Төтенше жағдай • 24 Қараша, 2025

Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Бейнеу ауылында болған. Облыстық білім бастармасының мәліметінше, жыртқыш аң балаларды мектептің ауласында жарақаттаған, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда түлкі оқушыларға шабуыл жасап, жарақаттады

– 21 қараша күні Бейнеу ауылы Қосай Ата көшесінде орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп ауласында жүрген түлкі мектепке келе жатқан 2 оқушыға тап беріп, аяғын (балтырын) тырнап алған. Сол бойда мектеп мұғалімдері мен мектеп медбикесі алғашқы көмекті көрсетіп, аудандық көпбейінді ауруханының қабылдау бөліміне жеткізді, – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша балалардың жағдайы бір қалыпты. 

– Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының жарақат бекетіне 2 оқушы ата-анасымен келіп қаралды. Оларға түлкі шабуыл жасаған. 2011 жылғы балада оң жақ балтыр аймағында сырылған жарақаты, ал 2018 жылғы балада сол жақ балтырының тырналған жарақаты анықталды. Екеуінің де жарақатына хирургиялық өңдеу жасалып, екпе салынды. Ары қарай амбулаториялық бақылауға жолданды. Қазіргі уақытта жағдайлары бірқалыпты, – делінген хабарламада.

Ал, мамандар түлкіні өлтіріп, Ақтауға ветеринариялық зертханаға жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35