Астана
Президент • Бүгін, 15:20
Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT-ның 001 сериялы жол жүру картасы табысталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 15:02
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезеңі іске асырыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 14:40
LRT іске қосылды: Алғашқы рейстер жолға шықты
Бүгін Қазақстан халқы үшін тарихи күн. Ел болып күткен LRT ресми түрде іске қосылды. Қазақстандағы ең ауқымды әрі көп талқыланған инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналатын жаңа көлік жүйесі енді елорда тұрғындарына қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Бүгін, 14:35
Президент Astana LRT жұмысын іске қосты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:52
Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй құрылысы тоқтатылды
Астана қаласының «Нұра» ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешен құрылысында заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:42
Астанада қай көшелерде қозғалыс шектеледі
Орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Соған байланысты аталған көшелерде қозғалыс ішінара шектеледі, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Елорда • Кеше
Жүлде қоры – 1,6 млн доллар: Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды
Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Астанада телекоммуникация саласының үздіктері марапатталды
17 мамыр күні Қазақстанда телекоммуникация желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, заманауи қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған байланыс саласында еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі – Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі. Атаулы күн қарсаңында үздік қызметкерлер мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Елордада тыйым салынған жерге көлік қойғандарды енді камерасы бар арнайы көліктер тіркейді
Астанада жол қауіпсіздігін күшейту және заңсыз автотұрақтарды азайту мақсатында жаңа мобильді бақылау жүйесі іске қосылды. Енді «Заң мен тәртіп» логотипі бар арнайы кешендер көшелерді бақылап, ереже бұзған көліктерді автоматты түрде тіркейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Астанадағы LRT аялдамаларының атаулары белгілі болды
City Transportation Systems компаниясы Астанадағы LRT-ның бағыт сызбасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • Кеше
Кіші Талдыкөлдегі экопарк құрылысы биыл басталады
Астанадағы Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салу жобасы биыл басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
LRT-ның нақты қай күні іске қосылатыны белгілі болды
Астанада LRT 17 мамыр күні іске қосылатын болды. Нақты күнді қалалық әкімдік жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді
LRT-ның жолақысы 200 теңге болып бекітілді, бағаны көтеру әзірге жоспарда жоқ. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?
Астана қаласында жаңа әуежай салу мәселесі қайта қаралып жатыр. Жоба қажеттілігі елорда халқының көбеюі мен әуе тасымалына сұраныстың артуымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады
Елордада екінші әуежай салу жоспарланып отыр. Осылайша, қолданыстағы әуе айлағы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта нысанның орналасу орны бойынша жобалық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Мамыр, 2026
Берн одағы: Астана халықаралық қаржы форумының орталығына айналды
Астанада экспорт несиелері мен инвестицияларды сақтандырушылардың ең ірі халықаралық бірлестігі саналатын Берн одағының көктемгі отырысы өтіп жатыр. Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған ауқымды форум Қазақстанның халықаралық қаржы кеңістігіндегі рөлін тағы бір мәрте айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?
Астанадағы LRT жобасына жұмсалған түпкілікті қаржы көлемі белгілі болды. City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, жобаның құны 2016 жылдан бері өзгермеген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Астанада LRT жүйесі алдағы демалыс күндері, 16-17 мамырда іске қосылады. Бұл туралы City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев пресс-тур барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 10 Мамыр, 2026
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Бүгін Астана қаласының Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тілсіз жауды жедел ауыздықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
15 мамыр күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары өтеді. Осыған орай елорда аспанында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Мамыр, 2026
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Астанада 19 жастағы студент «Бәйтерек» монументінің жанында әдепсіз суретке түсіп, оны әлеуметтік желіге жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған бес тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Мамыр, 2026
Қазақстанның екі дзюдошысы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 09 Мамыр, 2026
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Астанада Алматы ауданында орналасқан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде бес адам лифт ішінде қамалып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Мамыр, 2026
Астанада бірнеше автобус аялдамасы уақытша жабылды
Астана қаласында «Медеу», «Қарталы», «Ақан сері» және «Сарыбұлақ» аялдамаларына уақытша кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 07 Мамыр, 2026
Unitree роботы мен әскери шоу: Астанадағы мереке ерекше форматта өтті
Астана қаласындағы Қазақ елі монументі алаңында Отан қорғаушылар күніне орай үлкен плац-концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 06 Мамыр, 2026
Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды
Елордада ревматологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы мамандандырылған орталық іске қосылды. Жаңа нысан науқастарға стационарлық көмекті қолжетімді етіп, ұзақ кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
«Байрағы биік байтағым»: Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Астана күніне орай «Байрағы биік байтағым» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Мамыр, 2026
Елордада LRT стансасынан өрт шықты
Астанада Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысындағы LRT стансасынан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Мамыр, 2026
Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Нұрлы жол» вокзалы маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер түнгі уақытта күшінде болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
6, 7, 8 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.