м
Мектеп • 17 Қараша, 2025
Түркістан өңірінде 16 жұп егіз бен сыңар бір мектепте оқиды
Өңірде соңғы жылдары қос сәбилі, тіпті үшемді отбасылар саны артқаны байқалған. Бастауыш сыныптан бастап жоғары сыныпқа дейін 16 жұп егіз және сыңар бала оқитын Арыс қаласындағы №32 мектепті тұрғындар «егіздер мектебі» деп атап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қараша, 2025
Бүгін елімізде боран мен көктайғақ күтіледі
«Қазгидромет» мәліметінше, 17 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон ықпалы байқалады. Бұл көбіне ашық әрі жауын-шашынсыз ауа райы болатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қараша, 2025
Бас прокуратура iPhone иелеріне маңызды ескерту жасады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 16 Қараша, 2025
Алматы – Қонаев тас жолының бойы қоқыстан тазартылды
Жыл басынан бері облыс бойынша акцияға 800 мыңға жуық адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 4 мыңға жуық техника жұмыс істеген. 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Сондай-ақ 109,8 мың ағаш егіліп, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 1090 тарихи-мәдени ескерткіш және 1055 әлеуметтік нысан тазартылған, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Қараша, 2025
Қазақстанда ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр
Қазақстанда әр жылдың қараша айының үшінші жексенбісінде Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 16 Қараша, 2025
Бұл жаңа вирус емес: Денсаулық сақтау министрлігі жиі тұмауратудың себебін айтты
Елімізде жаңа тұмау штамы тарап жатқан жоқ, эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әсел Қыдырәлиева хабарлады.
Әлем • 16 Қараша, 2025
АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл» және Қарашығанақ жобасына қатысты бұрын әрекет еткен шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қараша, 2025
АҚШ B61-12 ядролық бомбасын қуатсыз нұсқада сынақтан өткізді
АҚШ Энергетика министрлігіне қарасты Sandia зертханасы 2025 жылғы 19-21 тамыз аралығында Невада штатындағы Тонопа сынақ полигонында ядролық B61-12 бомбасын сынақтан өткізгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қараша, 2025
Семейде дзюдодан өткен ел чемпионатына 500-ден аса спортшы қатысты
Семейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Чемпионаты өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 елінен 507 дзюдошы жиналды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қараша, 2025
Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр
Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz .
Мәдениет • 16 Қараша, 2025
«SEMEI» телеарнасының құрылғанына 60 жыл толды
Абай облыстық «SEMEI» телеарнасы ақпарат айдынына шыққанына 60 жылға толды. Осынау жылдарда халық пен биліктің ортасында алтын көпір бола отырып, елдің ұлттық рухын, таным көкжигенін байытуға барынша ықпал етіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Қараша, 2025
Silk Way Star мегажобасының финалистері анықталды
12 елдің өнерпаздары мен миллиондаған көрерменнің басын қосқан Азиядағы алғашқы ірі вокалдық мегажоба – Silk Way Star жобасының жартылай финалы аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледідеп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 15 Қараша, 2025
Google-дың аңыз ғалымы Питер Норвиг: Қазақстан мұнайдан ЖИ өтетін ең батыл трансформация жасап жатыр
Жасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қараша, 2025
Токиода жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды
Бүгін Жапонияның астанасы – Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Қараша, 2025
ЭЫДҰ алаңында Қазақстан мен Франция мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Бүгін Парижде (Франция) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбай мен Француз Ұлттық мемлекеттік қызмет институты (INSP) директоры Маривон Ле Бринонен мемлекеттік қызмет, басқарушылық кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ниет декларациясына қол қойды.
Қаржы • 15 Қараша, 2025
Қаржы жүйесі қызметкерлерін құттықтады
Қоғамдық ортада назарға жиі түсе бермесе де, бюджет жүйесінің тұрақтылығын, әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын және өңірлердің алға қарай дамуын қамтамасыз етуде қаржыгерлер еңбегі орасан зор, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қараша, 2025
Шымкентте теңге ілуден жарыс өтті
12-13 қараша аралығында Шымкент қаласында Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен теңге ілуден Федерация Кубогы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Қараша, 2025
Алматы облысы білімге инвестицияны ұлғайтып, түлектерге жаңа мүмкіндіктер ұсынуда
Алматы облысында жастардың жоғары білімге қолжетімділігі артып келеді. Биыл мектеп бітірген 17 940 түлектің жартысына жуығы – 7 681 жас мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орындарына қабылданған. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары өңірдің білімге басымдық беріп отырғанын айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 15 Қараша, 2025
Президент Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда,
Президент • 14 Қараша, 2025
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Қойылым Орталық Азия аймағының мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.
Тұлға • 14 Қараша, 2025
Көрнекті ақын Күләш Ахметова дүниеден озды
Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ахметова 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 14 Қараша, 2025
Ақтөбе облысында өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция тарту мүмкіндігі артып келеді
Ақтөбе облысы – Қазақстанның батысындағы жетекші индустриялық орталықтардың бірі. Өңір экономикасын әртараптандырудың негізгі буыны саналатын өңдеуші өнеркәсіп соңғы жылдары қарқын алып, инвесторлар үшін тартымды аймаққа айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 14 Қараша, 2025
Тұрмысы төмен азаматтар тегін грант алды
Шымкенттің әлеуметтік осал тобына жататын 99 азаматы 400 АЕК-ке дейінгі, яғни 1 572 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Енді Шымкентте ұсыныстар мен шағымдар QR код арқылы қабылданады
Шымкент қаласында тұрғындардың пікірі мен өтініш-тілегіне құлақ түретін жаңа жоба қолға алынды. «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» деп аталатын осы жоба аясында адамдар QR кодтқа өз өтінішін немесе шағымын қалдыра алады. Ұсыныстарын да білдіруге болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қараша, 2025
Қазақстанның серпінді жобалары: 14 бастама қаржыландырылады
Қазақстанның Даму банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстанның 17 серпінді жобасының 14-ін қаржыландыруға қатысуды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Қараша, 2025
Сенбі-жексенбі күндері (15-16 қарашада) Алаш тасжолы бойында орналасқа "Керуен жолы" базарындағы ет жәрмеңкесіне Абай, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Риддерде жыл бойы жұмыс істейтін демалыс кешені ашылады
Алдағы жылдары Риддер қаласында «Анатау» шаңғы кластерін құру жобасы жүзеге асырылады. Бұл жоба – Шығыс Қазақстандағы қысқы және экстремалды туризмнің жаңа түрі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қараша, 2025
Өнерпаз Бозжыра шатқалында «Interstellar» фильмінің композициясын орындады
Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы белгілі пианист-композитор Темірлан Бейсенбаймен (сахналық есімі — Ратович) және танымал тревел-блогер Әділет Рахметолламен бірлесіп, Қазақстанның ең көрікті әрі танымал табиғи мұраларының бірі – Бозжыра шатқалында түсірілген жаңа бейнероликті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.