Тағайындау • 14 Мамыр, 2025

«Ақтөбе» ФК бас бапкері болып Вячеслав Левчук тағайындалды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Вячеслав Левчук «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметіне ресми кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ақтөбе» ФК бас бапкері болып Вячеслав Левчук тағайындалды

Бұған дейін беларусь маманы команданың бас бапкері міндетін уақытша атқарып келген.

«Бұрын уақытша команданы басқарған Вячеслав Дмитриевич ресми түрде бас бапкер лауазымына тағайындалды. Оның жетекшілігімен «Ақтөбе» футбол клубы соңғы үш матчта қатарынан жеңіске жетті», делінген клубтың ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз хатшысы Асет Жомарт та бұл тағайындауды растады.

Еске салайық, биыл сәуір айында команданың бұрынғы бапкері Игорь Леонов маусымның сәтсіз басталуына байланысты қызметінен кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Заңнамадағы оң өзгерістер

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Тиімділік пен ашықтық үйлесімі

Экономика • Бүгін, 08:33

Қарулы күштер қуаты

Айбын • Бүгін, 08:30

Шапшаң тілмаш

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55