6%-ды құрады. Дегенмен, шілдемен салыстырғанда, керісінше, шағын өсім байқалды (+1,8% транзакция, +3,2% сома).

Қазақстандықтардың ақша аударатын негізгі бағыттары өзгерген жоқ:

  • Өзбекстан – 27,9 млрд теңге (былтыр – 30 млрд);
  • Ресей – 18,4 млрд теңге (былтыр – 19 млрд);
  • Түркия – 11,2 млрд теңге (былтыр – 13,2 млрд);
  • Қырғызстан – 2,5 млрд теңге (былтыр – 3 млрд).

Айта кетерлігі, тек Грузияға жасалған аударымдар артқан: 4,6 млрд теңге (2024 жылы – 4,3 млрд). Шетелден Қазақстанға да ақша аударылды. 2025 жылдың тамызында елге 48,4 мың транзакция жасалып, 20,8 млрд теңге аударылды.

Бұл былтырғы көлемге (20 млрд) қарағанда сәл ғана жоғары, бірақ транзакциялар саны айтарлықтай азайған (59,5 мыңнан 48,4 мыңға).

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50