Ғылым • 05 Қараша, 2025

Күн бетінде екі қуатты жарылыс болды: Жерде дауыл орнауы мүмкін бе?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қарашаның кеші мен 5 қарашаның түнінде Күн бетінде Х деңгейіндегі екі ірі жарқыл тіркелді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қашықтықтан зондтау және Күн–Жер физикасы институттарының мамандары хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Күн бетінде екі қуатты жарылыс болды: Жерде дауыл орнауы мүмкін бе?

Фото: xras.com

Ғалымдардың айтуынша, алғашқы жарқылдың қуаты жоғары болғанымен (X1.9 деңгейі), оның негізгі бөлігі Жерге тура бағытталмаған. Плазма ағыны шамамен 55 градус бұрышпен кетіп, планетамызға тікелей әсер етпейді. Сондықтан геомагниттік дауыл – яғни Жердің магнит өрісінің бұзылуы – 3 балдан жоғары көтерілмейді деп күтіледі.

Екінші жарқыл одан бес сағаттан кейін тіркелген. Ол Күннің арғы бетінде болғандықтан, Жерге мүлде әсер етпейді.

Мамандар мұндай жағдайдың сирек болатынын атап өтті. Әдетте Күнде X деңгейіндегі жарқылдар айына бір рет қана байқалады. Ал бұл жолы екі жарқылдың арасы бар-жоғы бес сағат болған. Сол себепті ғалымдар мұны биылғы ең ерекше әрі Күн белсенділігінің арта бастағанының белгісі деп бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025