тоқ
Саясат • Бүгін, 18:25
Чжао Лэцзи І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге үлес қосқаны үшін Чжао Лэцзиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • Бүгін, 18:15
Кездесуде қазақ-қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту, парламентаралық диалог, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды, деп хабаралайды Egemen.kz
Саясат • 23 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, халқымыздың рухани дүниетанымын байыту жолында жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Ыбықты сай шатқалындағы оқиға бойынша қатаң қорытынды шығару керек: Президент вандализм туралы
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ғана Астанада Алтын Орда рөлін адамзат жылнамасының бірегей тарихи, мәдениет және өркениет жобасы ретінде ғылыми тұрғыдан объективті зерделеуге арналған халықаралық симпозиум өткенін еске салып, аталған шараның мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Қазақстанда «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ – өнердің киесін ұғатын, өнерпаздың қадірін білетін жұрт
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Мамыр, 2026
Президент «Орталық Азия – Қытай» елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерімен қауіпсіздік мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2026
LRT-ны тоқтатқан жолаушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Кеше ғана іске қосылған Астанадағы LRT желісі бүгін тоқтап қалды деген видео жазбалар әлеуметтік желіде желдей есті. Онда жолаушылар тоқтап тұрған вагонның есігін ашып жатқандығы көрінеді. Жүрдек пойыздың тоқтап қалуына LRT желісіндегі қауіпсіздік ережесін бұзған жолаушылар кінәлі екендігі анықталды. Осы оқиғаға қатысты LRT желісіне жауапты «STS City Transportation sistems» компаниясы бірден ресми түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Мамыр, 2026
Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйледі. Президент түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады
Елордада екінші әуежай салу жоспарланып отыр. Осылайша, қолданыстағы әуе айлағы кеңейтіледі. Қазіргі уақытта нысанның орналасу орны бойынша жобалық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейту туралы ортақ байламға келді
Президент Түркия елінің Бірінші ханымы Эмине Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында аса маңызды «Zero Waste» жобасын ұсынып, ауқымды жұмыс атқарып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Шымкентте Түркияның Гази университеті жұмысын бастайды: Тоқаев жаңа білім жобаларын таныстырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның елімізге мемлекеттік сапары аясында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен жылы Түркия Қазақстанның сыртқы сауда бойынша негізгі әріптес елдер тізімінде 5-орынды иеленген. Жалпы тауар айналымындағы үлес салмағы 2025 жылы – 3,8%, ал биылғы жылдың алғашқы екі айында – 5,2%-ды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 13 Мамыр, 2026
Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?
Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке автоматты қоңыраулар мен байланыс операторлары арасындағы бәсекеге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2026
Президент Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарының мазмұнына айрықша мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Мамыр, 2026
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп егемен еліміз Қарулы күштерге зор сенім артып отырғанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Тоқаев Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.