облысы
Төтенше жағдай • 24 Қараша, 2025
Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады
Оқиға Бейнеу ауылында болған. Облыстық білім бастармасының мәліметінше, жыртқыш аң балаларды мектептің ауласында жарақаттаған, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Қараша, 2025
Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Ұлытау облысында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» атты облыстық форум өтіп жатыр. Бұл мереке - еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосқан еңбеккерлердің күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Қараша, 2025
Қостанай қаласында 37 мектеп қашықтан оқуға көшті
Қостанай қаласында оқушылар 25 қарашадан бастап осы аптаның аяғына дейін қашықтан оқиды. Білім ордаларында ЖРВИ мен тұмаудың өршіп кетуіне байланысты осындай шешім қабылданып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қараша, 2025
Алматы облысында мәдениеті дәріптеген бес күндік форум өтті
Қараша айының 17-сі мен 21-і күндері аралығында Ұйғыр ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған бес күндік ауқымды форумдар сериясы өтті. Іс-шаралар мәдениет, білім, спорт, кәсіпкерлік және қоғамдық даму салаларын қамтыды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 24 Қараша, 2025
Жетісудағы эпидмаусым: жағдай тұрақты, алдын алу шаралары күшейтілді
Жетісу облысында биылғы эпидемиологиялық маусым тұрақты бақылауда өтіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, маусым басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 45 674 жағдайы тіркелген. Оның 30 912-сі — 14 жасқа дейінгі балалар, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2025
«Таланттар фабрикасы» саналатын Жамбыл облысында футбол академиясының құрылысы басталды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа футбол академиясының іргетасына капсула салу рәсіміне қатысып, бұл жобаның өңір спорты үшін маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
8 жастағы қызды ұрып-соққан: Жамбыл облысында буллинг пен бопсалау азаймай тұр
Жамбыл облысында балалардың құқықтарының бұзылуына, зорлық-зомбылыққа, буллингке, суицидке және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарға жол бермеу бойынша жан-жақты зерттеу жүргізілді, деп жазады Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты
Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қараша, 2025
Павлодар облысында «Богатырь Көмір» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Павлодар облысындағы «Богатырь Көмір» кенішінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Қарағандыда 30 жыл бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші анықталды
Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға арналған «Үлгілі жүргізуші» акциясы жалғасуда. Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға алғыс білдіруде, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2025
Атырау облысының ауылында тышқандар көбейіп, мектептер мен балабақшалар жабылды
19 қарашадан бастап Атырау облысының Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылында екі мектеп пен екі балабақша уақытша жұмысын тоқтаттыдеп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Қараша, 2025
Панфиловке баратын жол жаңарды
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халымен кездесуінде мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Қараша, 2025
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Президенттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында Балқаш пен Алакөл жағалауын күтіп ұстаумен айналысатын жаңа коммуналдық кәсіпорындар құрылады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Павлодарда ер адам 45 жыл бойы ешбір құжатсыз тұрып келген
48 жасар Андрей Дягель Ертіс-Баян өңірін 1980 жылдан бері мекендейді. Осы уақыт бойы ешбір құжатсыз өмір сүріп келіпті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Ақтауда екі жылға созылған ваучер тапшылығына байланысты мыңдаған бала спорт пен шығармашылық үйірмелерге қатыса алмай отыр. Бұл жағдай көпбалалы отбасылардың тұрмысын қиындатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Абай облысында Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтті. Биыл алғаш рет аграрлық саладағы үздік мамандарға 10 автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Қостанайда бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрттен бес адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Өрт аз уақыт ішінде толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Таразда хабарландыру арқылы қолайлы «жұмыс» тауып, бір-ақ күн істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Қараша, 2025
Агро еңбеккерлеріне алғыс айтылды
Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты іс-шарасы аясында өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қостанайда «Айдын жырдың аққуы» атты ақындар айтысы өтті
Қостанайда халық ақыны Әсия Беркенованың мерейлі 75 жасқа толуына орай, «Айдын жырдың аққуы» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 21 Қараша, 2025
Атырау облысында 20 күнде 32 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды
Атырау облысында қараша басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші өсіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Абай облысында дрондар өрісте бағусыз жайылған малға байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр.
Аймақтар • 21 Қараша, 2025
Абай облысында 992 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді
Бұған маусымдық аурулардың өршуі себеп болып отыр. Облыстық Білім басқармасының дерегінше, қазір 992 сыныптың 18 234 оқушысы қашықтан оқуға көшірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Павлодар облысында 150 сыныптың оқушылары қашықтан оқуға көшірілді
Бұған балалар арасында суық тию және тұмау ауруларының көбейіп кетуі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта облыста 14 жасқа дейінгі 32,8 мың бала ЖРВИ-ға шалдыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Панфилов ауданы қарқынды дамып жатыр
Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданында әлеуметтік сала нысандарын нығайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 18 жаңа нысан салынып, 3 объекті жөнделді. Ауылдық жерге барған 17 дәрігерге жалпы 135 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп, бұл медициналық кадр тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қараша, 2025
Екібастұз қалалық сотында өтіп жатқан «Майқайыңалтын» кенішіндегі қайғылы жағдай бойынша сот процесі жарыссөзге ұласты. Прокурор кінәлі тұлғалардың әрқайсысына 4 жылдан жаза тағайындауды сұрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 20 Қараша, 2025
Жетісу жеріндегі Кербұлаққа рекордтық инвестиция құйылды
Жетісу облысы құрылғаннан бері Кербұлақ ауданына 128 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 82,8 млрд теңгесі – жеке қаражат. Биылғы он айда ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі байқалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Қараша, 2025
Щучинск қаласында жаңа көпфункционалды Спорт сарайы ашылды
Ақмола облысында халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде. Белсенді өмір салтын ұстанатындар үшін Щучинск қаласында көпфункционалды Спорт сарайы ашылды. Осы айтулы оқиғамен Бурабай ауданының тұрғындарын облыс әкімі Марат Ахметжанов пен қазақстандық спорт жұлдыздары құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.