Ұл
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2025
«Қазселденқорғау» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қыркүйек, 2025
16 жасқа толмаған балаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа дейінгі балаларға құрамында литріне 150 миллиграмнан артық кофеині бар энергетикалық сусындарды сатуға шектеу қоюды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz Report.az-ға сілтеме жасап.
Білім • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлттық ұланның сарбазы грант иеленді
Әділхан Серік Ұлттық ұлан қатарында мерзімді әскери қызметін өтей жүріп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім беру грантына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 02 Қыркүйек, 2025
Экономикада 8 трлн артық ақша жиналды - Тимур Сүлейменов
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның банк жүйесінде шамамен 8 трлн теңге артық өтімді ақша жиналып қалғанын, артық ақшаның 3,5 трлн теңгеге дейінгі бөлігін, яғни 40%-дан астамын, ең төменгі резервтік талаптарды (ЕРТ) қатаңдату тетігі арқылы алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім күнін Ұлытау облысының оқушылары да салтанатты түрде атап өтті. Жаңа оқу жылында Ұлытау облысында 4150 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 31 Тамыз, 2025
Ұлттық банк интервенцияның барлық кезде тиімді болмайтынын ашып айтты
Тамыз айының басында Ұлттық банк 125 миллион долларға валюталық интервенция жасады, бұл бағамды төмендетуге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 29 Тамыз, 2025
Ұлттық банк банктерден қарызды қайтарудың тетігін тапты
2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін бірқатар ірі банкке мемлекет тарапынан, соның ішінде Ұлттық қор есебінен 15 жыл мерзімге қаржылай қолдау көрсетілгенін білесіздер. Бұл көмек банк акционерлері де ортақ жауапкершілікке ие болады деген талаппен берілді. Кейбір банктер өз шығындарын әлдеқашан өтеген, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Тамыз, 2025
Ұлттық қордың инвестициялық табысы 4,6 млрд доллар болды
2025 жылдың қаңтар-шілде айындағы дерекке сүйенсек, Ұлттық қордың инвестициялық табысы 4,6 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, кейбір сарапшылар айтып жүргендей, қор минусқа кеткен жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Тамыз, 2025
Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Мәдениет • 27 Тамыз, 2025
Қазанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
2025 жылдың 26 тамызында Қазан қаласындағы Мұса Жәлил атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» атты операсы алғаш рет көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 27 Тамыз, 2025
Сарапшылар базалық мөлшерлеменің өзгеріссіз қалу себебін түсіндірді
29 тамызда, Ұлттық банк қазіргі уақытта 16,5% құрайтын базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді жариялайды. Биыл инфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, реттеуші монетарлық саясатты қатаңдатқан: наурызда мөлшерлеме 15,25% -дан 16,5% -ға дейін өсті, содан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Тамыз, 2025
Қарағандыда 10 жастағы қыз екінші қабаттан құлап кетті
Оқиға 24 тамыз күні кешке Донецкая көшесіндегі үш қабатты үйде болған. Қыз бала сол сәтте құрбысының үйінде қонақта жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 26 Тамыз, 2025
Еліміз мұнай алпауыттарынан $4,4 млрд айыппұл талап етті
Ел Үкіметі Қашаған кен орнын игеріп отырған халықаралық мұнай компанияларынан экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2,3 трлн теңге (шамамен $4,4 млрд) айыппұл төлеуді талап етті. Бұл шешім тамыз айының басында апелляциялық сот шетелдік инвесторлар пайдасына үкім шығарғанына қарамастан күшінде қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Тамыз, 2025
Елімізде қаржылық заңнама саласына реформа жасалады
Бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат сотталды
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын заңсыз сақтап, сатқан бес азамат ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды прокуратура.
Экология • 25 Тамыз, 2025
Астанада 207 қоқыс үйіндісі жойылды
Астана қаласы әкімдігі қала және аудандарда тазалыққа қатысты мониторинг жүргізіліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 25 Тамыз, 2025
Елімізде күріштің жаңа сорты шығарылды
«Сыр сұлуы» деп аталатын күріш сортын Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа сорттың ерекшелігі 105-110 күн ішінде пісіп-жетіліп, суды аз қажет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Министр Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласымен танысты
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр алдымен Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралап, мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2025
Халық қалаулылары ақсақалдармен кездесті
Жезқазған қаласында Қазақстан республикасының Мәжіліс депутаттары Ерболат Сатыбалдин мен Аманжол Әлтай Ұлытау облысының ақсақалдар кеңесі және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді. Халық қалаулылары Мәжілістің атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Биыл Конституцияға 30 жыл. Осыған орай 31 тамыз күні елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі, республикалық патриоттық әндер байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» атты шығармашылық кешін ұйымдастырады.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президент «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Тамыз, 2025
Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Ағымсалы Дүзелханұлы өмірден өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов мезгілсіз дүниеден өтті. Қайғылы қазаны мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2025
Атырауда «Потенциал Ойл» компаниясы 7,2 млн теңге айыппұл төледі
Атырау облыстық экология департаментінің мамандары аталған компания таратынан ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асыру дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Тамыз, 2025
Жәнібек Әлімханұлының басы дауға қалды
Boxingscene.com және RingTV секілді БАҚ-та қызмет ететін америкалық журналист Франсиско А. Саласар қазіргі кезде көптеген боксшылар рингте кездесудің орнына бір-бірімен әлеуметтік желілерде айтысып жүргеніне теріс көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Тамыз, 2025
Ірі бизнес тарапынан несиеге сұраныс төмендеді - Ұлттық банк
2025 жылдың II тоқсанында бизнестің жалпы несиеге сұранысы тұрақты қалды. Алайда, ШОБ тарапынан белсенділік артса, ірі кәсіпорындар керісінше несие алуға құлықсыздық танытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Тамыз, 2025
Банктер жарты жылда 1,6 трлн теңге пайда тапты
Елдегі екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың қаңтар-шілде аралығында 1,6 трлн теңге таза пайдаға шықты. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,1%-ға немесе 252,5 млрд теңгеге көп, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 20 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында жаппай сенбілік өтті
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Ақорда жаңалықтары Aitu платформасы арқылы да таралады
Бұл туралы бүгін Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Тамыз, 2025
AITU ұлттық мессенджеріне көшу мерзімі бекітілді
Үкіметте өткен жиында күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.