Дау
Тағайындау • 25 Қыркүйек, 2023
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 23 Қыркүйек, 2023
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тағайындау • 22 Қыркүйек, 2023
Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі–Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 21 Қыркүйек, 2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 21 Қыркүйек, 2023
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев ведомствоға қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2023
Ақтау қаласының әкімі тағайындалды
Бүгін, 20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына өз еркімен қызметінен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына қала әкімі қызметіне жаңа кандидатты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Rio Tinto компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Кездесу барысында геологиялық барлау, тау-кен және металлургия өнеркәсібінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қыркүйек, 2023
Президент Mastercard компаниясының атқарушы вице-президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Mastercard компаниясының атқарушы вице-президенті Никола Вилланы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 16 Қыркүйек, 2023
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2023
Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 14 Қыркүйек, 2023
Президент баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
Журналист Ержан Байтілес Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Қыркүйек, 2023
Жас сарапшылар клубы жаңа экономикалық үлгіні талқылады
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қыркүйек, 2023
Президентке Қытайдың ірі технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді
Мемлекет басшысы LY iTECH компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен HGTECH Co. Ltd компаниясының төрағасы Ма Синьцянды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 13 Қыркүйек, 2023
Көлік полицейлері Жолдауда айтылған міндеттерді талқылады
Көліктегі полиция департаментінде Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында алдағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Оған Астана қаласы мәслихатының депутаттары, департаменттің басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ онлайн режимде қосылған желілік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Павлодар қаласының әкімі тағайындалды
Павлодар қаласының әкімі болып Хасар Хабылбеков тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Қазақстан журналистер одағының атқарушы директоры тағайындалды
Бүгін Қазақстан Журналистер Одағының басқарма мүшелері мен қалалық, облыстық филиал төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Онлайн форматта өткен басқосудың күн тәртібінде журналистердің құқықтарын қорғау, республикадағы өңірлік филиалдардың жұмысын жандандыру, мүшелік жарналарды жинау секілді маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки Ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Төтенше жағдайлар министрінің тағы бір орынбасары тағайындалды
Үкімет қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 12 Қыркүйек, 2023
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 12 Қыркүйек, 2023
Долли қойын клондаған ғалым Йен Уилмут қайтыс болды
Алғашқы сүтқоректі Долли қойын клондаған шотланд ғалымы Йен Уилмут 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News арнасына сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 11 Қыркүйек, 2023
Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру жолдары пысықталды
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жөнінде жоспар бекітіледі. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында арнайы қаралды. Жиында бірнеше басқарма басшысының есептері тыңдалып, жоспарлар бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы көмірсутегі экспортын арттыру бойынша нақты тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компания қызметінің нәтижесі жөнінде мәлімет берілді. Биылғы 8 айда мұнай және газ конденсатын өндіру, мұнай тасымалдау және қайта өңдеу көрсеткіштері бойынша өсім бар екені атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қыркүйек, 2023
Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Қыркүйек, 2023
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» компаниялар тобының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қызметінің негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2023
Павлодар облысындағы жас кәсіпкерлерге 136 микрокредит берілді
Павлодар облысында бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде биыл 463 грант және Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға 157 микрокредит беру көзделген. Бүгінгі таңда 263 грант пен 136 микрокредит берілді. Мемлекеттік қолдау алушылар өз істерін сәтті іске асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Қыркүйек, 2023
Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2023
Ләззат Рамазанова: Жолдаудың түйінді тұжырымы - еліміздің әл-ауқатын арттыру
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осы орайда ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова ел Президенті көтерген мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 06 Қыркүйек, 2023
Жаңа жылдан бастап 1,8 млн-ға жуық жұмыскердің жалақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады. Бұған сәйкес әртүрлі саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда қызмет ететін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік қызметкердің ақшалай табысы ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.