Соңғы жаңалықтар
Кәсіпқой бокс • 11 Наурыз, 2026
IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды
International Boxing Federation (IBF) халықаралық бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды. Сондай-ақ отандасымызға тиесілі болған чемпиондық белбеудің әзірге бос екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 11 Наурыз, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана және Алматы қалаларында ақша айырбастау орындарында доллар 492-498 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 11 Наурыз, 2026
Мал ұрлығының алдын алу өзекті
Қазір Солтүстік Қазақстан облысының жеке шаруашылықтарында 900 мыңнан аса қара мал мен жылқы тіркелген. Ауыл тұрғындары нәпақасын осы азын-аулақ төрт түлігімен айырып отыр. Баласын оқыту, емделу, жол жүру сияқты қажетті шығындарын да малымен өтейді. Сондықтан ақ адал малынан айырылып қалу – шаруаларға ауыр соққы.
Заң мен Тәртіп • 11 Наурыз, 2026
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тоқтамайтынын атап өткені мәлім. Соның арқасында елімізде нәзік жандар мен жасөспірімдердің құқығын қорғаудың озық жүйесі заңнамалық тұрғыда жетілдірілді. Өңірлерде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жұмысы айтарлықтай күшейді.
Тарих • 11 Наурыз, 2026
Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві – еліміздегі аудиовизуалды құжаттарды сақтауға маманданған бірегей мекеме. Архив қорында ел тарихының маңызды кезеңдерін қамтитын 100 мыңнан астам фотосурет, киноқұжат пен дыбыс жазбасы жинақталған.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Елімізде 2 жылда 124 вокзал жөнделеді, қазір 36 нысан жаңғыртылды
2019–2025 жылдар аралығында елімізде теміржол инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Жеті жыл ішінде барлығы 9436 шақырым теміржол әртүрлі жөндеу жұмысымен қамтылды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін едәуір жақсартып, магистралдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік саласының жұмысын сапаландыра түсті.
Қылмыс • 11 Наурыз, 2026
Атырауда алаяқтар қылмысы өршіп тұр. Құқық қорғау органдарын интернеттегі алаяқтық қылмысының 14 пайызға артқаны алаңдатады. Кейінгі жылдары арам пиғылды алаяқтардың осындай заңсыз әрекетінен жәбірленушілерге 1 млрд 297 млн теңгеден аса шығын келтірілген.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Ел азаматтарына ұсынылған автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі отандық өндіріске тың серпін беріп, жаңа қырынан дамытады деп күтілген еді. Былтыр автолизинг бағдарламасы іске қосылды. Бірақ жұртшылыққа жаңа көлік мінгізуге тиіс бағдарлама басталмай жатып тоқтап қалды. Сарапшылардың пікірінше, жеңілдетілген несиеге балама болатын бастаманың жарты жолдан үзілуіне техникалық түйткілдер себеп болған.
Құқық • 11 Наурыз, 2026
Былтыр 16 қыркүйекте күшіне енген «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы» заңның сталкинг туралы бабы бойынша Батыс Қазақстан облысында екі азамат жауапқа тартылды.
Шаруашылық • 11 Наурыз, 2026
Павлодар қоймаларында 50 мың тонна картоп пен 30 мың тонна сәбіз сақталып тұр. Бұл облыс тұрғындарының күзге дейінгі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.
Қоғам • 11 Наурыз, 2026
Жақында Жымпитыда «Алаш тарихының іздері һәм ұрпақтар сабақтастығы» атты мәдени-көпшілік іс-шара өтті. Жиынға 30-жылдары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арыстардың ұрпақтары қатысты.
Digital • 11 Наурыз, 2026
Бүгінде елімізде 2000-нан астам шағын жинақты мектеп жұмыс істейді. Бұл – ауылдағы білім жүйесінің тірегі болғанымен, кадр тапшылығы мен пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі секілді мәселелер әлі де өзекті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында ЖИ-дің білім жүйесінде де басымдыққа ие болуы қажеттігін атап өткен еді. «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзыретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.
Digital • 11 Наурыз, 2026
«Менің атым – Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың: «Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол – шамшырақ. Тек жаға білу керек», деген сөзі қашанда өзекті. Алайда қазір мектептегі мұғалімдердің алтын уақытын түрлі құжат пен жоспар, есеп-қисап жұтып қоятыны жасырын емес. Қағазбастылықты азайтуға бағытталған талпыныстар болғанымен, күрмеуі қатты бұл түйткіл әзірге шешілген жоқ. Дегенмен осы мәселенің түп-тамырын жоюды көздеген цифрлы жобалардан үміт күтеміз. Мәселен, «Shyraq AI» – жасанды интеллект арқылы мұғалімнің күнделікті жұмысын едәуір жеңілдететін платформа. Кейінгі екі жылдың ішінде 55 мың мұғалім осы жүйеге тіркеліп, қызығын көріп отыр.
Білім • 11 Наурыз, 2026
Білімді бақылау жүйесінде алға озды
Білім саласының қызметін цифрландыру жөнінен Шымкент республика көлемінде алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Үкімет • 11 Наурыз, 2026
Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді
Елдегі құрылыс саласының жайы, тұрғын үй құрылысының қарқыны мен цифрландыру мәселелері Үкіметтің кезекті отырысында қаралды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында құрылыс сапасын көтеру, саланы жаңа цифрлық жүйелер арқылы реттеу әрі жаңа Құрылыс кодексі аясындағы өзгерістер сөз болды. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысын жүйелі дамыту мен құрылыс жұмыстарын бақылауды күшейту бағытындағы міндеттер айқындалды.
Спорт • 11 Наурыз, 2026
Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өткен гран-при додасынан балуандарымыз 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі.
Реформа • 11 Наурыз, 2026
Мәжіліс төрағасы Париждегі бүкіләлемдік саммитке қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты.
Жәдігер • 11 Наурыз, 2026
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің көшпелі тұрмыс мәдениетіне арналған бөлімінде XIX ғасырда жасалған асадал мен төсекағаш сақтаулы тұр. Құнды жәдігерлерді кезінде Торғай ауылының тұрғыны Дәметкен Есмағұловадан осы мұражайды ашқан Өзбекәлі Жәнібековтің өзі барып сұрап алған.
Саясат • 11 Наурыз, 2026
Жаңа Ата заң – сын-қатерлерге берілген жауап
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңір жұртшылығымен және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.
Қоғам • 11 Наурыз, 2026
Мексикадағы қазақтану: Мағжаннан Димашқа дейін
Димаш десе «Дайдидау» әні, «Дайдидау» десе Димаш есімі қатар аталатыны белгілі. Қайбір жылдары Димаш Құдайберген бір сұхбатында «Дайдидау» әнін әлемге танытсам» деген-ді. Әнші ол арманына жетті. Ал қостанайлық ақын Абылай Мауданның «Дайдидау» поэмасы 2005 жылы туып, автор кейін ән мен әнші танымал болғанда өз қаражатына орыс, түрік, ағылшын тілдеріне аударып, жинақ қылып шығарған. Аталған туынды енді испан тіліне аударылып отыр.
Саясат • 11 Наурыз, 2026
Ұлытау жұртшылығы конституциялық реформаны қолдады
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Кездесуге депутаттар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының мамандары және өңір тұрғындары қатысты.
Басылым • 11 Наурыз, 2026
Қаламгердің таңдамалысы таныстырылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы» жинағының тұсаукесері өтті.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
359 шетелдік байқаушы қатысады
Орталық референдум комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталғаны хабарланып, өңірлердегі жалпыұлттық науқанға дайындық барысы пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Наурыз, 2026
Мұнай бағасы 15%-ға төмендеп, бір барреліне 83 долларды құрады
Әлемдік нарықта мұнай бағасы шамамен 15%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта Brent crude oil маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 83 доллар тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне соққы жасады: 6 адам қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктері аумағында Иранның жауап соққылары салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 122 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Ауа райы күрт нашарлады: Бірқатар жолда жол апаты тіркелді
«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық автожолында қолайсыз ауа райы салдарынан 7 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол қызметтері мен құқық қорғау органдары қозғалысты қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Қарағанды облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды
Қарқаралы қаласынан 15 км қашықтықта жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктерін зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуылдау әрекеттерін айыптады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Адам капиталы – өсудің маңызды факторы: Қазақстан жаһандық рейтингте өз орнын жақсартты
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан адам капиталының жаһандық бағалауында өз орнын айтарлықтай жақсартты. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, Қазақстан Human Capital Index Plus (HCI+) индексі бойынша 230 балл жинап, 13 орынға көтеріліп, 161 елдің ішінде 42-орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Ерлан Қошанов Бүкіләлемдік саммитте Ұлттық ядролық кластер құру жөнінде айтты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.