у
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытында 1 қазанда жоспарлы жөндеу басталады
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның мәліметінше, мұнай өңдеу зауытындағы жоспарланған алдын алу жұмысы 25 қазанға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 15 Қыркүйек, 2025
Алғаш рет Санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні атап өтілді
Биыл 15 қыркүйекте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары өздерінің кәсіби мерекелерін тұңғыш рет атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен БАӘ өкілдері мұнайды терең өңдеу мәселесін талқылады
Маңғыстау облысының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиге Жоғары мәртебелі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянның шақыруымен іссапармен барды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Елді мекендерде жол ережесін бақылауға арналған камералар көбейеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, елді мекендерде жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камералар санын арттыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Қыркүйек, 2025
Смағұлов жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін автокөліктердің бағасы төмендейтінін мәлімдеді
Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) мультибрендті зауыты Chery, Changan және Haval автокөліктерінің алғашқы партиясын шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Бектенов әкімдіктерге қауіпті жол учаскелерін дереу реттеуді жүктеді
Үкімет отырысында жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Жолдауында бұл тақырыпты халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін аса маңызды бағыт ретінде айқындағанын еске салды. Дегенмен қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде жол-көлік апаттарының саны мен адам шығыны азаймай отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Үкімет басшысы жол апаттарына қарсы нақты шаралар қабылдауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында жыл басынан бері азаматтардан жол қозғалысына қатысты 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
«Банктер туралы» жаңа заң 2026 жылға дейін қабылданады
Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды. Құжат 87 іс-шарадан тұрады. Оның негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Үкімет Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды бекітті
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
«Шәкәрім» қойылымы көрермен назарына ұсынылады
19 қыркүйек 19: 00-де Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында «Шәкәрім» қойылымының премьерасы өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Қыркүйек, 2025
Әйелдер ерлерге қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады
Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан 236 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұрады. Ең өкініштісі, жыл сайын 41 мыңнан астам науқасқа онкологиялық ауру диагнозы қойылып, аурудың осы түріне шалдыққан науқас саны 5-6%-ға көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Екібастұзда жер үйлерге жылу беріле бастады
Қала бойынша 6331 жер үй орналасқан. Олардың жартысынан астамы қазірдің өзінде орталық жылуға қосылып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Бүгін Токиодағы әлем чемпионаты аясында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды
Күзде Яндекс Плюс жазылымында елеулі контенттік жаңалықтар пайда болады. Кинопоиск сервисінде «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын және тағы басқаларын көруге болады.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Түркістанда спорт кешендері бар бірегей ескек есу арнасы ашылды
Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына орай «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті
Бүгін Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шара барысында алпауыт компанияның қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобалары қорытындыланып, игі іске атсалысқан белсенді тұрғындар марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты
Алатау қаласындағы Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 15 Қыркүйек, 2025
Шымкент әуежайына 41 млрд бөлінеді
Шымкент әуежайы үш жылға жоспарланған ауқымды қайта құру жұмыстарының орталығына айналды. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған деректерге сүйенсек, жобаның жалпы құны 40,6 млрд теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер жыл соңына дейін өспейді
Қазақстанда инфляцияны жыл соңына дейін 10–11 пайыз деңгейінде ұстап тұруға бағытталған шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2025
Агроөнім экспорты 1,5 еседен астам өсті
Алматы облысы шетел нарығында сұранысқа ие өнім көлемін арттырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты жылдан-жылға артып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 14 Қыркүйек, 2025
Халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін тарифтер жыл соңына дейін өзгермейді
Қазақстанда жыл соңына дейін халық пен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілеріне арналған коммуналдық тарифтер өспейді. Бұл туралы инфляцияны тежеу мәселелері жөніндегі отырыста белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Көлік тізгінінде қалғып кетпеңіз: полиция жүргізушілерді сақтыққа шақырды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда рейд өткізіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Шара барысында ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілер ерекше бақылауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 14 Қыркүйек, 2025
Жамбыл облысында төбелес кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты
Жамбыл облысында футбол матчынан кейін жоғарғы сынып оқушылары бір баланы соққыға жыққан. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Отбасы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау – ерекше бақылауда
Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген Президент тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды
2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстан АӨК саласындағы импортқа тәуелділікті азайту үшін 202 инвестициялық жобаны іске қосады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды кең ауқымда тарату және инфляцияны тежеу мәселелері бойынша жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.