Ардагер
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Алматыда бильярдтан ардагерлер арасында жарыс өтті
Алматыдағы «Парасат» орталығында ардагерлер арасында бильярдтан халықаралық турнир өтті. Бұл жарыс белгілі инженер, «Құрмет» орденінің иегері, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, республикалық Бильярдшылар одағының президенті Жақсықұл Мырзахметұлының құрметіне арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 19 Мамыр, 2025
Демеушілер 101 жастағы ардагердің баспанасын жөндеп берді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Осакаров ауданының тұрғыны Анна Котованың үйі күрделі жөндеуден өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Сынаптай сырғыған уақыт. Өмір ағысымен ұрпақ алмасады. Кешегі толқынның ізін бүгінгі буын басады. Сол айтпақшы, ел шетіне жау тигенде арыстандай айбат шеккен ҰОС ардагерлерінен осы күнде санаулы ғана жан қалыпты. Батырлардың көзі кетсе де артындағы бала-шаға, немелерінің естеліктері олардың ерліктерін ешқашан жоқтатпайды.
Мереке • 10 Мамыр, 2025
Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғысының қаһармандарын көрді
Жеңіс күніне арналған дрондар шоуын тамашалауға Абай алаңына 60 мыңнан астам адам жиналды.
Мереке • 09 Мамыр, 2025
Жеңістің 80 жылдығы жарқын істермен есте қалды
Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Қарағандыда Жеңіс күніне орай ашық аспан астандағы көрме өтті
9 мамырда Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ашық аспан астындағы көрме-инсталляция өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Семейде ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
9 мамырда Абай облысының әкімі Берік Уәли мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Руслан Омаров соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Шевцовты құттықтап барды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 08 Мамыр, 2025
Ардагерлер жайлы жаңа кітап шықты
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Майдангерлер. Боздақтар» атты жаңа кітап оқырманға ұсынылды деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Астана әкімдігі шеруге кіре алмаған тыл ардагерінен кешірім сұрады
Әлеуметтік желіде 7 мамыр күні Астанада өткен әскери шеруге кіре алмаған тыл ардагерінің видеосы тарады. Әкімдік видеоға назар аударып, тыл ардагерінен кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
Оралдық ардагер параспортшы 80 шақырымды жаяу жүріп өтті
Ардагер параспортшы Құбайдолла Хасанов Ұлы Жеңістің құрметіне орай 80 шақырымдық жаяу жүрісті сәтті аяқтады деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне пәтер кілті берілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 08 Мамыр, 2025
Ұлытауда тыл ардагерлері марапатталды
Жеңістің 80 жылдығына орай облыстағы тыл ардагерлері мен кәмелет жасына жетпей тұтқында болған азаматтарға бір реттік 200 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 06 Мамыр, 2025
Астанадағы ардагерлерге арналған госпитальде жыл сайын неше адам ем алады?
Астана қаласындағы Ардагерлерге арналған Орталық клиникалық госпитальде жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам медициналық көмек алады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, интернационалист-жауынгерлер, Чернобыль апатына қатысқандар, саяси қуғын-сүргін құрбандары, Семей полигонынан зардап шеккендер және оларға теңестірілген өзге де азаматтар бар.
Қоғам • 03 Мамыр, 2025
Сыр елі — батыр бабаларымыздың ізі қалған қасиетті топырақ. Ұлы отан соғысына бір ғана Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанған.
Мереке • 03 Мамыр, 2025
Ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Петропавлда Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагер Фёдор Щегловты арнайы құттықтады.
Өшпес даңқ • 29 Сәуір, 2025
Ардагерлерге берілетін төлем мөлшері артады
Алматыда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Алматы • 28 Сәуір, 2025
Алматыда ардагерлерге 5 миллион теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі
Қазіргі кезде Алматыда 21 ардагері Ұлы Отан соғысының, 6149 тыл еңбеккері тұрады.
Өшпес даңқ • 16 Сәуір, 2025
Әскерилер Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Бегуновты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 14 Сәуір, 2025
Ғасыр жасаған ардагерді құттықтады
Кеше қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Ефимовна 100 жасқа толды. Мерейтой иесін құттықтауға Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесі, әскери қызметкерлер мен оқушылар барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Сәуір, 2025
Астанада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді
Астанада қазір тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 10 Сәуір, 2025
Ардагерлер ұйымының кезекті пленумы өтті
Бүгін Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің III пленумы өтті. Оған аталған ұйымның төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егемен Қазақстан • 28 Ақпан, 2025
Қазақ баспасөзінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді
«Қазақ газеттері» серіктестігінде қазақ баспасөзіне елеулі еңбек сіңіріп, зейнет демалысына шыққан бірқатар азаматқа құрмет көрсетілді. Сондай-ақ жаңа қызметке тағайындалып жатқан журналистерге «сәт сапар» айтылды. Жиынды Бас директор Дихан Қамзабекұлы жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 26 Ақпан, 2025
Ұландықтар ардагерге құрмет көрсетті
Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері талдықорғандық Сәрсенбай Қаңтарбай ақсақалдың шаңырағында болып, жауынгерге құрмет көрсетті.
Құқық • 26 Ақпан, 2025
Жоғарғы Сот ардагердің құқығын қорғады
2011 жылы отбасында 5 адамы бар Астана тұрғынына мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2023 жылдың наурыз айына дейін жалға алу шарты жасалған 89,5 шаршы метр пәтер берілген, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Студенттер ауған соғысы ардагерлерімен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде дінтану мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Сен халқыңның жүрегіндесің, жауынгер!» тақырыбында кездесу өтті.
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматыда Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Алматыда Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай дәстүрлі тағзым ету іс-шарасы өтті. Жиналғандар 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау мен Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыс зардабын тартып, өмірден өткен жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2025
Майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі
Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толады. Мерейлі күнді мерекелеу қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде қаражат аударылатын болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2025
Қазақстанда 85 203 соғыс ардагері тұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер тұратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 16 Қаңтар, 2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль шығарылады
Биыл 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғысындағы жеңіске 80 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай ардагерлерге арнайы медаль табысталады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2025
Елордада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Астана әкімдігінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.