Спорт • 15 Қараша, 2025

Токиода жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Жапонияның астанасы – Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Токиода жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие — Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Салтанатты шеруде еліміздің көк байрағын сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова көтеріп шықты.

«Еліміздің Туын халықаралық аренада көтеріп шығу – әрбір спортшы үшін ең үлкен абырой. Бұл – маған артылған зор сенім әрі үлкен жауапкершілік. Осы сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын», – деді Айдос Түгелбаев.

Сондай-ақ, Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сапиев спортшыларға қолдау көрсетіп, өз пікірін білдірді.

«Бұл ойындар - спортшыларымыздың ең жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдейтін мүмкіндік. Қазақстандық команда үлкен дайындықтан өтті, әрбір спортшы жарыс жолына бір мақсатпен - ел абыройын асқақтату үшін шығады», - деді ол.

Ашылу салтанаты Токио Метрополитен гимназиясы спорт кешенінде өтті. Шараны Есту қабілеті зақымданған спортшылар спортының халықаралық комитеті (ICSD) президенті Адам Коса ашып, барлық қатысушы елдерге сәттілік тіледі.

Бағдарламаның көркемдік бөлігі Жапонияның ұлттық мәдениетін көрсетіп, еститін және есту қабілеті зақымданған жандар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Сахналық қойылымдар Сурдлимпиаданың 100 жылдық тарихын, оның рухын және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті дәріптеуді мақсат етті.

Биылғы ойындарда 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплинада бақ сынайды.Қазақстан ұлттық құрамасы 78 спортшыдан құралған және 8 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.

Ұлттық құрама үшін алғашқы жарыстар 16 қарашада сурдо дзюдо мен сурдо бадминтоннан басталады. Кейін жарыс кестесіне сәйкес жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, грек-рим күресі, таеквондо және еркін күрес додалары жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50